Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет84/244
Дата28.11.2022
өлшемі3,61 Mb.
#53181
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   244
«Әрине, ешбір кінәсі жоғы маған аян, көзін соған жеткізген 
кезде босатуы сөзсіз. Бірақ біздің үйдегі естияр жалғыз ер-
кек кіндіктің ауылда болмауы, қыстан жұтап шыққан ту-
ғандарымды сол гәп жүдетіп отырғаны жаныма батады. Әсір е-
се қартайған әке-шешемнің, шиеттей бес баланың...» – 1928 
жылғы 11 сәуірде Таисияға жолдаған хатынан. 
«...Ауылдан да, Семейден де хат-хабар жоқ. Мәлімсіздіктен 
ауыр не нәрсе бар екен, жанымды әбден күйзелтіп бітті. Қандай 
да бір хабар беруді талап еткен жеделхаттарыма ешқандай 
жауап жоқ. Тағы бірдеме болып қалды ма деп жабырқап жүр-
мін... Менің Ташкентке баруым шешілген мәселе. Бұл жақтан 
12-15 аралығында шығ амын. Қызылордаға тоқтауға құл қым 
жоқ. Вокзал басында кезіксек қай теді?.. Ғалымтай циркке кет-
ті. Ал мен үйде та ғы да жападан-жалғыз жабырқап отырмын. 
Шөлдеп те отырмын, шай ішер едім, әттең, примусты жаға ал-
маймын» (15 сәуірдегі хатынан).
Қаншама асыққанымен, Мәскеуден шыға алмады. Ташкентте 
өтпек геологтар құрылтайы күзге қалды. Шынтуайтын айтқанда, 
Атбасар тресінің бас геологын жайма-шуақ көктемде кеңсеге 
«қамап» отырған себеп мүлдем басқа болатын...
Қ.И. Сәтбаев – Т.А. Кошкинаға, Мәскеу, 7 мамыр, 1928 ж.
«...Сірә, маусымның онына дейін Мәскеуден шыға алмас-
пын. Сөйтуге қызмет жағдайы ғана емес, жеке басымның ша-


201
ШЫҒАРМАЛАРЫ
руасы да мүм 
кіндік бермей отыр. Ауылдың халі бұрынғыдан 
да сорақы. Соңғы хатымда жазғандарға әкем 
нің кенеттен 
қайтыс болғаны қосылыпты, оның үстіне тағы бір немере туы-
сым тұт 
қындалған. Әкемді жан-тә 
німмен сүюші едім, қадір-
құрметі де мен үшін өзгеше жан... Ол кісінің мынадай жағдайда 
дүниеден қайтуы мен үшін ауыр соққы. Үйде қалған шиеттей бес 
баланың, ағамның әйелінің, әсіресе қарт шешемнің халі не күйде 
екенін біл меймін, міне, екі ай болды, хат жоқ (сірә, пош тадан 
өткізбеген). Туған ағам қазір Павлодарда дейді. Оның тағдыры 
да әзірше мәлімсіз. Байғұстың жағдайын жеңілдету мақсатымен 
әр түрлі шаралар істеп жатырмын. Ағайға тағылған кінә – 
қисынсыз нәрсе, байланған істің тезірек қаралатынына шү-
бәм жоқ. Тегінде, бұл біздің даланың ескі «дертінен» туған, 
басараздықтан пайда болған әншейін жала. Әділ де қатаң кеңес 
соты әлі-ақ бұл жұмысты ұйымдастырған адамдардың әрекетін 
әшкерелеп, төре лік айтады. Бірақ соған дейін ағамның үй-іші 
қаншама қасірет шекпекші, әсіресе қоректік малдан жұрдай бо-
лып, әкеміздің қазасын аза тұтып жылап отырған күн дерде...»
Жаздың едәуір мерзімі өтті. Қаныш Иман тайұлы әлі де Мәс-
кеуден шыға алмай отыр. Демалысқа шыққан Таисия Зырянов 
кәсіп шілігінде тұратын шешесіне барардан бұрын астанаға соғып, 
бірер апта қасында болып кетті. Бұл да жабырқау көңіліне сүйеу 
болды. Сөйтсе де... Басына үйірілген бұлт тарқар емес. Ғалымтай 
демалысқа шық қан ел қазақтарына ілесіп ауылға қайт қан. Бара 
сала станицадан жеделхат жолдапты: ағаларының жұмысынан 
ешқандай үміт жоқ; Әбікей Зейінұлының былтырғы жұмысы 
қайтадан қозғалып жатса керек; жұттан аман қалған азын-аулақ 
мал тәркіге түскен; үй-ішінің жағдайы ит өлмес, ат арымас дерлік 
жағдайда. Өзі тұратын коммуналдық үйдің салт басты тұр ғындары 
жаз шыға жан-жақ қа тарап кетті. Бірі демалыс алып, бірі Қа зақ-
станға ұзақ іссапармен дегендей. 
«Ал мен жал ғызбын. Әсіресе кеш әлетінде қу жанымды қайда 
қоярымды білмеймін, – деп шағынады ол 3 маусымда Кенді 
Алтайға жолдаған хатында. – Тап қазір қайтадан көрсем, се ні 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет