К ә с І би білім беру г. Н. Федорова бағдарламалық модульдерді біріктіруге қатысу



Pdf көрінісі
бет118/195
Дата28.11.2022
өлшемі4,31 Mb.
#53308
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   195
Байланысты:
foreign 745

182 
ТЕСТІЛЕУДІ ДЕҢГЕЙЛЕР БОЙЫНША 
ЖІКТЕУ 
Бағдарламалық өнімді толық тексеруге мүмкіндік беретін және 
қателерді барынша көп табуға мүмкіндік беретін тестілеудің бірнеше 
деңгейі бар: модульді, интеграциялық, жүйелік, шығу, қабылдау. Әрбір 
деңгейдің өз мақсаттары мен компоненттері бар.
Модульдік тестілеу - бұл бағдарламаның жеке алынған модульдері, 
функциялары немесе кластары деңгейінде бағдарламаны тестілеу.
Модульді тестілеудің мақсаты алгоритмдерді іске асыруда қателерді 
табудан, сондай-ақ әзірлеу мен тестілеудің келесі деңгейіне өтуге 
жүйенің дайындық дәрежесін анықтауда болады.
Модульді тестілеу «ақ жәшік» принципі бойынша жүргізіледі, яғни 
бағдарламаның ішкі құрылымын білуге негізделеді, және кодты 
жабудың талдау әдістерін жиі қамтиды. Модульді тестілеуді 
бағдарламалық қамсыздандырудың әзірлеушісі тікелей жүргізеді және 
әрбір модельдегі деректердің ішкі құрылымы мен ағындарын тексеруге 
мүмкіндік береді. Бұл тестілеу түрі әзірлеу сатысының бөлігі болып 
табылады.
Модульді тестілеу әдетте тестіленетін модульдің барлық 
интерфейстері үшін бітеуіштерді қамтитын әрбір модулінің шеңберінде 
белгілі бір ортаны құруды білдіреді. Олардың ішінен кейбіреулері кіріс 
мәндерін беру үшін, ал басқалары нәтижелерді талдау үшін қолданылуы 
мүмкін және т.б.
Модульді тестілеу деңгейінде алгоритмдік қателермен байланысқан 
қателерді және алгоритмдерді кодтау қателерімен байланысты 
ақауларды, циклдердің шарттары мен санауыштарына байланысты 
жұмыс түрлерімен байланысты ақауларды анықтайды, сондай-ақ 
жергілікті айнымалыларды және ресурстарды қолданумен. Деректердің 
дұрыс берілмеуіне, интерфейстерді дұрыс іске асырмауына, 
үйлесімділіген, өнімділігіне байланысты қателер және т.с.с, әдетте, 
модульді тестілеу деңгейінде өткізіледі және тестілеудің ең кеш 
сатыларында анықталады.
Модульді тестілеу кезінде әзірлеушілер әрбір модульдің 75% артық 
тестілеуді қамтитындай тестілер жиынтығы орындалады.
Модульді тестілеу қамтиды:
■ 
бағдарламалық кодта синтаксистік қателерді анықтау үшін 
(синтаксистік тексеру) кейбір аспаптық құралдарды қолдана отырып, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   195




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет