183
бағдарламалық кодты тексеру;
■
кодтың кодтау стандарттарына сәйкестігін тексеру (мысалы,
бағдарламалық кодтың әзірлеуші-ұйым талаптарына сәйкестігін
ресімдеу);
■
бағдарламалық кодқа техникалық шолу.
Модульді тестілеуді орындау кезінде не құрылымдық, не
функционалдық тестілеудің технологияларын пайдалануға болады.
Құрылымдық тестілеу «ақ жәшікті» тестілеу түрлерінің бірі болып
табылады. Оның басты идеясы тестіленетін
бағдарламалық жолды
дұрыс таңдау болып табылады.
Оған қарама-қарсы
функционалдық тестілеу «қара жәшік» тестілеу
санаттарына жатады. Бағдарламаның әрбір функциясы оның кіріс
деректерін енгізу және шығыс деректерін талдау арқылы тестіленеді.
Бұл ретте бағдарламаның ішкі құрылымы өте сирек ескеріледі.
Модульді тестілеу сәтті аяқталғаннан кейін барлық өзгертілген
модульдер мен тестілер жиынтығы
жобаның деректер қорында
сақталады.
Интеграциялық
тестілеу
жеке
модульдердің
бірлеске
жұмыстарын тексеру үшін жүргізіледі және біртұтас ретінде бүкіл
жүйені тестілеудің алдында болады. Интеграциялық тестілеу - бұл екі
және одан артық модульдерден тұратын жүйенің бөлігін тестілеу.
Интеграциялық тестілеудің негізгі міндеті - модульдер арасындағы
интерфейстік өзара байланысты іске асыруда және интерпретациядағы
қателерді іздеу.
Интеграциялық тестілеу элементтері болып табылады:
■
функционалдылықты тексеру, яғни
талаптардың сипаттамасында
берілген
модульдер,
функциялармен
орындалатын
жеке
функциялардың сәйкестілігін тексеру;
■
аралық нәтижелердің бар екендігін және дұрыстығын тексеру;
■
модульдер арасындағы ақпараттың дұрыс берілуін тексеру
(интеграцияны тексеру).
Технологиялық жағынан алғанда, интеграциялық тестілеу модульді
тестілеудің сандық
дамуы болып табылады, себебі модульді тестілеу де
модульдер мен қосалқы жүйелердің арасындағы интерфейстерді,
тестілік аяның құрылуын талап етеді,
жоқ модульдердің орнында
тұйықтағышты қоса алғанда. Модульді және интеграциялық тестілеу
арасындағы негізгі айырмашылық мақсаттарында болады, яғни
анықталатын ақаулардың типтерінде. Бұл
кіріс деректері мен талдау
әдістерін таңдау стратегиясын анықтайды. Интеграциялық тестілеу
интерациялық түрде жүргізіледі, модульдер мен қосалқы жүйелер
біртіндеп қосылады. Оны тәуелсіз тестілеуші жүзеге асырады.
184
Интерациялық тестілеу барысында анықталған қателер жобаның
деректер қорына енгізіледі. Интеграциялық тестілеу нәтижелері тестілеу
циклы аяқталғанда тестілеу барысы туралы есепке қосылады.
Достарыңызбен бөлісу: