К ә с І би білім беру г. Н. Федорова бағдарламалық модульдерді біріктіруге қатысу


Бастапқы мәтіндердің препроцессорлары



Pdf көрінісі
бет132/195
Дата28.11.2022
өлшемі4,31 Mb.
#53308
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   195
Байланысты:
foreign 745

Бастапқы мәтіндердің препроцессорлары - бұл, кірісіне деректерді 
қабылдап алатын және деректерді беретін, компилятор сияқты басқа 
бағдарламаның кірісіне арналған компьютерлік бағдарлама. 
Ретке келтіруші (debugger) әзірлеу ортасыны модулі немесе 
бағдарламадағы қателерді іздеуге арналған жеке қосымша болып 
табылады.
Мәтіндік редакторлар - мәтіндік файлдарды құруға және түзетуге, 
сондай-ақ оларды экранда қарап шығуға, басып шығаруға, үзінділер 
ідеуге және т.с.с. арналған компьютерлік бағдарламалар. 
Бастапқы мәтіндердің арнаулы редакторлары - бағдарламаның 
бастапқы кодын құруға және редакциялауға арналған мәтіндік 
редакторлар. Бастапқы мәтіндердің арнаулы редакторы жеке қосымша 
болуы мүмкін немесе талдаманың кіріктірілген ортасына (IDE) 
кіріктіріле алады.
Ішкі 
бағдарлама 
кітапханалары 

бағдарламалық 
қамсыздандыруды әзірлеуге пайдаланылатын ішкі бағдарламалар мен 
нысандардың жинақтары. 
Бұдан басқа, аспаптық бағдарламалық қамсыздандыруға SDK, 
ассемблер, құжаттама генераторы жатады.
SDK (Software Development Kit) - бағдарламалық қамсыздандыру 
бойынша мамандарға белгілі бір бағдарламалар пакетіне, негізгі өңдеу 
құралдарының 
бағдарламалық 
қамсыздандыруына, 
аппараттық 
платформа, 
компьютерлік 
жүйеге, 
бейнеойын 
консолдеріне, 
операциялық жүйелерге және өзге платформаларға арналған 
қосымшалар жасауға мүмкіндік береді. SDK жеткізушілері кейде 
Software Development Kit сөз тіркесіндегі Software терминін дәлірек 
сөзге алмастырады. Мысалы, Microsoft құрылғылардың драйверлерін 
әзірлеу үшін Driver Development Kits (DDK) ұсынады. 
Ассемблер - компьютерлік бағдарлама, машиналық кодтағы 
бағдарламаға ассемблер тілінде жазылған бағдарламаның бастапқы 
мәтіннің компиляторы. Тілдің өзі секілді, ассемблерлер, әдетте нақты 
сәулетке, операциялық жүйеге және тіл ситаксисінің нұсқасына тән 
болып табылады. Сонымен бірге, мультиплатформалық немесе әмбебап 
(нақтырақ айтқанда, шектеулі-әмбебап, себебі төменгі деңгейлі тілде 
аппаратты-тәуелсіз бағдарламаларды жазуға болмайды) ассемблерлер, 
олар түрлі платформаларда және операциялық жүйелерде жұмыс жасай 
алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   195




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет