228
бағдарламалық құралды жатқызуға болады:
■
құрастырушымен қолайлы интерфейсті қамтамасыз ететін және оның
шығармашылық мүмкіншіліктерін қолданатын жүйені
сипаттау
және құжаттауға арналған қуатты графикалық құралдарының болуы;
■
бағдарламалық қамсыздандыруды құрастыру процесін басқаруды
қамтамасыз ететін, CASE-құралдардың жекелеген компоненттерін
интеграциялау;
■
жобалық метамәліметтердің - репозиторийдің,
ұйымдастырған
қоймасын арнайы қолдану.
Жоғарыда аталып өткен қағидалардан басқа, CASE-құралдарды
тұжырымдамалық құрастырудың негізінде келесі ережелер жатыр:
■
бағдарламалық қамсыздандырудың өмірлік циклын жеңіл, ыңғайлы
және үнемді формаға алып келуге мүмкіндік беретін адами факторды
ескеру;
■
басқа қосымшаларды қолданылатын негізгі бағдарламалық
құралдарды пайдалану (ДББҚ, әртүрлі
бағдарламалау тілінің
компиляторлары, ретке келтірушілер және басқалар);
■
автоматтандырылған немесе автоматты кодты генерация;
■
әзірленетін бағдарламалық қамсыздандыру компоненттерінің немесе
жүйесінің күрделілігін түсінуге, пайдалануға және түрлендіруге
қолжетімді, қолдауға мүмкіндік беретін күрделілікті шектеу;
■
пайдаланушылардың әрқандай санаттарына, соның ішінде тапсырыс
берушілердің, мәндік сала мамандарының, жобалаушылардың,
бағдарламашылардың, тестілеушілердің, сапа инженерлерінің, жоба
менеджерлерінің қолжетімділігі;
■
CASE-құралдарды сатып алуға жұмсалған ақшалай қаражаттардың
жылдам өтемділігін, жоба мерзімі
мен құнын қысқарту арқылы
қамтамасыз ететін рентабельділік;
■
сүйемелденілуі. CASE-құралдар жобаның өзгермелі талаптарына
және мақсаттарына бейімделу қабілеті бар. CASE-технологиялар
бағдарламалық өнімді әзірлеу және сүйемелдеу
процестерін
барынша автоматтандыруға арналған. Олар қабылданатын
техникалық шешімдердің сапасын және жобалық құжаттаманың
дайындалуын
қамтамасыз
етеді.
Графикалық
құралдар
әзірлеушілерге көрнекі түрде пән саласын модельдеуге,
тиісті
ақпараттық жүйені зерттеуге, оны қойылған мақсаттарға және
қолданыстағы шектеулерге сәйкес өзгертуге мүмкіндік береді.
Ақпаратты көзбен шолуды ұсыну әдістері өте маңызды рөл атқарады
және пайдаланушының ақпараттық мұқтаждығына сәйкес таңдап
алынады.