БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ӨМІРЛІК
ЦИКЛЫНЫҢ ПРОЦЕСТЕРІ
Стандарт Р МемСТ ИСО/ХЭК 12207-2010 бағдарламалық
құралдардың, бағдарламалық индустрияда бейімделетін, өмірлік
циклының процестерінің жалпы құрылымын белгілейді. Бұл стандарт
бағдарламалық өнімді немесе қызметтерді сатып алу кезінде, сондай-ақ
бағдарламылық өнімді жеткізуде, әзірлеуде, тағайындалуы бойынша
пайдалануда, сүйемелдеу және пайдалануды тоқтатқан кезде,
13.2.
268
пайдаланылатын процестерді, қызмет түрлері мен міндеттерді,
анықтайды.
Стандарт жүйені, бағдарламалық өнімдерді сатып алу және тиісті
қызметтерді көрсету кезінде қолданылады; сондай-ақ ұйымда, және
одан
тыс
жерде
бағдарламалық-аппараттық
құралдардың
бағдарламалық өнімдерін және бағдарламалық-аппараттық құралдарын
жеткізуде, әзірлеуде, пайдалану және сүйемелдеуде қолданылады.
Стандарттың құрамында, сондай-ақ бағдарламалық өнімдер мен
қызметтердің мәнін түсінуді қамтамасыз етуге қажетті жүйені
сипаттаудың қырлары қамтылған.
Стандарт тараптардың екі жақты қатынасында қолданыла алады,
тіпті егер екі тарап та бір ұйымға тиесілі, сонымен бірге бір тараптың
өзін-өзі бақылауы үшін болғандығына қарамастан.
Стандарт келесілерге арналған:
■
жүйелер, бағдарламалық өнімдер және қызметтерге тапсырыс
берушілер үшін;
■
жеткізушілерге, әзірлеушілерге, операторларға;
■
сүйемелдеу қызметкерлеріне;
■
жоба әкімшілеріне;
■
сапаға жауап беретін әкімшілерге;
■
бағдарламалық өнім пайдаланушыларына.
Стандарт, шығарылатын құжаттың атауын, форматтарын немесе
толық мазмұнын анықтауға арналмаған. Бұл сұрақтардың шешімі осы
стандартты пайдаланушылардың қарастыруына қалдырылған.
Стандарт бағдарламалық құралдың өмірлік циклының нақты
моделін немесе әзірлеу әдісін алдын-ала анықтамайды. Осы стандартты
қолданатын пайдаланушылар, өзінің бағдарламалық жобасына
қолдануға келетін өмірлік циклының моделін өздері таңдайды және осы
стандарттан алынған процестерді, жұмыстарды және міндеттерді
аталмыш модельге үлестіреді; бағдарламалық құралдарды әзірлеудің
әдістерін таңдай алады және қолданады және нақты бағдарламалық
жобаға сәйкес келетін жұмыстарды және міндеттерді орындайды.
Нақты ұйым, өз мақсаттарына байланысты, өздерінің нақты
міндеттерін орындау үшін тиісті процестердің ішкі жиынтығын таңдай
алады. Сол себептен бұл стандартты нақты ұйымға, жобаға немесе
қосымшаға бейімдеген жөн.
Р МемСТ ИСО/ХЭК 12207-2010 бағдарламалық құралдардың
жоғарғы деңгейінің түпкі ойынан кәдеге жаратуға дейінгі сәулетін
белгілейді. Сәулет аталмыш процестердің арасындағы көптеген
процестер мен өзара байланыстардан тұрады. Негізінде, әрбір процесс
өмірлік циклдағы бірегей функцияны іске асыруға арналған және
мамандандырылған қызметті орындау үшін басқа процесті жұмылдыра
269
алады.
Р МемСТ ИСО/ХЭК 12207-2010 әрбір процесс тараптардың
жауапкершілігі (міндеттемелері) көзқарасынан қарастырылған. Ұйым
бір немесе бірнеше процестерді орындай алады. Процесс бір немесе
бірнеше ұйымдармен орындала алады, сонымен бірге ұйымдардың бірі
жауапты тарап ретінде анықталуы тиіс.
Өмірлік цикл сәулетіндегі жауапкершілік принципі, нақты жоба
үшін Р МемСТ ИСО/ХЭК 12207-2010 қолданбалы пайдалануын
жеңілдетеді, онда көптеген тұлғалар жұмылдырыла алады.
Процестер үш жалпы класқа топтастырылған (1.1-суретті қараңыз):
1) негізгілер;
2) көмекшілер;
3) ұйымдастырушылық.
Тәжірибеде
әрбір
процесс
оны құрайтын
жұмыстардың
терминдерімен анықталуы тиіс, олардың әрқайсысы оларды құрайтын
міндеттер терминдерімен анықталуы тиіс. Процестегі жұмыс
байланысқан міндеттер жиынтығынан тұрады. Р МемСТ ИСО/ХЭК
12207-2010 көптеген процестер, жұмыстар және міндеттер белгіленген.
Процестер, жұмыстар және міндеттер жалпы табиғи позициялық
жүйелілікпен сипатталған. Бұл жүйелілік өмірлік циклының моделін
іске асырудың жүйелілігін алдын-ала анықтамайды. Сипатталған
жүйелілік, бағдарламалық құралдарды құру жобасында, жобаға тиесілі
немесе оған лайықты процестерді, жұмыстарды (қызмет түрлерін) және
мәндеттерді (тапсырмалар) таңдауға, ретке келтіруге қолдануға және
қайталауға арналған.
Р МемСТ ИСО/ХЭК 12207-2010 бағдарламалық құралдың өмірлік
циклын тегіс қамтитын біріктірілген процестер жиынтығына қойылатын
талаптарды белгілейді. Аталмыш стандарт әрбір процесс үшін
жетілдендіру процесі арқылы «жоспар - іске асыру - тексеру - акт»
циклыне рұқсатты қамтамасыз етеді. Сонымен бірге, сапамен
байланысты және бағдарламалық құралдың өмірлік циклының
ажырамас бөлігі деп түсіндірілетін жұмыстар, өмірлік циклдың тиісті
процестеріне кіреді. Осылайша, оны іске асыруға жауап беретін әрбір
процесс және қызметшінің артында, осы процестің шеңберіндегі,
сапамен байланысты жұмыстар бекітілген.
Р МемСТ ИСО/ХЭК 12207-2010 келесілерге қолдануға болады:
■
өмірлік циклдың кез келген модель(дер)іне (мысалы, каскадты,
инкрементті немесе эволюциялық);
■
бағдарламалық инженерияның кез келген әдістеріне немесе
технологияларына (мысалы, нысанға бағытталған жобалау,
құрылымдық бағдарламалау, төменге бағытталған тестілеу немесе
макеттеу);
270
■
кез келген бағдарламалау тілдеріне.
Аталмыш
сұрақтардың
шешімі
жобаның
өзіне
және
технологиялардың заманауи жағдайына байланысты, ал осы
элементтерді
таңдауды
Р
МемСТ
ИСО/ХЭК
12207-2010
пайдаланушысы жүзеге асырады.
Стандарт жалпы көзқарас бойынша икемді болып табылады, яғни
өмірлік циклы процесінің жұмыстары (қызмет түрлері) және міндеттері
(тапсырмалары) «қалай істеу керек?» деген емес «не істеу керек?» деген
сұраққа жауап береді. Басқаша айтқанда, міндеті «сәулеттік жобаны
әзірлеу және құжат жүзінде рәсімдеу» болуы мүмкін, бірақ «сәулеттік
жобаны бәсеңдейтін функционалдық жобалау әдісін қолдана отырып
әзірлеу немесе құжат жүзінде рәсімдеу» емес. Аталмыш сызба тапсырыс
берушіге ақырғы өнімге немесе қызметке талаптарды орнату үшін кең
мүмкіндіктер береді және сол мезетте сатушыға өнімді құруға немесе
қызмет көрсетуге арналған тиісті әдістерді, тәсілдерді және құралдарды
әзірлеуге және қолдануға мүмкіндік береді.
Р МемСТ ИСО/ХЭК 12207-2010 құжатта саласындағы стандарт
болып табылмайды, яғни, егер тіпті көрсетілген стандартта
процестердің кейбір шығыс нәтижелерін құжаттауға талаптар
белгіленсе де, ол құжаттардың форматын немесе мазмұнын
анықтамайды. Аталмыш стандарт жоспар, сипаттамалар (техникалық
тапсырмалар) немесе тестулеуге қойылатын талаптар сияқты ұқсас
шығыс нәтижелерін қалай біріктіруді анықтамайды.
Р МемСТ ИСО/ХЭК 12207-2010 көрсеткіштер (метрикалар) мен
нұсқаушылар нақты жүйесінің терминдерінде бағдарламалық
құралдардың қасиеттерін (атрибуттарын) (сүйемелдеудің сенімділігі
мен ыңғайлылығы секілді) анықтамайды және тапсырмайды. Бұл
стандарт бағдарламалық құралдың ұқсас қасиеттерін анықтауға
арналған тәсілдерді сипаттайды, бірақ олар Р МемСТ ИСО/ХЭК 12207-
2010 пайдаланушыларымен нақтылануы тиіс.
Р МемСТ ИСО/ХЭК 12207-2010 қатаң түрде жүйенің бағдарламалық
қамсыздандырусын
жобалаудың
жүйелендірілген
басқаруын
алмастырмайды. Көрсетілген стандарт құрылымды көрсетеді, онда
бағдарламалық құралмен байланысты процестер, жұмыстар және
міндеттер, тиісті түрде анықталуы, жоспарлануы және орындалуы
мүмкін. Р МемСТ ИСО/ХЭК 12207-2010 нақты анықталған
конструктивті блоктар (процестер) жиынтығын қамтиды. Стандарт
пайдаланушысы, аталмыш блоктарды өз ұйымының және жобасының
мақсаттарына және міндеттеріне сәйкес таңдауы, тәжірибе жүзінде
қолдануы және жиынтықтауы тиіс.
Бағдарламалық құралдарды құрудың нақты жобаларын іске асыру
жағдайларында, Р МемСТ ИСО/ МЭК 12207-2010 тәжірибе жүзінде
271
пайдалану бойынша ұсыныстар Р МемСТ ИСО/ХЭК ТО 15271
қамтылған. Апараттық технология. Р МемСТ ИСО/ХЭК 12207-2010
пайдалану бойынша нұсқаулық.
Достарыңызбен бөлісу: |