К ә с І би білім беру г. Н. Федорова бағдарламалық модульдерді біріктіруге қатысу



Pdf көрінісі
бет171/195
Дата28.11.2022
өлшемі4,31 Mb.
#53308
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   195
Байланысты:
foreign 745

ТЕХНИКАЛЫҚ ТАПСЫРМА. 
МАЗМҰНЫНА ҚОЙЫЛАТЫН 
ТАЛАПТАР 
Техникалық тапсырма бағдарламалық қамсыздандыруға қойылатын 
талаптар жиынтығын қамтиды және әзірленген бағдарламаны тексеру 
және қабылдау белгісі ретінде қолданыла алады, сол себептен жеткілікті 
түрде толық құрастырылған (қосымша бөлімдерді енгізу мүмкіншілігін 
ескере отырып) және тапсырыс берушімен және әзірлеушімен 
қабылданған техникалық тапсырма жобаның негізін қалаушы 
құжаттардың бірі болып табылады. Бағдарламалық өнімді әзірлеуге 
техникалық тапсырманы сауатты құру мүмкіншілігі бағдарламашының 
кәсіби деңгейін анықтайды және оны тапсырыс берушінің тарапынан 
негізсіз наразылықтардан арылтады. 
Техникалық тапсырма - бұл әзірлеудің негізгі мақсаттары, 
бағдарламалық өнімге қойылатын талаптар қалыптастырылатын, 
әзірлеудің мерзімі мен кезеңдері анықталатын және қабылдау-тапсыру 
сынақтар процесі регламенттелетін құжат. Бұл құжаттың негізінде 
тапсырыс берушінің бастапқы талаптары, жобаалды зерттеулерді 
орындау нәтижелері және т.с.с. жатыр.
Техникалық тапсырманы әзірлеу келесі жүйелілікте орындалады.
Ең алдымен орындалатын қызметтер жиынтығы, сондай-ақ бастапқы 
деректердің тізімі мен сипаттамалары белгіленеді. Содан кейін 
нәтижелер тізімі, олардың сипаттамалары мен оларды таныстыру 
тәсілдерін белгілейді.
Бұдан әрі, бағдарламалық қамсыздандырудың қызмет ету ортасы, 
яғни: нақты жиынтығын және техникалық құралдар параметрлерін, 
қолданылатын операциялық жүйенің нұсқасын, және болашақ 
бағдарламалық өнімге өзара әрекеттесуі мүмкін, басқа орнатылған 
бағдарламалық қамсыздандырудың нұсқалары нақтыланады.
Әзірленіп отырған бағдарламалық қамсыздандыру қайсыбір 
ақпаратты жинаған және сақтаған немесе қайсыбір техникалық процесті 
басқаруға қосылған жағдайда, сондай-ақ жабдық немесе энергиямен 
жабдықтауда іркіліс болған жағдайда бағдарламаның әрекетін нақты 
регламенттеу қажет.
Әзірленіп 
отырған 
бағдарламалық 
қамсыздандырудың 
сипаттамаларын анықтайтын негізгі факторлар бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   195




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет