10
Бағдарламалық өнімдерге қарағанда
тәжірибелік бағдарламалар
(«өзіне арналған бағдарламалар») әзірлеушілердің қажеттіліктерін
қанағаттандыруға арналған. Көбінесе тәжірибелік бағдарламалар
деректерді өңдеу технологиясында
сервистің ролін орындайды, не
болмаса кеңінен таралуға арналмаған функционалдық міндеттерді
шешудегі бағдарламалар болып табылады.
Бағдарламалық қамсыздандыруды әзірлеу технологиясы деп
берілген қасиеттер арқылы бағдарламалық
өнімді алуды берілген
жағдайларда қамтамасыз ететін бағдарламалау процесін жүргізудің
оңтайлы тәсілдері туралы жалпы және жүйелі білімдерінің жиынтығы
айтылады.
Бағдарламалық
қамсыздандыруды
әзірлеу
технологиясы
бағдарламалау процесінің мазмұнын кең ауқымды - кейбір
бағдарламаларды құруға қажеттіліктің
пайда болуынан оны шығаруға
дейінгі, пайдаланушыға берілуі, пайдалану процесінде түрін өзгерту мен
моральды ескіру салдарынан қолданылуын тоқтатуды қамтиды.
Кез келген бағдарламалық қамсыздандыруды әзірлеу болашақ
бағдарламалық өнімге қойылатын талаптарды талдаудан басталады.
Талдау нәтижесінде әзірленетін бағдарламалық
қамсыздандырудың
сипаттізімін алады.
Ерекшелік деп әзірленетін бағдарламалық қамсыздандырудың
функциялары мен шектеулерін нақты сипаттауды атайды.
Бағдарламалық қамсыздандыру өзара байланысты бағдарламалық
модульдермен құрылған ішкі ұйымдасуға немесе ішкі құрылымға ие.
Бұл
бағдарламалық жүйелер деп аталатын күрделі және көп функциялы
бағдарламалық өнімдер үшін әділетті. Бағдарламаларды жеке құрамдас
бөліктерге құрылымды түрде бөлу оларды құрудың аспаптық
құралдарын таңдаудың негізі болып табылады, дегенмен кері ықпалы да
орын алады. Бағдарламалық қамсыздандыруды
әзірлеудің аспаптық
құралдарын таңдау бағдарламалық модульдердің түрлерін айқындайды.
Бағдарламалық өнімдерді құрған кезде бірнеше рет қолданылатын
модульдер бөлінеді, оларды типтендіру мен бірегейлендіру жүргізіледі,
оның есебінен жалпы бағдарламалық қамсыздандыруды әзірлеуге
жұмсалатын еңбек шығындары мен мерзімдері қысқартылады.
Кейбір
бағдарламалық өнімдер стандартты бағдарламалардың дайын
кітапханаларынан, процедуралардан,
қосалқы бағдарламаларынан,
нысандардан, деректерді өңдеу әдістерінен алынған модульдерді
қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: