К ә с І би білім беру г. Н. Федорова бағдарламалық модульдерді біріктіруге қатысу



Pdf көрінісі
бет5/195
Дата28.11.2022
өлшемі4,31 Mb.
#53308
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   195
Байланысты:
foreign 745

7
 
өнімдер метрологиясы мен оларды әзірлеуге және қолдануға арналған 
құжаттарды құрудың негізгі ережелері қарастырылады. Берілген 
пәнаралық курсты зерделеу үшін негізгі ақпарат көздері бағдарламалық 
қамсыздандыруды әзірлеу және пайдалану саласындағы халықаралық 
және ұлттық стандарттар болып табылады. Оқулықтың бұл тарауында 
бағдарламалық қамсыздандыруды әзірлеу және оны құжаттау кезінде 
осы стандарттарды қолдануға қатысты кейбір түсініктер беріледі.
12-бөлімде стандарттаудың негізгі міндеттері мен принциптері 
қалыптастырылған, стандарттау жөніндегі негізгі құжаттар - РФ 
мемлекеттік стандарттары, халықаралық (өңірлік) стандарттар
стандарттау жөніндегі қағидалар, нормалар мен ұсыныстар, жалпы 
ресейлік сыныптамалар және т.б. қарастырылған.
13-бөлім бағдарламалық қамсыздандыруды ресейлік стандарттарына 
сәйкес құжаттау мәселелерін қарастыруға арналған. Бағдарламалық 
қамсыздандыру сапасына қойылатын талаптардың артуы халықаралық 
стандарттарды құру мен оларды белсенді қолдануды ынталандырады. 
Бұл бөлімде ЕСПД және МемСТ Р стандарттарының жалпы 
сипаттамасы берілген. Ұсынылған стандарттар бағдарламалық 
қамсыздандырудың 
өмірлік 
циклының 
процестерін 
реттейді, 
сипаттамаларын 
сипаттайды, 
бағдарламалық 
қамсыздандыруды 
әзірлеуге арналған техникалық тапсырманы құруды, бағдарламалық 
және пайдалану құжаттарының және пайдаланушы құжаттамасын 
құруды реттейді. 
14-бөлім 
бағдарламалық 
қамсыздандыруды 
сертификаттау 
мәселелеріне арналған. Мұнда сертификаттаудың нормативтік-
құқықтық 
негіздері 
берілген 
және 
бағдарламалық 
өнімді 
сертификаттауды жүргізу тәртібі сипатталады.
Оқу құралының әрбір бөліміне студенттің зерделенген материалды 
бекітуіне мүмкіндік беретін өзіндік жұмысына арналған бақылау 
мәселелері қамтылған.
Оқу құралын «Бағдарламалық модульдерді біріктіруге қатысу» 
кәсіби модулін, сондай-ақ бағдарламалық қамсыздандыруды әзірлеу 
мен құжаттауға байланысты өзге модульдер мен пәндерде зерделеу 
кезінде оқытушылар мен аталған мамандық бойынша студенттер 
қолдана алады.
Ұсынылатын материал бағдарламалық өнімдерді әзірлеумен 
айналысатын мамандардың кең ауқымды тобы үшін пайдалы бола 
алады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   195




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет