139 МОДУЛЬДІК БАҒДАРЛАМАЛАУ Бағдарламалық қамсыздандыру, негізінде, үлкен жүйе болып
табылады, сол себепті оны жеңілдету үшін шараларды қабылдау қажет.
Бұл үшін мұндай бағдарламаны бағдарламалық модульдер деп аталатын
бөліктерге әзірлейді. Ал мұндай бағдарламаны әзірлеу әдісі модульдік
бағдарламалау деп аталады.
Бағдарламалық модуль (МемСТ 19781-90 сәйкес) - бағдарлама
немесе бағдарламаның функционалды аяқталған үзіндісі, ол басқа
бағдарламалық модульдермен біріктіру, сақтау, трансляция және жедел
жадыға жүктеуге арналған.
Бағдарламалық модуль - бұл басқа бағдарламалық модульдерден
дербес өңдеудің берілген функцияларын қамтамасыз ететін және оның
белгілі тағайындалған мақсаты бар бағдарламаның жеке бөлігі.
Көптеген модульдердің арасында ажыратады:
■
бас модуль - бағдарламалық өнімді қосуды басқарады (жекеше
түрінде болады);
■
басқарушы модуль - басқа модульдердің өңдеуге шақырылуын
қамтамасыз етеді;
■
жұмыс модульдері - өңдеу функцияларын орындайды;
■
сервистік модульдер және кітапхана, утилиттер - қызмет көрсету
функцияларын жүзеге асырады.
Бағдарламалау тіліне және бағдарламашылардың жұмысын
жеңілдетуге арналған пайдаланушы модульдеріне кіретін стандартты
модульдерді ажыратады.
Модульдер күрделі міндеттерді модульділік принципіне сәйкес
біршама ұсақ міндеттерге бөлуге мүмкіндік береді. Әдетте, осылайша,
бағдарламашыларға бірнеше рет пайдалануға ыңғайлы функциялар,
кластар,
констант
жиынтығы
түріндегі
функционалдылықты
(интерфейсті) беретіндей жобаланады. Модульдер пакеттерге және
кейін кітапханаларға бірігуі мүмкін. Модульді сәулетті пайдалану
қолайлығы басқа жүйені өзгерту қажеттілігінсіз модульді жаңарту
(ауыстыру) мүмкіндігінде болады. Көптеген жағдайларда түрлі
модульдер бір серверде сияқты, басқа да серверлерде жүктемені тарату
үшін және бөлінген сәулетті құру үшін қосылуы мүмкін.