132
Компоненттер диаграммасы жүйенің компиляциясына жауап
беретін жоба қатысушыларымен қолданылады. Бұдан қай тәртіпте
компоненттерді құрастыру керектігі көрінеді, сондай-ақ қандай
орындалатын компоненттер жүйемен құрылатындығы көрінеді. Ол код
генерациясы қайда басталса, сол жерге керек.
ОРНАЛАСТЫРУ ДИАГРАММАСЫ
Орналастыру
диаграммасы
жүйенің
бағдарламалық
және
аппараттық компоненттері арасындағы нақты өзара байланысты
көрсетеді. Ол таратылған жүйедегі объектілер мен компоненттердің
жылжу бағытын көрсетуге арналған жақсы құрал болып табылады.
Әрбір торап орналастыру диаграммасында есептегіш құрылғының
кейбір үлгісін, ал көбінесе - аппаратураның бөлігін білдіреді. Тораптар
арасындағы байланысты коммуникациялық арналарды көрсетеді,
олардың көмегімен жүйелік өзара байланыс жүзеге асырылады.
Жылжу диаграммасында компоненттер бағдарлама кодының нақты
модулін көрсетеді. Негізінде, олар компоненттер диаграммасындағы
компоненттерге сәйкес келеді. Осылайша, орналастыру диаграммасы
жүйедегі әрбір компоненттің орындалуын көрсетеді.
Орналастыру
диаграммасының
практикасында
тым
жиі
қолданылмайды. Көптеген әзірлеушілер осындай диаграммаларды
қолданады, алайда, олар қарапайым формалды емес суреттерді береді.
Басқа жағынан, әрбір жүйе өзінің физикалық сипаттамаларына ие, олар
одан әрі орналастыру диаграммасының көмегімен бірінші кезекте шешу
керек проблемаларды жақсы түсінуге қол жеткізу бойынша үлкен
формализм дәрежесі қажет болады.
Достарыңызбен бөлісу: