322
ілім адам табиғаты қоғамдық дамиу заңдарына бағынбай, иррационал психикалық күштердің
ықпалында болады деп дəріптеді, адам əрекетінің бəрі агрессив, оны тəрбиемен өзгерту мүм-
кін емес деп тұжырымдады. «Фрейдизм жеке адамның жан төркіні, дамуын иррационализм
(саналы дəлелі жоқ) мен мистика (тылсым құпия) сияқты психикалық факторларды сана-
лы əрекетке тікелей қарсы қоюмен дəлелдеуге тырысқан психикалық бағыт [3,67]. Генети-
калық психологияның негізін салған швецария ғалымы Ж. Пиаже болды. Өз зерттеулерін
негізге ала отырып, Ж.Пиаже генетикалық əдісті психологиялық болмысты тануда жетекші
əдіснамалық ұстаным дəрежесіне көтерді. «Пиаже тұжырымының ең үлкен қатесі – баланың
біртұтас дамуын ескерместен, ақыл-естің өрістеу тұғырын инттеллекттің өзінен іздеді, ал
сананы дамытушы факторлар арасында ол қоғамдық тарихи əрекет болмысына ешқандай
орын қалдырмады. Интеллект даму деңгейінің бірінен екіншісіне өтуде оқудың маңызды
орны бағаланбай, əлеуемттік-қоғамдық фактордың жеке адам қалыптасуындағы мəні жоққа
шығарылды» [3,67].
Қазіргі заман психологиясының аса маңызды артықшылығын танытқан ғылыми ағым
когнитивтік психология болды. 60-жылдардың аяғында АҚШ-та бұл бағыт бихевиори-
стердің əрекет-қылық талдауында психологиялық элементтерді елемеуі мен танымдық даму-
ды ескермеуіне қарсылық білдірумен ғылым сахнасында келген еді. Когнитивтік психология
необихевиористер зерттеулерінің нəтижесінде пайда болып, белсенді мағлұмат жинау мен
ақпарат өңдеуші адам организмі жүйелі құрылым деген танымды əрі қарай жалғастырды,
яғни адам əр қилы ақпараттарды ықпалды етуге қабілетті: бөтен таңбалар (код) формасына
келтіре алады, одан əрі өңдеу үшін өз қажетіне керек ақпаратты бөліп алады немесе керексіз
мəліметті жүйеден бүтіндей аластайды. Когнитивтік психологиясының көрнекті өкілдері –
Дж.Брунер, Д.Норман, Л.Фестингер, Ф.Хайдер, У.Найсер, П.Линдсей, Г.Саймон.
Біздің зерттеу жұмысымызда американдық психологтар Р.Солсоның «Когнитивтік пси-
хология», Джон Роберт Андерсонның «Когнитивті психология» еңбектері талданып зерттей
мəселесіне байланысты «Тілдің құрылымы» жəне «Тілді түсіну» ұстанымдары басшылыққа
алынды. Ғалымдардың пайымдауынша, «Тілді ұғынудың үш кезеңі бар: қабылдау, синтак-
систік талдау жəне қолдану. Ұғынудың өзі есту, оқу процестерінде қарастырылады» [1,19].
Р.Солсонның когнитивті саладағы есте сақтаудың орны тұжырымдары зерттеу жұмысымыз-
дың психологиялық негіздерін құрайды. Ғалымның зерттеу жұмысында келтірген есте сақтау
механизмінде қолданылатын Аткинсон жəне Шифрин моделі тілдік таңбалардың табиғатын
толық сипаттайды [1,208]. Аткинсон мен Шифрин моделі ақпараттың үш сақтау орнын қа-
растырады: сенсорлы регистр, қысқа мезрзімді есте сақтау (ҚМЕ), ұзақ мерзімді есте сақтау
(ҰМЕ) орны. Олардың түсіндіруінде
ес ұғымымен сақталуы тиіс мəліметтер белгіленді, ал
Достарыңызбен бөлісу: