148
интенциямен (мақсат түсінігі) жəне конвенциямен реттеліп отырады [2]. Иллокутивтік актіні
конвенциялық əрекет ретінде түсінікті Дж. Серльберген болатын [3].
Прагмалингвистика мен сөйлеу əрекеті теориясында иллокуция термині жетекші орынға
ие болып отыр. Бұл тұтастай түсінік пен оның компоненттерінің, негізінен, əр түрлі зертте-
ушілердің анықтамаларынан көп айырмашылығы жоқ. Мысалы, Дж.Серль мен Д.Вандер-
векен иллокутивтік күшті анықтау үшін сөйлеушінің қандай иллокутивтік мақсатқа жетуге
тырысатынын жəне осы мүмкін болатын əлемде оған қаншалықты қолы жеткенін, қандай
тəсілмен жəне пропозиционалдық актінің қандай қарқындылықпен жасалғанын, сонымен
бірге мұнда қандай пресуппозициялар жасалатынын, қандай психологиялық жағдайда, осы
əлемде қандай қарқынмен берілетіндігін білу жеткілікті деп есептейді [4, 261- 262 бб.].
Дж. Серль «уəде беру» иллокутивтік актісі үшін ережелер жиынтығын жасайды, басқа
актілерді талдау бағдарламасын белгілейді; сөйлесім – коммуниканттардың ойын беруші
құралы жəне де сөйлеуде жүзеге асырылатын факторлар болып табылады дейді. Иллоку-
тивтік актінің негізі СА-де оның иллокутивтік күші немесе иллокутивтік қызметі ретінде
айқындалады. Бұған мына компоненттер: иллокутивтік мақсат, мақсатқа жету тəсілі, иллоку-
тивтік күштің қарқындылығы, қосымша жағдайлар, пропозиционалдық мазмұн шарты, əлеу-
меттік əдеп ережелерімен анықталатын тиімділік пен нəтижелік шарттары, қалыпты басталу
жəне аяқталу, сөйлеуші мен тыңдаушы үшін шынайылық шарттары жатады [3]. Мақсаттың
əртүрлі сипаты сөйлесімнің мағыналық жағын түрлендіріп отырады. Бұл ниеттің əр түрлі
реңкте айтылуы сөйлеу жағдаяты мен тыңдаушының мүмкіндіктеріне тікелей байланысты.
Сондықтан мақсаттардың сыртқа шығу формасы, сөйлеушінің тілдік құралдарды таңдауы
оның тілді меңгеру дəрежесіне ғана емес, сыртқы көптеген мəнбірлерге тəуелді болады. Осы
тұста, Г.И.Иманғалиева өз зерттеу жұмысында, коммуникативтік ниеттің диалог түрлерінің
ерекшелігін айқындаушы негізгі мəнбір екенін сипаттай отырып, негізінен кең қолданы-
латын мынадай коммуникативтік ниеттерді атап көрсетеді. Олар: 1) интеллектуалды ниет
(мəлімет алу, көбіне: позицияны анықтау, пікірді қолдау, тақырыпты өрбіту); 2) Бұл диалогты
қатысымда бірінші коммуниканттың қойған сұрағының негізгі интенциясы мəлімет алу ғана
емес, сонымен қатар, өз тыңдаушысын қолдап оған деген жеке қатысын білдіру де; 3) қаты-
насты ниет (əңгімелесуші қолдау болмаса шеттету, əңгімені жалғастыру болмаса аяқтау);4)
əрекетке итермелеу ниеті (белгілі бір əрекетке бағыттап, оны орындауға итермелеу) [4,43 б.].
Перлокутивті ықпал тікелей сөйлеу актісінен тыс болатындықтан, сөйлеу актілері теори-
ясы иллокутивті күштерді талдауға бағытталған, ал «сөйлеу актісі» мен «иллокутивті акт»
терминдері синонимдер ретінде қабылданады. Иллокутивті күштердің жалпыланған түрі
сөйлемнің грамматикалық құрылымынан көрінеді (хабарлы, сұраулы, бұйрықты сөйлемдер).
Иллокутивті мақсаттар біртұтас мазмұнды диалог құру барысында айрықша маңызға ие, өй-
ткені сұрақ жауапты талап етсе, кінəлау не ақталуды, не кешірім өтінуді қажет етеді.
Сөйлеу актілерін жіктеуде иллокутивті мақсат, сөйлеушінің психологиялық жай-күйі,
сөйлеу актісіндегі пропозиционалды мазмұнның нақты болмысқа қатынасы, адресант пен
адресат мүдделері ескеріледі.
Сөйлемдер көмегімен сөйлеуші белгілі бір əрекет жасайды. Дж Р.Серль сөйлеушілердің
коммуникативтік мақсатына қарай (нақты сөйлеу актілерінің қатысушыларының ерекшелік-
тері мен жағдайларын ескере отырып) сөйлемдердің прагматикалық типтерінің толық жікте-
месін жасады. Негізгі прагматикалық типтер ретінде перформативтер мен констативтер (ре-
презентативтер хабарламалар) аталды. Перформативтер дегеніміз – сөйлеу нəтижесі белгілі
бір əрекетке балама бола алатын сөйлемдер, мысалы,
Мен ант етемін; Мен уəде беремін;
Достарыңызбен бөлісу: