Ахмет Байтұрсынұлы. Тіл – құрал



Pdf көрінісі
бет12/98
Дата29.11.2022
өлшемі2,67 Mb.
#53419
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   98
Байланысты:
945831 1429633719

III. Сан есім 
 
Кей сөздер нәрсенің санын атайды. Мәселен: бір, екі, үш, төрт, бес, 
алты, жеті, сегіз, тоғыз, он, он бір, он екі, он үш, он төрт, он бес, он алты, 
он жеті, он сегіз, он тоғыз, жиырма, отыз, қырық, елу, алпыс, жетпіс, 
сексен, тоқсан, жүз, бір жүз, екі жүз, үш жүз, төрт жүз, бес жүз, алты жүз, 
жеті жүз, сегіз жүз, тоғыз жүз, мың, он мың, жүз мың, миллион. 
Нәрсенің санын сұрағанда неше? деп, яки қанша? деп сұраймыз. 
Неше? деп сұраймыз нәрсенің дәл саньш білуге, мәселен: неше кісі 
келеді?» — үш кісі келеді. Қанша? деп сұраймыз нәрсенің дәл санын 
білуге емес, шамасын ғана білуге, мәселен: «қанша күн жүресің?» — «үш-
төрт күн жүремін». 


27 
Тойда неше кісі болды? деп сұрамайды, қанша кісі болды? деп 
сұрайды; үйткені тойдағы кісілердің анық санын білуге емес, шамасын 
ғана білуге сұралады. Жауап беруші тойдағы кісілердің анық санын айта 
алмай, шамасын ғана айтады; мәселен, «екі жүз кісі болды» демейді, «екі 
жүздей кісі болды» дейді.
Жоғарғы келтірілген мысалды: «Неше кісі?» дегенге «үш кісі» деген 
сөз жауап; қанша кісі дегенде «екі жүздей кісі» деген сөз жауап; басқаша 
айтқанда «неше?» дегенге «үш», «қанша» дегенге «екі жүздей» деген 
сөздер жауап болып тұр. Міне, осы сияқты неше? қанша? деп сұрауға 
жауап болатын һәм нәрсенің санын көрсететін сөздерді сан есім дейміз. 
неше? деген сұрау нешеу? деп де айтылады. 
Дағдыландыру. Төмендегі сөздердің ішіндегі сан есім сөздерді 
айырту. 
Бір кісі, екі бит, үш жұмыртқа, төрт түйе, бес ат, алты бала, жеті 
қарға, сегіз бөрене, тоғыз үй, он балық, он бес сиыр, жиырма сом, жиырма 
төрт тиын, отыз тай, отыз алты асық, қырық жұлдыз, қырық үш күн, елу 
тоғыз жас, алпыс ара, алпыс екі құрт, жетпіс қой, жетпіс бір лақ, сексен 
кез, сексен жеті құлаш, тоқсан тоғай, тоқсан тоғыз торғай, жүз топай, мың 
пұт. 
Сынау. Төмендегі сөздерді көшіріп, сан есімнің астын сызып 
көрсетіндер.
Мың қойшыға бір басшы. Екі рудан би болса, ел байсал таппас, екі 
кісі қағысса, бір кісіге орын болар. Ер қаруы — бес қару. Бір кісі мың 
кісіге олжа салады. Бір күн дәм тартқанға қырық күн сәлем. Үйінде екі 
қатын болса, ойран болар, екі сиыр болса айран болар. Елу жылда ел жаңа. 
Жетесіз жаман жас бала тоқсандағы шалмен тең. Тоғышардың баласы 
жиырма бесте жаспын дер, ораздының баласы он бесінде баспын дер. 
Жеті атасын білмеген – жетімдіктің салдары, әзіл сөзді ауырлау – 
шетіндіктің салдары. Өтірік екеу, шын төртеу. Жігіт кісіге жетпіс өнер де 
аз. Бір тәуекел бұзады мың қайғының қаласын, бір жақсы сөз бітірер мың 
көңілдің жарасын. Бас екеу болмай, мал екеу болмас. Біреу тойып 
секіреді, біреу тоңып секіреді. Төртеу түгел болса, төбедегіні алар, алтау 
ала болса, ауыздағы кетер. Сексен інген боталап, сегіз келін қомдасын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет