Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының



Pdf көрінісі
бет26/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   197
Көрнекілігі: Сызба. 
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану. 
Техникалық құралдар: Интерактивті тақта 
Сабақтың кезеңдері: 
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа бағыттау.
Сабаққа біз даярмыз, 
Жалқаулықты қоямыз. 
Үздік оқып әрқашан, 
Кілең бестік аламыз! 
 


ІІ. Алған білімдерін амалда орындау. 
Бірінші кезең: Өткен материалдарды еске түсіру. Мақсаты: алған 
білімдерін жүйелеу және пысықтау. 
Өлеңді жаттап алыңыздар. 
Төрт түлік төлдері 
 
Ұмытпағайсың, ұлым, 
Жылқы баласы – құлын. 
Баладай баққан аталар, 
Түйе баласы бота бар. 
Біліп жүр, ұл мен қыз-ау, 
Сиыр баласы – бұзау. 
Момақан-ақ өзі, 
Қой баласы – қозы. 
Құлақтары шұнақ, 
Ешкі баласы –лақ. 
М. Әлімбаев 
1.Төрт түлік малдың қандай пайдасы бар? 
2.Төрт түліктің пірлерін атаңыз. 
Тірек тапсырма:  
Қима қағаздарға жазылған сөздерден төрт түлік туралы мақал-мәтел 
құрастыру. 
Мысалы: Басы, малы, түгел, аманның. Басқа,не көтерер, қойдан, 
семіздікті? 
Түлікке, бір,болғанша, бай, Төрт, сай бол, түлікке!
Сөйлем түрлерін ажыратады. 
Басы аманның малы түгел. (хабарлы сөйлем)
Семіздікті қойдан басқа не көтерер? (сұраулы сөйлем) 
Бір түлікке бай болғанша 
Төрт түлікке сай бол! (лепті сөйлем) 
а) Мақалға айтылым әрекеті бойынша ойтолғау жасау.
Ата-бабаларымыздан ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалған ұлағатты, 
мақал-мәтелдердің мәнін жете түсініп, күнделікті өмірде қолдана алу, төрт 
түлікті қадір тұту.
Сөйлемге синтаксистік талдау жасайды. 1-топ: лепті сөйлемге; 2-топ: 
хабарлы сөйлемге; 3-топ: сұраулы сөйлемге талдау жасайды. 
«Көрші» ойыны арқылы (диалог). Ауызша айтылым, тыңдалым іс-
әрекеттері жүзеге асырылады. Топтар бірін-бірі бағалайды. 
Ойынның шарты: Талдаудың әр сатысын кезектесіп, бір-біріне қол берісіп 
талдау жасайды. 
Үлгі: Басы аманның малы түгел.
1. Сөйлемде бір тыныс белгісі бар: нүкте (.). 


а)Нүктенің қойылу себебі ойды аяқтап, сөйлемді 
тиянақтап тұр.
2. Айтылу сазы мен мазмұнына қарай – хабарлы 
сөйлем. Себебі, ой баяндай жеткізіліп тұр. Хабарлы 
сөйлем дегеніміз – айтылу мақсаты хабарлау, 
суреттеу, баяндауды білдіретін сөйлемнің 
түрі.Хабарлы сөйлем интонациялық жағынан 
көтеріңкі басталып, бәсеңдеп бітеді. Сөйлем соңында 
жазуда нүкте қойылады. 
3. Құрылысына қарай – жай сөйлем. Себебі, бірнеше 
сөзден құралып келіп тиянақты бір ғана ойды 
білдіріп тұр. 
4. Жай сөйлемнің түрлері. 
5. Жай сөйлемнің түрлерін анықтау үшін сөйлемдегі 
сөздерді сөйлем мүшелеріне қарай талдаймыз. Ол 
үшін ең алдымен сөйлемнің баяндауышын табамыз. 
Себебі: 
а) Баяндауышсыз сөйлем болмайды. 
ә) Баяндауыштың орны шартты түрде тұрақты. 
б) Баяндауыш арқылы бастауышты табамыз. 
в)Бастауыш пен баяндауышты қатыстыра отырып, 
сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін табамыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет