Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының



Pdf көрінісі
бет27/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   197
Екінші кезең:  Мақсаты: дербес тұрғыда әрекеттер іске асады. 
ІІІ. Дәптермен жұмыс. Тт әрпін көркемдеп жазу. 
1-тапсырма. Жеке жұмыс. 
Берілген сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырып жазыңыз. 
Халқымыз ерте заманнан мал 
өсірумен шұғылданған. 
Жылқы, түйе және сиырды ірі қара 
деп атаған. 
Қой мен ешкіні ұсақ мал деп атаған.
2-тапсырма. Топтық тапсырма: Суреттерді тарату. Сурет бойынша 3-4 
сөйлемнен тұратын шағын мәтін құрайды. Сөйлем түрлері толық болуы 
шарт. 
1-топ: Хабарлы сөйлемді синтаксистік талдап жазады. 2-топ: Сұраулы 
сөйлемге синтаксистік талдап жазады. 3-топ: Лепті сөйлемге синтаксистік 
талдап жазады. Жат жазады.
Тілдесім әрекеті бойынша диалог (үйретуші - үйренуші) құру. «Арқан 
тартыс» ойыны. 
Үлгі:
Табиғат қандай тамаша! 
1. Сөйлемде неше тыныс белгісі бар? 
- Сөйлемде бір тыныс белгісі бар. 
- Ол қандай тыныс белгісі? 
- Ол леп белгісі. 


- Леп белгісінің қойылу себебі...? 
- Леп белгісінің қойылу себебі – айтушының көңіл-күйін
білдіріп тұр. 
2. Айтылу сазы мен мазмұнына қарай қандай сөйлем? 
- Айтылу сазы мен мазмұнына қарай – лепті сөйлем. 
- Неге? 
- Себебі, сөйлем қуану мағынасында айтылып тұр. 
3. Құрылысына қарай қандай сөйлем? 
- Құрылысына қарай – жай сөйлем. 
- Неге? 
- Себебі, бірнеше сөзден құралып келіп, тиянақты бір 
ғана ойды білдіріп тұр. 
Сергіту сәті. Слайд көрсетілімі арқылы қимылдарды жасайды. 
3-тапсырма. Жеке жұмыс. 
Ребусты шешіңіз. Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құраңыз. 
,,,
,
,,
(Құлын)
 
IV. Бекіту. 
Үшінші кезең: Бекіту. Мақсаты: білім алушылар өтілген материал жайлы 
ойтолғайды, пікірлеседі, талқылайды осы әрекеттер арқылы ізденеді, 
зерттейді және шығармашылықпен өзіне қажетті білімді құрастырады, өз 
бағасын береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет