Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының



Pdf көрінісі
бет41/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   197
Тірек тапсырма 
а) Жаңылтпашты жаңылмай айтып, айтылым әрекеті бойынша 
ойтолғау жасау.
Ата-бабаларымыздан ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалған ұлағатты 
сөздерінің қадірін жете біліп, күнделікті өмірде қолдана алу, 
жаңылтпаштың мәнін түсінуге жетелеу. Оқушылар үш топқа бөлінеді.
 
Тапсырма: Ұлттық ойындарды пайдалануға болады. («жалғастыр», 
«орамал тастамақ», « көрші» т.б) 
1-топ: 
«жақсы» сөзіндегі дауысты және дауыссыз дыбыстарға 
математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме береді. (Қысқа жазылым, 
айтылым және тыңдалым әрекеттері жүзеге асырылады). 
2-топ: «жаман» сөзіне сөзсазындық талдау жасайды. (Қысқа жазылым, 
айтылым және тыңдалым әрекеттері жүзеге асырылады). 
3-топ: «қылық» сөзіндегі дауыссыз дыбыстарға дыбыстық мінездеме 
береді.(Толық жазылым, айтылым және тыңдалым әрекеттері жүзеге 
асырылады). 
Екінші кезең: Жаңа білімді меңгеру. Мақсаты: дербес тұрғыда әрекеттер 
іске асады. 


Өлеңді мәнерлеп оқып, жаттап алыңыздар. 
Адал бала 
Келе жатыр еді жолда жас ұлан, 
Екі кісі шыға келді қасынан. 
Деді бірі: «Айтар болсаң өтірік, 
Тиын берем бір қалтаға толтырып». 
Деді бала: «Емеспін мен кембағал, 
Аға, байқап сөз сөйлеген жөн болар. 
Кім сенеді жалған сөйлеп тұрғанға, 
Айтыңызшы, өтірікте құн бар ма? 
Өтірікті салып жүрген саудаға, 
Өзіңізді жын ұрғаннан сау ма, аға? 
Жалған сөзге жалаң сөзді қосыңыз, 
Жетпей жатса, қарыз берер досыңыз...» 
Аппақ, адал балаға айтса алғысын 
Екі кісі риза боп қалды шын. 
Түйін:
Кімде болса туралық пен адалдық, 
Жалған сөзбен жолай алмас жамандық. 
Хамза 
1. Өлеңде не туралы айтылған? 
2. Үлкендер неге балаға өтірік айт деді? 
3. Бала неге ақша үшін өтірік айтпады? 
4. Сол баланың орнында сіз болсаңыз не істер едіңіз? 
5. Неге жалған сөйлеуге болмайды? Сіз қандай түйін түйдіңіз? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет