Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының


Нүктенің орнына қойылған кез келген сөзге сөзсазындық талдау



Pdf көрінісі
бет39/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   197
Нүктенің орнына қойылған кез келген сөзге сөзсазындық талдау 
жасаңыздар. (Қысқаша жазылым, айтылым, тыңдалым іс-әрекеттері 
жүзеге асырылады. Топтық бағалау). Ұлттық ойындарды қолдануға 
болады. 
Үлгі: 
Құрақ 
1.Бұл сөз жуан буынды сөз. 
2.Бұл сөз: құ-рақ
а.б б.б 
3.Бұл сөз: құ- болып бір жағдайда тасымалданады.
рақ 
х /
4.Құрақ 
5. 
6. 
2-тапсырма. Жұптық жұмыс. 
Жұмбақты түсініп оқып, шешуін табыңыздар.  
Дүниеде бір құдық бар беті қатқан, 
Бетінде бетегесі шығып жатқан. 


Қараса сол құдыққа көз жетпейді, 
Құр қалмас сол құдықтың дәмін татқан. (Оқу,білім) 
 
Ескерту: Жұмбақты шешу қиынға соқса, кішкене бағыт-бағдар сілтеуге 
болады. Өз қалаулары бойынша жұмбақтың ішіндегі кез келген сөзді 
таңдап, жұптасып сөзсазындық талдау жасайды. (Қысқаша жазылым, 
айтылым, тыңдалым әрекеттері жүзеге асырылады. Жұптық диалог. Бірін-
бірі бағалайды). 
3-тапсырма. Жеке жұмыс. 
Нүктенің орнына керекті сөздерді өз қалауыңызбен таңдап жазыңыз. 
Мен ...  сыныпта оқимын. Болашақта ...  болғым келеді. Сондықтан 
да мен көп уақытымды ...  өткіземін. Күш – білімде, Білім - ... . 
Болашақ сөзіне сөсазындық талдау жасаңыз. (Ауызша) 
 
VI. Сергіту сәті. 
 
VII. Бекіту.
 
Үшінші кезең: Бекіту. Мақсаты: білім алушылар өтілген материал жайлы 
ойтолғайды, пікірлеседі, талқылайды осы әрекеттер арқылы ізденеді, 
зерттейді және шығармашылықпен өзіне қажетті білімді құрастырады, өз 
бағасын береді. 
Шығармашылық тапсырма. 
1. Кітап, білім, өнер туралы мақал-мәтел құрастырып жазыңыз. 
2. Жоғарыда жазылған кез келген сөзге қысқаша жазылым бойынша
сөзсазындық талдау жасаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет