Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының



Pdf көрінісі
бет60/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   197
Байланысты:
«САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

ӘДЕБИЕТ 
 
Ұлттық білімнің қайнар көзі - ұлылардан бүгінгі күнге жеткен 
шешендік сөздер, нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерді оқыту үрдісіне
пайдалану бүгінгі заман ағымы ғана емес, ол бүгінгі таңдағы ең бір зәру 
қажеттілік, себебі білім нәрінің тұнығына терең бойлау, адам баласына 
қажетті мәдениеттің әлеуметтік-тұрмыстық дәстүрлерін меңгеру, тану, 
білу арқылы білім алушы рухани қажеттілігін жетілдіреді, туған елінің, 
өскен жерінің, өзінің ұлтының, ата-бабасының тегін, өзіндік 
ерекшеліктерін үйренеді, оны құрметтеп, сақтауға тырысады. 
Ауыз әдебиет үлгілері, ұлы ғұламалар сөздері мен нақыл сөздер, 
даналық сөздер білім алушыларды халқының өткені мен бүгінгісін 
салыстыра отырып сараптай білуге жетелейді. 
ОСКО технологиясын әдебиет сабағында пайдалану білім 
алушылардың сөздік қорын молайтуға, атадан қалған асыл қазына - мақал-
мәтелдердің мағынасын аша білуге, поэзия тілін ұғынуға үйретеді. 
Сонымен қатар, белгілі ақын-жазушылардың еңбектерін саралай алуға 
дағдыландырады. Берілген көркем мәтіндер, өлеңдер білім алушылардың 
тілдік қорын молайтып, қабілетін арттырады. Шығармашылықпен жұмыс 
істеуге дағдыландырады. 
Көркем шығарма - тәрбиенің басты құралы. ОСКО технологиясында 
тәрбие мен білім қатар жүргізіліп отырады. Бала алдымен ұстазынан 
тәрбиенің үлгісін алса, бірте-бірте жолдастарының жағымды қасиеттерінен
үлгі-өнеге алады, жүре келе өзін-өзі тәрбиелеуге дағдыланады. Ол өзіне-өзі 
сын көзімен қарап, өз бойындағы кемшіліктерді, өзі жасаған ағаттықтарды 
байқап, оны түзетуге әрекеттенеді. 
Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі теңдесі жоқ тәрбие. Елге-жерге, 
тілге деген құрметті жас ұрпақтың бойына сіңірудегі басты құралдың бірі
- әдебиет. 
Сіздерге ұсынып отырған осы әдістемелік құралда ОСКО 
технологиясын әдебиет пәніне енгізуге сәйкес тірек сызба нұсқалары 
ұсынылып отыр. 
Әдебиет пәнінен үлгілік сабақ жоспарлары 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет