Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының



Pdf көрінісі
бет61/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   197
Байланысты:
«САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

 
1-сабақ. 
 
Сабақтың тақырыбы: Үйретеді кім оған Ана тілін. Тұманбай 
Молдағалиев 
Сабақтың мақсаты: 


а) Тәрбиелік: Топтасып өз бетінше білім алуға, бірін-бірі дамытуға
көмектесуге және ана тілін сүюге баулу. 
ә) Білімділік: Өлеңді поэзиялық талдау жолдарын үйренуге және өлеңнің 
мәнін түсінуге, қорытынды жасай білуге бағыт-бағдар сілтеу. 
б) Дамытушылық: Мақал-мәтел, түрлі тапсырмаларды орындау арқылы 
сөйлеу тілдерінің, пікірлесу, талқылау және ойлана білу қабілеттерінің 
жетілуіне жағдай жасау. 
Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгеру. 
Сабақтың технологиясы: «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы. 
Оқыту формалары: Жеке, жұптық, топтық, ұжымдық. 
Көрнекілігі: Кесте, бағалау парағы, тірек сызба, ребус, мақал-мәтелдер. 
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, қазақ тілі. 
Техникалық құралдар: Интерактивті тақта, бейне көрсетілім. 
 
Сабақтың кезеңдері: 
I.Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнату. 
Шаттық шеңбері. 
Арайлап таң атты, 
Алтын сәуле таратты. 
Жарқырайды күніміз, 
Жайнай түсті даламыз. 
Қайырлы таң балалар! 
Бір-біріне сәттілік тілейді. 
Сабаққа бағыттау. 
Ана тілім - ұраным, 
Ана тілім - құралым. 
Ана тілім болмаса
Болмас еді жыр, әнім. 
Суреттер бойынша үш топқа бөлінеді.
II. Жаңа білімді бұрынғы біліммен байланыстыра отырып, өтілетін
материалды жеңіл, ұғынықты меңгерулеріне жағдай жасау.
Ой қозғау. 
Ребусты шешіңіздер. 
 
,
 
,, ,,
БІЛІМ 
(Ана тілім) 
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы болады деп ойлайсыздар? 
- Ана тілі дегенді қалай түсінесіздер? 
- Ана тілі сіздерге қаншалықты қымбат? (Білім алушылар өз ойларын 
ортаға салады, талқылайды, ой толғайды). 
Олай болса, бүгінгі танысатын өлеңіміз Т. Молдағалиевтың «Үйретеді кім 
оған Ана тілін»,-деп аталады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет