206
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
ті. Сарапшылардың басым көпшілігі 2011 жылдың қаңтары бойына ре-
ферендум мәселесі түбегейлі шешілді деп тұжырып жатты. Бірақ олар
қателесті.
Мен бұл түзетулерге қол қоймастан, оларды Қазақстан Республикасы
Конституциялық кеңесінің қарауына жібердім. Мәміле – сайлау өткізу.
Референдум өткізуге байланысты қол жинауға қатысқандардың бәріне
алғысым мен құрметімді білдіре отырып, мен сонда да болса сайлауға қатысу-
ды құп көретінімді, бірақ түпкілікті шешімді Конституциялық кеңестің тұжыры-
мынан кейін қабылдайтынымды айттым. Ең бастысы, мен сол сәтте халықтың
тілегін ұқтым, «қызметті тастап кетпеймін, жұмысты әрі қарай жалғас тырамын»
деп шештім. Сөйтіп, халықтың мұндай бірауыздылығы сақталған жағдайда, ел
үшін қанша қажет болса, сонша уақыт жан аямай еңбек етуге бел байладым.
31 қаңтарда Конституциялық кеңес түзетулерді Конституцияға қайшы
келеді деп тапты. Конституциялық кеңестің тұжырымына және нақты саяси
ахуалға сүйене отырып, мен халыққа арнаған сөзімде мерзімінен бұрын
президенттік сайлау өткізуді ұсындым. Кезектен тыс сайлауды 2011 жылдың
3 сәуіріне белгілеген Жарлыққа 4 ақпан күні қол қойдым.
Сайлау барысында менің бәсекелестерім – Қазақстан патриоттары пар-
тиясының төрағасы Ғ. Қасымов, Қазақстанның коммунистік халықтық пар-
тиясы ОК хатшысы Ж. Ахметбеков және «Табиғат» экологиялық ұйымының
көшбасшысы М.Елеусізов болды.
2011 жылдың 3 сәуірінде өткен президент сайлауында сайлаушылар-
дың 95,55 проценті менің кандидатурамды қолдап дауыс берді. Орталық
сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, дауыс беруге сайлаушылардың
89,98 проценті қатысқан. Тәуелсіздік дәуірінің тарихында тұңғыш рет қол
жеткізілген осындай айқын басымдықты мен отандастарымның өзіме жүк-
теген қосымша жауапкершілігі деп қабылдадым.
Достарыңызбен бөлісу: