НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


–2017 ЖЫЛДАРДАҒЫ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН



Pdf көрінісі
бет264/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   264
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

1991–2017 ЖЫЛДАРДАҒЫ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН: 
33 БАСТЫ НӘТИЖЕ


ТҰЖЫРЫМ. ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЗЕҢДЕРІ 
501


502
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ


ТҰЖЫРЫМ. ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЗЕҢДЕРІ 
503


504
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ


ТҰЖЫРЫМ. ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЗЕҢДЕРІ 
505


506
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
СӨЗ СОҢЫ
АДАМ ТАҒДЫРЫ ОТАНЫМЕН ТАМЫРЛАС
Құрметті оқырман!
Міне, Сіз, туған еліміздің жаңа тарихын қамтыған кітаппен таныстыңыз.
Мен Тәуелсіздік дәуіріндегі тарихымыз бен Қазақстанның алдында 
тұрған жаңа міндеттер жайлы баяндай отырып, еліміздің келешегіне көз 
тастауға тырыстым.
Халқымызда «Жол мұраты – жету» дейтін нақыл бар. Мемлекетімізді 
дамытып, елімізді гүлдендіруге бет түзеген осы ұлы көшке Сіз де атсалы-
сасыз. Бағыттан жаңылмау үшін өткенімізге зер салып, алдыңғы буынның 
тәжірибесінен тағылым ала білу маңызды. Олар аса ауыр кезеңде, ерекше 
күрделі мәселелердің шешімін таба білді.
XX–XXI ғасырлар тоғысы Қазақстан үшін алапат өзгерістердің ғана емес, 
дүниені дүр сілкіндірген Ұлы Бетбұрыс уақыты болды. Егемен ел атанып, 
тәуелсіз мемлекет құру – Еуразияның байтағын мекен еткен ба йырғы ха-
лықтың мыңжылдық тарихындағы ғажайып сәт еді. Мұндағы «ғажайып сәт» 
деген тіркестің астарында жаңа мемлекет құруды білдіретін аса күрделі жа-
сампаз процесс жатыр. Ол сәт сан қилы оқиғалардан құралған ондаған 
жылдармен өлшенеді. Тәуелсіздігіміздің алғашқы екі мүшелінің мәні мен 
мағынасын терең түйсіну үшін сол оқиғаларды өзара байланыс тыра жүйе-
леп, ой сүзгісінен қайта өткізу керек болды. 
КСРО ыдырауы қарсаңындағы Қазақстанның жағдайы көңіл көншітер-
ліктей емес еді. Экономикалық және технологиялық тұрғыда ілгері елдерден 
едәуір артта қалған Кеңес Одағының өз ішінде Қазақстан кенже дамыған 
республика санатында болатын. Ашығын айтқанда, Одақ басшылығы Қа-
зақстанға аграрлық және шикізаттық қор ретінде қарады.
Мемлекеттіліктің төл нышандары (валютасы, әскері, сыртқы саяси 
қыз меті, кедені мен анықталған шекарасы сияқты тәуелсіз мемлекетке 
тән белгілері) жоқ республика Мәскеудегі Орталыққа басыбайлы, соның 
әкімшілік-саяси ырқына толықтай бағынышты еді. Кеңес Одағы тарағаннан 
кейін оның тікелей мұрагері Ресей деп танылды. Яғни Қазақстан өз мемле-
кеттілігін жоқтан құрауға мәжбүр болды.
Тарих біздің халқымыздың тағдыр-талайына жаңа мемлекет құрудың 
ұлы миссиясын жүктеді. Ағымнан жарылып, ақиқатын айтсам, таңдау көп 
емес еді – бізге не жанкешті жасампаздық жолына тәуекел ету немесе аяу-


СӨЗ СОҢЫ
лы арманды аяқасты етіп, тағдырдың тәлкегіне көніп, миллиондардың көз 
жасын арқалап, тарих тұңғиығына кету ғана қалған. Осындай алмағайып 
заманда бұрынғы кеңестік елдердің талайы абдырап, әрі-сәрі күйге түсті. 
Кейбір жаңа тәуелсіз мемлекет басшыларының шолақ ойлы біліксіздігі 
халқын ұлтаралық қақтығысқа, қантөгіске дейін апарған азаматтық соғысқа 
ұрындырды. Оның ақыры миллиондаған жандардың қайғы-қасірет, қор-
лық пен зорлық көріп, бейшара күйге түсуіне әкелді. Қазақстан сол қасірет-
тің бәрін айналып өте алды. Өйткені 1991 жылы әрқайсымыз жүрек қалауы-
мызды білдіре отырып, тілекке тілек, білекке білек қосып, ортақ шаңырақ 
астына бірігіп, береке-бірліктің, ынтымақ пен достықтың үлгісін көрсеттік. 
Бұл – біздің үкілі үмітіміз, бәрімізді бақытқа жетелеген баянды таңдауымыз 
болды. 
Баршамыз талап қылып, халық болып жұмылған еңбектің арқасында, 
қалыптасқан мемлекетіміздің тұғырын бекітіп, кемел келешекке қарыштап 
қадам басып келеміз.
Тәуелсіз Қазақстан тарихының басты тағылымы мынада: кез келген 
тығырықтан жол тауып, кедергіні – мүмкіндікке, тәуекелді табысқа айнал-
дырып, ең асқақ арманға қол жеткізу әркімнің өз қолында.
Жеңіс пен жетістік – жасқанбай алға ұмтылғанның еншісінде.
Қазақстанды жоғары дамыған мемлекетке айналдыратын – азат ойлы, 
жаңашыл да жасампаз азаматтары. Ол үшін әркім жан-жақты және кемел 
білімге ден қойып, қажырлы еңбек пен өзін-өзі толассыз жетілдіруді өмір 
салтына айналдыруы қажет. 
Демек, бүгін де болашақ үшін құлшына іске кірісетін, жігерімізді жанып, 
санамыз бен өмірімізді өзгертетін сәт тағы туып тұр.
Ұлы тарих Кемел келешекке жетелейді.


Нұрсұлтан Назарбаев
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Басуға 02.12.2017 ж. қол қойылды.
Пішімі 60х90 1/8. Шартты баспа табағы 59,05.
Тапсырыс № 1810. Таралымы 500 дана.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет