2007 жылғы Парламент сайлауы: «Нұр Отан» партиясының айқын жеңісі 2007 жылдың 19 маусымында Мәжіліс депутаттарының бір тобы
менің атыма хат жазды. Онда «Қазіргі мәжіліс реформаларды тежейтін
күшке айналмауы керек. Демек, өзінің өкілеттігі бітетін уақыт – 2009
жылды күтіп отырмағаны жөн деп есептейміз» делініпті. Халық қалау-
лыларының пікірінше, олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтататын
сәт туды. Осы хатты қарастыра келіп, 20 маусым күні мен Парламент-
тің төменгі палатасын тарату және кезектен тыс сайлау өткізу туралы
шешім қабылдадым.
2007 жылдың 18 тамызында Мәжіліс депутаттарын сайлау алғаш рет
пропорционалды сайлау жүйесінің шартымен – партиялық тізім бойынша
жүзеге асты. Қазақстан азаматтары жекелеген үміткерлерге емес, партия-
лық бағдарламаларға дауыс берді. 2007 жылдың 20 тамызында Қазақстан
халқы Ассамблеясынан (ҚХА) Мәжіліске сайлау өткізілді.
Төртінші шақырылымдағы Парламенттің төменгі палатасына барлығы
107 депутат сайланды, оның 98-і – пропорционалды өкілеттік жүйесі бо-
йынша партиялық тізім негізінде, ал 9-ы – ҚХА-дан еді.
Бұл Парламент сайлауын конституциялық реформаны қорытындылай-
тын түпкі нәтиже деуге болады. Жаңа Мәжіліс жаңартылған Конституция
алып берген барлық өкілеттікті иеленіп, өз жұмысын бастады.
2007 жылғы Парламент сайлауында «Нұр Отан» халықтық-демократия-
лық партиясы айқын басымдықпен жеңіске жетті.
2 қыркүйек күні төртінші шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессия-
сын ашып тұрып, «Нұр Отан» партиясының жеңісі біздің партия депутат-
тарын еліміздің барлық азаматтарының, оның ішінде басқа партияларға
дауыс берген жандардың да мүддесін қорғауды міндеттейді, – деп атап
көрсеттім. Депутаттарға «Сіздер партиямыздың нағыз халықтық сипатын іс
жүзінде дәлелдеулеріңіз керек», – деп ескерттім.
Сайлаудың алғаш рет пропорционалды жүйе бойынша өткізіліп,
партия лардың бәрінің сайлаушыларға өз бағдарламаларын таныстыруы-
на мүмкіндік берілгеніне қарамастан, Парламентке тек бір ғана партия өте
алды. «Нұр Отан» партиясының саяси салмағы оның қарсыластарына қа-
рағанда әлдеқайда артық екенін ескере келгенде, саяси пікір алуандығын
заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету және партиялардың Парламенттегі
өкілеттілігін арттыру мәселелері туындады.