4. ҚИЯҒА ӨРЛЕГЕН
ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ ЖӘНЕ ӨСІМ
Өрлеу траекториясы және саяси тұрақтылық
Ө
мірден көрген-түйгеніме, өндіріс басындағы және ел басқарудағы
тәжірибеме сүйене келе, мен экономика – халықтың әл-ауқатына, қа-
уіпсіздігіне, ғылым мен мәдениетінің өркендеуіне, тіршіліктің барлық сала-
сына негіз болатын тірек екеніне көз жеткіздім. Сол себепті де, ұлттық эко-
номиканы тұрақты өсу жолына бағыттайтын экономикалық реформаларды
жүргізу ісіне бар күш-жігерімді сала кірістім.
Нақты дәлелденген жайт: транзит жағдайында экономикаға емес, сая-
сатқа ерекше көңіл бөлген елдер дамудың даңғыл жолына түсе алған жоқ.
Ал мен Қазақстанның маңдайына жан-жақты жетістігі мол, экономикасы
өркендеген мемлекет болу бұйыратынына нық сендім.
2003 жылдың желтоқсанында «алдымен экономика – содан кейін сая-
сат» тұжырымы дүниеге келді. Бұл – «саяси өзгерістердің қажет екеніне дау
жоқ, бірақ олардың сәтті жүзеге асуы үшін, ең алдымен, тиімді де бәсекелі
экономика болуға тиіс» дегенге саятын сөз еді.
Сол уақыттың негізгі экономикалық статистикалық көрсеткіші көңіл көн-
шітерлік еді. Жаңа ғасырдың алғашқы үш жылында ІЖӨ өсімінің жылдық
қарқыны 10 проценттен асып түсетін. Бұл 1990 жылдардағы құлдырауды то-
лық еңсеріп шығуға мүмкіндік берді. Егер 1993 жылы жан басына шаққан-
дағы ІЖӨ шамамен 700 доллардан келсе, 2004 жылы ол 2 мың долларға
жетті. Бұл көрсеткіш жөнінен Қазақстан еуразиялық кеңістікте екінші орынға
шықты. Еліміз барлық әлеуметтік-экономикалық көрсеткіш бойынша көш
басындағы мемлекеттердің қатарына енді.
Қазақстан барысы алға ұмтылды
Өндірістің өсуі экономиканың барлық салаларында да байқалды, ин-
фляция қарқыны бәсеңдеді, ұлттық валюта бағамы тұрақты деңгейде ор-
ныға бастады, еліміздің алтын-валюта қоры айтарлықтай дәрежеде то-
ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
215
лығып жатты. Мұның бәріне сеп болған жайт: біздің негізгі экспорттық
байлықтарымыздың – қуат көздерінің, металдың және астықтың әлемдік
бағасының һәм жаһандық сұранысының өсуі арқылы Қазақстан дүние на-
рығына екпіндей енген еді.
Экономикадағы оң үрдістер мемлекеттік бюджеттің ахуалына да тиімді
әсерін тигізді. 2003 жылы бюджет кірісі бірінші рет триллион теңгелік меже-
ден асты. Қазақстан ХВҚ қарыздарын мерзімінен бұрын қайтарды. Осыған
орай, еліміздің халықаралық беделі едәуір биіктей түсті.
2003 жылдың қарашасында мен кезекті рет Ли Куан Ю мырзамен кез-
дескенімде, осынау тәжірибесі мол шығыс саясаткері мені одан сайын қа-
наттандырар сөздер айтып еді. «Он жыл ішінде Қазақстан таңғаларлық та-
бысқа жетті, мен мұны тіптен күтпеген едім. Сіздер көршілеріңізден озып
кеттіңіздер. Тек олардан ғана емес», – деген-ді ол.
ХВҚ сарапшылары 2004 жылы: «Қазақстанның икемді экономикалық
саясаты оның әлемдегі ең шапшаң дамып келе жатқан елдің біріне айна-
луына мүмкіндік берді», – деп атап өтті.
2004 жылдың қарашасында Қазақстан қаржыгерлерінің Алматыда өт-
кен төртінші конгресінде сөз сөйлеген Бүкіләлемдік банктің президенті
Джеймс Вулфенсонның лебізі есіме түседі. Ол Қазақстанның экономика-
лық жетістіктеріне тәнті екенін сүйсіне айтқан еді. «Бүкіл әлемде экономика
жылына 4–5 процентке өссе, Қазақстанда 9 процентке өсіпті, – деп еді
ол. – Қазақстандықтардың мақтанатындай да жөні бар. Мен елдеріңіздегі
ілгерілеу бағытындағы бағдарламаларды жоғары бағалаймын және пер-
спективалық даму жоспарында табиғи ресурстарға ғана емес, адам ре-
сурсына да сенім арту керектігі жөніндегі Нұрсұлтан Назарбаевтың ойын
қолдаймын. Ең басты байлық – халық, сондықтан да адамдардың, әсіресе
жас ұрпақтың денсаулығына, тәрбиесіне және біліміне барынша көп көңіл
бөлген жөн».
Мұнымен қатар, тағы бір маңызды жайт – Қазақстан мемлекеттік билік-
тің әлсіреуіне, саяси жүйе тепе-теңдігінің бұзылуына жол берген жоқ. Алға
қойылған мақсатты бүкіл деңгейі мүлтіксіз атқарған күшті, жауапты, орта-
лықтандырылған мемлекеттік вертикаль – міне, Қазақстан жетістігінің басты
шарты осы.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, инвестициялық цикл, әдетте онжыл-
дықты қамтиды және электоралды циклдарға қарамастан, ұлттық экономи-
каның орнықтылығын талап етеді. Сондықтан мен тиянақты, дәйекті түр-
де, бір қадам да кері шегінбестен, экономикалық өрлеу сатысында саяси
тұрақтылықты қамтамасыз етер барлық тактикалық іс-әрекеттерге бардым.
216
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Достарыңызбен бөлісу: |