226
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
2005–2008 жылдары Шығыс Қазақстанның
әкімшілік орталығын
еліміздің темір жол желісімен тікелей жалғайтын Өскемен – Шар теміржол
магистралінің құрылысы жүргізілді. 2009–2012 жылдары Қорғас – Жетіген
(Алматы облысы) жаңа теміржол желісі іске қосылып, Қытаймен шекараға
шығатын екінші бағытымызға айналды.
Жаңа теміржолдар Қазақстанның өз ішінде де, транзит мәселесінде де
ара қашықтықты, уақытты, тасымал шығынын едәуір қысқартты.
2001 жылы Автожол саласын дамытудың 2001–2005 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. 15 мың шақырым жол қайта қал-
пына келтірілді. Ертіс және Жайық өзендері үстіне салынған жаңа көпірлер,
Оңтүстік Қазақстан облысындағы Бағыс – Атамекен және Қызыләскер –
Асықата автожолдары инфрақұрылымның ірі жаңа нысандары болды, аса
маңызды Астана – Алматы автомагистралі қайта қалпына келтірілді. 2009
жылдың қарашасында Қазақстандағы алғашқы Астана – Бурабай автобаны
ашылды.
Қазақстан мен Қытайдың 2004 жылғы келісімі бойынша құрылған Шека-
ра бойындағы ынтымақтастықтың «Қорғас» халықаралық орталығы Шығыс
Азияға ашылған қақпа іспетті болды. Қазақстан – Қытай шекарасындағы
«Достық – Алашанькоу» және «Қорғас», сондай-ақ Түрікменстан мен Иран
арасындағы «Серахс-Мешхед» шекаралық теміржол өткелдері жаңа тран-
зиттік дәліздердегі өзара қатынасты едәуір күшейтті.
Ақтау халықаралық теңіз портын қайта
қалпына келтіру Қазақстан-
ның Каспий теңізі арқылы халықаралық көлік маршруттарына қосылуына
мүмкіндік берді. Бұл кезеңде Қазақстан көлік саласындағы екі стратегия-
лық мақсатқа қол жеткізді: Каспий және сол арқылы жанама түрде – Қара
теңіз-Жерорта теңізі және Балтық бассейндеріндегі, Парсы шығанағы
мен Оңтүстік-Шығыс Азиядағы порттарға тура жол ашылды, сондай-ақ ірі
ауқымдағы транзит жүк ағыны үшін қолайлы жағдай жасалды.
2000-шы жылдардың орта шенінде Қазақстан Каспий және Қара теңіз
аралығында кеме жүзетін «Еуразия» каналы құрылысының жобасын ұсынды.
Азаматтық авиация саласында 2000-шы жылдары Астанада, Алматыда
және Атырауда транзитті хаб-әуежайларды дамыту басым бағытқа айнал-
ды. Сонымен бір мезетте облыстық әуежайларды қайта қалпына келтіру
жұмысы да жүргізіле берді.
2001 жылы британдық BAE
Systems компаниясымен бірлесіп, жаңа ұлт-
тық әуе тасымалдаушы – Air Astana әуе компаниясын құру туралы ойдың
нағыз көреген шешім болғанына кейінірек көз жетті. Сол уақытта «Эйр Қа-
зақстан» әуе компаниясы менеджментіндегі дағдарыс бүкіл отандық авиа-
циядан айырылуға апарып соғуы мүмкін еді. Егер жаңа компания құрыл-
ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
227
мағанда, біз қазір мүлде авиациясыз отырған болар едік. Air Astana-ны іске
қосу өзін-өзі толық ақтады – 2000-шы жылдардың ортасынан бері қарай
бұл компания елдегі әуе жолаушыларының негізгі
ағынын қамтамасыз етті
және Орталық Азия, Шығыс Еуропа, ТМД елдері әуе тасымалдаушылары-
ның рейтингінде алдыңғы орындарды иеленіп жүрді.
2006 жылы ұлттық көлік жүйесін еуразиялық көлік дәліздеріне кіріктіруді
басым бағыт етіп белгілеген 2015 жылға дейінгі Көлік стратегиясы қабыл-
данды. Сонымен бірге Қазақстанның халықаралық сауда ағындарына енуі
ел өңірлерін дамытумен жүйелі үйлестіріліп отырды.
Достарыңызбен бөлісу: