ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
261
емес ұйымдар арасындағы әріптестік қарым-қатынасқа серпін берді. 2004
жылдың маусым айындағы «Отан» партиясының VII съезінде мен реформа
жылдарында адамдардың азаматтық бастамаларын нығайта түскенімізді
атап өттім. Бұл кезде елімізде 4,5 мыңнан астам ҮЕҰ бар еді. Азаматтық фо-
рум аясында «үшінші сектор» мен мемлекет арасындағы қарым-қатынас-
тың жаңа моделі пайда болды.
2005 жылдың қыркүйек айында ІІ Азаматтық форумда үкіметтік емес ұй-
ымдардың Азаматтық альянсы құрылды. ҮЕҰ Ұлттық ақпараттық ресурс ор-
талығы ашылды. Қоғамдық-саяси диалог жалғаса түсті, соның нәтижесінде
2006–2011 жылдарға арналған азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы
дүниеге келді.
Азаматтық қоғамды дамытпасақ, саяси либералдандыру процестері
алға баспайтынын мен жақсы түсіндім. Сондықтан 2006 жылдың мамы-
рында Парламентке конституциялық реформалар жиынтығын ұсына оты-
рып, азаматтық қоғам институттарын қолдауға баса назар аудардым.
2007, 2009 жылдары ІІІ және IV Азаматтық форумдар өткізілді. Мемле-
кеттік органдар басшыларының азаматтық қоғам алдындағы жария есебі
тәжірибеге енгізілді. 2011 жылдың қазан айында өткен V Азаматтық фо-
румда тәуелсіздіктің жиырма жылындағы «үшінші сектордың» дамуы тура-
лы ұлттық баяндама қабылданды. 2006–2011 жылдарға арналған азаматтық
қоғамды дамыту тұжырымдамасы іске асырылды.
Бұл кезеңде демократиялық институттар нығайып, үкіметтік емес ұй-
ымдардың дамуына қолайды жағдай жасалды. Дәл осы кезде Адам
құқықтары жөніндегі өкілетті өкіл – омбудсмен қоғамдық институты құрыл-
ды, ал Қазақстан адам құқықтары жөніндегі халықаралық шартқа қосылды.
Жаңа сапалы жалпыұлтттық диалог алаңдары өмірге келді. Демокра-
тиялық реформалардың жалпыұлттық бағдарламасы осы алаңдар жұмы-
сының негізгі қорытындысы болды. Осының барлығы демократиялық өз-
герістерге жаңа серпін берді.
Достарыңызбен бөлісу: