256
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
2001 жылдың қазанындағы ҚХА-ның VIII сессиясында біздің әрқайсы-
сымыздың жалпы халықтың бір бөлшегі екенімізді сезіну санасының қа-
лыптасып қалғандығын атап көрсеттім. Қазақстанның болашақта бақуатты
әрі гүлденген мемлекет болуы үшін, біз ортақ үйімізді жайғастыруға ұмтыл-
дық әрі 2005 жылы ҚХА-ның онжылдығында өткізілген сессияның ұраны
«Бірлік жасампаздыққа бастайды» болуы да тегін емес.
Тәуелсіздіктің жаңа кезеңінде қазақстандықтарды ауқымды ортақ іс, әр
адамның елдегі экономикалық, әлеуметтік және саяси табыстарға тікелей
қатыстылығы, Қазақстанның дамуына деген мақтаныш біріктірді.
Әр үйдегі экономикалық өсім, игілік қазақстандықтардың жалпы еңбе-
гінің нәтижесі болды. Сондай-ақ бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қо-
сылу міндеті де жалпыұлттық бірігуді нығайтуды талап етті.
Бәсекеге қабілетті ұлт – ынтымақшыл ұлт. Сондықтан мен дәл сол 2006
жылы «егер беделді де бәсекеге қабілетті ел болғымыз келсе, онда біріккен
әрі ұйымдасқан ел болуға тиісті екенімізді» нақты атап көрсеттім. Ондай
ұлт – ортақ құндылықтарға интеграцияланған, ырғақты тілдік ортасы бар,
болашаққа ұмтылған ұлт болуға тиіс.
2000 жылдары Қазақстанда даму мен өсу дәуірінің жалпыұлттық, жал-
пыхалықтық өрлеуінен туындаған бірлік қалыптасты.
Ұлтаралық келісім мен бірліктің айтарлықтай нәтижеге қол жеткізуінің ай-
ғақтары аз болмайтын. 2008 жылдың қазанындағы әлемдік дағдарыс дауылы
Қазақстанды сынға алғанда, мен Астананың салынуы, ғылымдағы жетістіктер,
спорттағы жеңістер тәрізді үш сәтті халықтың есіне салдым.
Достарыңызбен бөлісу: