Дінаралық келісім мен диалог
2010 жылдың басына қарай Қазақстанда 10 конфессия мен деномина-
ция, 4,4 мың діни бірлестік жұмыс істеп тұрды. 3,3 мыңнан астам діни ғима-
рат – мешіттер, ғибадатханалар, костелдер, синагогалар және т.б ашылды.
Елдегі конфессияаралық келісім, сондай-ақ Діни көшбасшылар съезін
өткізуіміз жаһандық дінаралық диалогтың жоғары рухани маңызын халқы-
мыздың жете түсінгенін құжат түрінде растады.
Конфессияаралық диалогты жүзеге асыру үшін Қазақстанда әмбебап
алаңқай жасау жолындағы мақсатты іс-әрекетіміз елімізде дінаралық бей-
268
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
бітшілік пен келісімді сақтауымызға мүмкіндік берді. Біз барлық дәстүрлі
діни ұйымдар мен бірлестіктер өкілдерін қолдаймыз және байланыста да-
мыта береміз. Арнайы осы үшін 2000 жылы ел үкіметі жанынан Діни бір-
лестіктермен байланыс жөніндегі кеңес құрылды. Саяси, ұлтаралық және
конфессияаралық диалогтарда араағайындыққа жүру Қазақстанның ішкі
ғана емес, сыртқы саясатында да басым бағытқа айналды. Сыртқы саяси
қызметтегі бұл бағыт еліміздің әлемдік қоғамдастыққа кірігуіне және Қа-
зақстанның әлемдік аренада беделі арта түсуіне көп үлес қосатыны сөзсіз.
Біздің ел дін мен өркениет диалогы бағытындағы маңызды халықара-
лық бітімгерлік жобалардың бірнешеуіне бастамашы болды.
2002 жылы Қазақстан халықтары Ассамблеясының ІХ сессиясында сөй-
леген сөзімде Еуразия конфессияаралық бейбітшілік пен келісім хартиясын
қабылдау идеясын жария еттім. Осы үндеуімді құрлықтағы барлық конфес-
сия өкілдеріне арнап айттым.
Қазақстанның жаһандық бітімгерлігі дінаралық келісім бастамасын-
да, сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер съезінде ерекше бай-
қалды. Съезд өткізу идеясын мен 2003 жылы Ватиканға барған сапа-
рымда ІІ Иоанн Павелмен талқылаған едім. Бұл бастаманың принципті
жаңашылдығы дінаралық форум өткізуді бірінші рет негізінен мұсылман-
дар мекен ететін ел президентінің ұсынуында еді. Бүкіл әлемнің хрис-
тиан-католиктерінің рухани көшбасшылары қолдау білдіріп, басталған
іске батасын берді. Дінаралық съезд идеясын көптеген белгілі әлемдік
саясаткерлер де оң бағалады. Олардың ішінде мен көп жылдар бойы
жемісті қарым-қатынас жасаған – үлкен Дж. Буш, М. Тэтчер, Цзян Цзэ-
минь, К. Аннан, Н. Мандела, С. Демирел, М. Мохаммад және басқа да
көптеген саясаткерлер болды.
ХХІ ғасырдың бірінші онжылдығында – 2003, 2006 және 2009 жылдары
Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының үш съезі өт-
кізілді.
2003 жылдың 23–24 қыркүйегінде Астанада І Әлемдік және дәстүрлі
діндер съезі өтті. Қазақстан орындалуы неғайбыл нәрсені жүзеге асырды
– дөңгелек үстел басына әлемдік ірі конфессия өкілдерін бетпе-бет жи-
нады. Бұл бастамашы және рухтандырушы болу бақыты маған бұйырған
қалыптан тыс, форматы мен мәні жөнінен бірегей, шынында да ғаламдық
деңгейдегі оқиға болды.
Форумға ислам, христиандық, буддизм, иудаизм, индуизм, синтоизм,
даосизм және басқа конфессиялардың жоғары деңгейдегі өкілдері қатыс-
ты. Негізгі әлемдік діндер көшбасшылары тарихта бірінші рет бас қосып
қана қоймай, конфессияаралық диалог халықтар мен ұлттар арасындағы
ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
269
бейбітшілік пен келісімді қолдаудың маңызды құралы ретінде қарастыры-
латын декларацияны бірлесіп қабылдады. Съезді тұрақты түрде, үш жылда
бір рет өткізіп тұру келісілді.
Сол кезде, 2003 жылы, диалогтың маңыздылығы жайлы әл-Азһар уни-
верситетінің Бас имамы, Шейх Мұхаммад Саид Тантауи: «Жағымды диалог,
әйгілей айтайын, жағымды және пайдалы диалог ақиқатқа сүйеніп, өтірік-
тен аулақ болуға тиіс. Біз жақтастарымызбен де, тіпті бізді жақсы көрмеуі
мүмкін қарсыластарымызбен де әңгіме жүргізе алуымыз қажет», – деген
еді.
2006 жылдың қыркүйегінде Астанада, съезд өткізуге арнайы тұрғы-
зылған Бейбітшілік және келісім сарайында әлемдік және дәстүрлі діндер
көшбасшыларының ІІ кездесуі өтті. Оған әлемнің 26 елінен 29 діни деле-
гация қатысты. Съезд «Дінаралық диалог принципін» және қақтығыстарды
болдырмауға шақыру Декларациясын қабылдады.
2009 жылдың маусым айында Астанада әлемнің 35 елінен келген 77 де-
легацияның қатысуымен ІІІ Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары-
ның съезі өтті. Әлемдік қоғамдастықты шынайы дінаралық диалог орнату
үшін діни көшбасшылардың күш-жігерін қолдауға ықпал етуге шақырған
үндеу қабылданды. Мен Астанадағы съездер дінаралық қақтығыстар қаупін
артта қалдыру және жаһандық рухани келісімді нығайту жолындағы біздің
шынайы үлесіміз болғанына сенімдімін. Өз жерінде түрлі діндердің бей-
біт-қатар өмір сүруіне және олардың диалогына жағдай туғызған Қазақстан
осы форумға ерекше лайық алаң бола білді. Біз Қазақстандағы барлық кон-
фессияға қажетті назар аудардық. Өйткені ішкі конфессияаралық келісім –
жалпыұлттық келісімнің бір тірегі екеніне сенімім зор.
Мен әлемдік конфессиялар көшбасшыларын бір үстел басына жинау-
дың жекелеген діни ілімдерді мансұқтауға қарсы күшті құрал болатынын
жақсы түсіндім. Съезге қатысушылардың діни сенім мен дін ұстанудың әр
алуандығы ортақ күдік-күмәнға, кемсітушілікке және қорлауға емес, әрбір
дін мен мәдениеттің бірегейлігін жарқырата көрсететін ортақ түсінік пен
үйлесімге жетелеуі қажеттігін бірауыздан қолдауы да ерекше маңызды еді.
2003 жылы Алматыда Қазақстандағы бірінші ислам жоғары оқу орны
– «Нұр» Қазақ-Египет ислам университетінің ашылуы айрықша оқиға бол-
ды. Жыл өткен сайын қажылыққа – барлық мұсылман үшін қасиетті Мекке,
Медина қалаларына зиярат етуге қазақстандық мұсылмандар арасынан
аттанушылар саны да көбейді. Ел аумағында жаңа мешіттер мен ғибадат-
ханалар салынды.
Қазақстандықтардың басым көпшілігі ұстанатын екі ірі дінге – ислам мен
христиандыққа құрмет ретінде 2005 жылы мен мұсылмандардың Құрбан
270
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
айт мейрамын және православтардың Рождество мерекесін мерекелік де-
малыс күндері деп жариялау мәселесін көтердім. Діндерге құрмет көрсе-
тетін әділ шешімді қазақстандықтар қуана қолдады.
2006 жылы «Мұсылман әлемі және Батыс» конференциясын өткізу ту-
ралы идеямды батыстың және мұсылман әлемінің бірқатар көшбасшы-
ларымен бөліскенім есіме түседі. Мұндай байсалды әңгімесіз көптеген
әлемдік мәселені шешу мүмкін емес деп санаймын.
Лондонда мен осы тақырыпты Ұлыбритания премьер-министрі
Тони Блэрмен талқыладым. Шынын айтқанда, оның осы шетін мәсе-
леге қатысты ұстанымы жайлы өз пікірімді аздап өзгерттім. Бірінші-
ден, ол қазіргі келіспеушіліктің түпкі мәнін терең түсінеді. Қайнар көзін
соңғы жүзжылдықтың қойнауынан алатын Британия шығыстану мек-
тебі саясатпен және барлаумен жиі жымдасып кетті емес пе? Мен бұл
саладан Блэрдің жай ғана хабардар емес екенін, сараптамалық түрде
жетілдірген білімі барын анық сездім. Екіншіден, Блэр экстремизм мен
дінді дәл ажыратты. Оның исламға деген құрметіне еш күмәнім қалған
жоқ. Көп саясаткерге қарағанда, жағдайды әншейін қабылдай салмай-
ды. Ол әрекет еткенді жақсы көреді.
Т.Блэр маған: «Осындай диалог қажет. Бірақ оны мен бастасам, Сіз
бастағандай қабылданбайды. Бұл бағыттағы жұмыстың өзі өте пайдалы.
Кез келген қадам, кез келген әрекет тек қолдау табады», – деп ашығын айт-
ты. Біз дұрыс бағытқа бет түзедік деп ойлаймын. Бүгінде саясаткерлердің
басым бөлігі осындай әңгімелесудің қажет екенін жете сезінді.
2008 жылдың 17 қазанында Астанада біз сондай бірінші конферен-
цияны Еуропа және мұсылман елдерінің бірнеше ондаған сыртқы істер
министрінің қатысуымен «Ортақ әлем: Әралуандық арқылы ілгерілеу»
тақырыбында өткіздік. Негізгі мәселе – ислам әлемі мен Батыстың қа-
рым-қатынасы.
Сол жиында мен сыртқы істер министрлеріне ЕҚЫҰ төрағалығы қар-
саңында біз Еуропа елдерімен экономикалық, саяси және мәдени өлшем-
дерде өзара кең әрекеттестік бойынша нақты міндеттер қойылған «Еуропаға
жол» арнайы бағдарламасын қабылдағанымызды айттым. Сонымен бірге
Қазақстан негізінен мұсылман халқы тұратын зайырлы мемлекет ретінде
Ислам әлемі мемлекеттерінің негізгі трансформациялық жолын анықтай-
тын Ислам ынтымақтастығы ұйымының онжылдық бағдарламасын ұстана-
ды. Адамзаттың үш ұлы өркениетінің – христиандық, мұсылмандық және
буддистік әлемнің тоғысында географиялық тұрғыда орын тебе отырып, біз
ғасырлар бойы осы ұлы тәжірибені сіңірдік. Біз Шығыстың даналығы мен
ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
271
дәстүрінің Батыстың ғылыми және мәдени жетістіктерімен синтезін беретін
зор артықшылықтарды анық байқадық.
Дегенмен соңғы кездері халықаралық саясат өзінің көптеген көрінісінде
«қорқыныш идеологиясы» ретінде сипаттала бастағанын аңғармай қалуға
болмайды. Тіпті кейбір «аузы жеңіл ағайындар» ислам мен христиандықтың
бітіспес майданға түскенін айта бастады. Орта ғасырлардағыдай, «мұсыл-
мандар – батыс өркениетіне төнген қауіп, ал христиандық әлем ислам ел-
деріне қатысты жаңа колониалистік қарымта қайтару аңсарына көзсіз бой
ұрған» дегенге саятын идеяларды адамдарға күштеп таңғылары келеді.
Мұндай жалған ой-пікірді мейлінше қатты айыптауға тиіспіз! Бұл Батыстағы
«ислам фобиясына» да, Шығыстағы «батыс фобиясына» да қатысты. Бүгін-
де адамзатты тағы да «өзімдікі» және «бөтен» деп бөлуге тырысушылыққа
ортақ тойтарыс беру ерекше маңызды.
Қазіргі әлем мозаика іспетті – бір тасы түсіп қалсыншы, барлық карти-
на бұзылады. Ғаламшар тұрғындарының ширегіне жететін ислам әлемінің
қатысуынсыз ХХІ ғасырдың ешбір жаһандық мәселесін шешу мүмкін емес.
Өздеріңіз білетіндей, 2010 жылы Қазақстанды ЕҚЫҰ төрағалығына таңдау
шешімі негізінен Қазақстан ғана Еуразия кеңістігіндегі көптеген қақтығысты
шешу мәселесінде шынайы қолдау көрсете отырып, мұсылмандық және
еуропалық қоғамдастықтар арасына таптырмас араағайындыққа жүре ала-
тындығынан қабылданды. Бұл пікірді сарапшылар бірауыздан қолдады.
Әуелі ЕҚЫҰ-ға, содан кейін 2011 жылы Ислам ынтымақтастығы ұйымына
төрағалық етіп, Қазақстан өзінің мұсылман әлемі мен Батыс елдері арасын-
дағы бірегей араағайындық міндетін қазірдің өзінде жалғастырып жатыр.
«Батыс – мұсылман әлемі» желісі бойындағы халықаралық шиеленістің
өршуі жағдайында қордаланған мәселелер мен қайшылықтарды шешуде
таптырмас араағайындыққа жүре алатын бірегей мемлекет тек Қазақстан
ғана болып келеді. Біздің ЕҚЫҰ төрағалығынан кейін бір жыл өтпей Ислам
ынтымақтастығы ұйымына төрағалық етуіміз – Қазақстанның осы геосаяси
рөлін түсінудің нақты дәлелі.
272
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Достарыңызбен бөлісу: |