НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет150/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   264
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

8. БҰРЫН-СОҢДЫ БОЛМАҒАН 
ЗИЯТКЕРЛІК ӨРЛЕУ
БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, МӘДЕНИЕТ, СПОРТ
Мектепке дейінгі және орта білім: 
мемлекеттің ерекше назарында
Е
кі мыңыншы жылдардағы экономикалық және интеллектуалды өркен-
деу жағдайында білім сапасы, оның елдің перспективалы қажеттілігіне 
және әлемдік стандарттарға сәйкестігі алдыңғы орынға шықты. Жаңа даму 
бағдарламалары, Астананың қарқынды өсуі, жоғары дәрежелі мамандарға 
сұраныс, демографиялық дүмпу, белсенді көші-қон үдерістері – осының 
бәрі қазақстандық білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өтуін талап 
етті. 
2004 жылдың қазанында білім мен ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезін-
де мен отандық білім беру жүйесіндегі үш негізгі мәселені атап көрсеттім. 
Олар – білім сапасы, демографиялық үдерістерден артта қалу, халықара-
лық стандарттарға бейімделмеу.
Мектепке дейінгі мекемелердің жетіспеушілігі өте қатты білінді. 2000 
жылдардың басында ғана мектепке дейінгі тәрбиелеу орындары қайта 
еңсе көтере бастады. Балалармен жұмыс істеудің жаңа формасы – дамыту 
орталықтары ашылды. Балабақшалардың саны өсті (2003–2007 жылдары – 
35 процентке көбейді). Дегенмен әлі де мектепке дейінгі тәрбиемен және 
оқытумен балалардың үштен бір бөлігі ғана қамтылған еді.
Ең алдымен балабақшалар мен бөбекжайлардың инфрақұрылымын 
жақсартып, орын тапшылығын бірте-бірте жою арқылы мектепке дейінгі 
білім беру мен тәрбиелеудің қолжетімділігін арттыра алдық. 1990 жылдары 
жекешеленіп кеткен ғимараттарды қайтарып алу да сондай шаралардың 
бірі болды. Осының нәтижесінде Қазақстан ТМД елдерінің ішінде балалар-
ды мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытумен қамтуда алдыңғы орынға 
шықты.
Демографиялық өсім жағдайында мемлекеттің ерекше күш-жігері қажет 
еді. 2010 жылдың қаңтар айындағы Қазақстан халқына Жолдауымда мен 
«Балапан» бағдарламасы жайлы жария еттім. Бұл алға жасалған шешімді 
қадам еді: 2011 жылдың өзінде мектепке дейінгі мекемелер желісі 500 жаңа 


ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
273
ұйымға дейін кеңейді. Енді мектепке дейінгі оқытумен балалардың жарты-
сынан астам бөлігі қамтылды. 
2000 жылдары орта білім саласына мемлекет инвестициясы ұдайы өсіп 
отырды. Ондаған жаңа мектеп ашылды. Барлық білім жүйесінің бәсекеге 
қабілеттілігі дәл осы орта топқа байланысты екені сөзсіз еді.
2009 жылы мектептерде 1200-ден астам биология, химия, физика ка-
бинеттері және лингафон студиялары жабдықталды. Компьютерлендіру 
аяқталды. 
2010 жылдың басында елімізде 7400 мектеп жұмыс істеді, онда 2,5 мил-
лионнан астам бала оқыды, 280 мың педагог еңбек етті.
Ауылдық білім ошақтары – мемлекет ерекше бақылауында ұстайтын 
сала. Қазақ тілінде білім алу мүмкіндігі ерекше қамқорлықта – 2010 жылға 
қарай шамамен республикадағы барлық мектептердің жартысында қазақ 
тілінде білім берілді.
Дегенмен елдің бірқатар аймағындағы мектептердің көпшілігінде орын 
тапшылығы әлі де бар еді. Сабақ үш ауысымда жүргізіліп жатты. Мектеп ғи-
мараттарының біразы апаттық жағдайда тұрды. Осы өзекті мәселені шешу 
үшін 2007 жылы мен Үкіметке «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасын 
қабылдауды тапсырдым. Құжат бойынша еліміздегі қажеттілік туындап 
тұрған аймақтарда әлеуметтік нысандар құрылысы қарастырылды. Бағдар-
ламаны іске асырудың арқасында 2012 жылға қарай Қазақстанда жаңа буын 
құралдарымен жабдықталған 106 мектеп салынды. Біз бұл межеге, әлемдік 
қаржы дағдарысы туындатқан барлық қиындықтарға қарамастан, табысты 
түрде қол жеткіздік. 
2004 жылдан бастап Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) енгізіл-
ді. Ол мектептегі білімнің қорытынды аттестациясы және жоғары оқу орын-
дарына түсу емтиханы қызметін қатар атқарды. ҰБТ-ны енгізу мектеп түлек-
тері үшін бірдей бастапқы мүмкіндік қалыптастыруда және елдегі жоғары 
оқу орындарына қабылданар кезде ашықтықты арттыруда маңызды қадам 
болды. ҰБТ механизмі педагогтер қоғамдастығымен пікірлесу жағдайында 
үнемі жетілдіріліп, өзгермелі уақыттың талаптарына сай жақсартылып оты-
рады.
Экономика мен индустриаландырудың өсімі байқалған кезде техника-
лық және кәсіптік білім берудің үлкен перспективасы пайда болды. 2005 
жылғы Жолдауымда мен бірінші кезекте өзіміз сол кезде қатты мұқтаждық 
көрген техникалық мамандықтарды дамыту қажеттігіне баса назар аудар-
дым. Колледждерде, кәсіптік мектептер мен лицейлерде 500 мыңнан астам 
адам оқып жатты. Оларды қолдау үшін Техникалық және кәсіптік білім беру-
дің 2008–2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. 


274
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Балалардың шығармашылық қабілетін дамытатын және бос уақытын 
тиімді пайдалануға бағытталған қосымша білім де уақыт талап еткен жаңа-
лық болды. Елімізде жаңа оқушылар сарайлары, музыка және көркемсу-
рет мектептері, техникалық, экологиялық және туристік стансалар ашылды, 
бұрынғылары қайта жаңғырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет