НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Үшінші кезең. Өрлеу және әлемдік дағдарыс арқылы әрі



Pdf көрінісі
бет262/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   264
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Үшінші кезең. Өрлеу және әлемдік дағдарыс арқылы әрі 
қарай даму (2000-шы жыл – 2010-шы жылдардың басы)
Мен Мемлекет басшысы ретінде болашақтың басымдықтары мен 
жақын жылдардағы міндеттерді белгілейтін халыққа Жолдауларымда жаңа 
ғасырдың ерекшеліктерін жүйелі түсіндіруге тырыстым. 
Әрбір Жолдау көптеген тың ойлардан тұратын. Олардың әрқайсысы 
мемлекеттік басқару жүйесін тұтас қамтып, нақты әрекеттерге бастайтын, 
заңға бергісіз күші бар жалпыұлттық жан-жақты жоспарға ұласатын. 
2000-шы жылдардағы Жолдаулардың бас тақырыбы – әлемдегі бәсеке-
ге қабілетті елу елдің қатарына қосылу бағдарламасы. 
Жас ұлттың асыл арманын іске асыруы, мемлекеттік ерік-жігердің тама-
ша орындалуы іспетті Астана 2000-шы жылдардағы өрлеудің ең айшықты 
көрінісі болды. Жас елордамыз – бойына ұлттық, еуропалық және шығыс сим-
волдарын біріктірген, сәулет өнерінің нағыз інжу-маржандарының шоғыры. 
Осылайша Астананы ХХІ ғасыр мегаполисіне айналдырудың негізі қаланды.
Астана мемлекеттік егемендік пен Қазақстанның болашаққа деген 
қарқынды ұмтылысының символына айналды. Еуразияның маңызды ор-
талығы ретінде ХХІ ғасырда ірі халықаралық форумдар өткізу – Астананың 
жаһандық миссиясындай болды.
2005 және 2011 жылдардағы президент сайлаулары, 2004, 2007 және 
2012 жылдардағы парламент сайлаулары мемлекеттік институттар мен сая-
си тұрақтылықты жетілдіру мен нығайтудағы маңызды кезеңдер болды.


494
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Диалог пен либералдандыру – 2000-шы жылдардың саяси тренді. Оның 
нәтижесі Парламенттің өкілеттігі мен азаматтық қоғамның мүмкіндігін кү-
шейткен 2007 жылғы Конституциялық реформа еді. 2012 жылғы сайлаулар 
нәтижесінде Мәжіліс көппартиялылық сипатқа ие болды.
Экономика 2000-шы жылдары өрлеуге бет алды. Оған жаһандық на-
рықтарға шығу, энергия көздері, астық, металл сияқты негізгі отандық экс-
порт өнімдеріне әлемдік бағаның өсуі ықпал етті. Ұлттық қор құрылып, 
ұдайы толықтырылып отырды. Шетелдік инвестициялардың көлемі өсті. 
Банк секторы қарқынды дамыды.
Экономиканы тұрақты дамытып, әртараптандыру үшін 2003 жылы Қа-
зақстанның индустриалды-инновациялық даму стратегиясы қабылданды. 
Көлік инфрақұрылымы белсенді дамыды. Аса маңызды бағыттарда темір 
жол салынды.
Жаңа ғасырдың бірінші онжылдығының ортасында Қазақстан әлемде-
гі ең қарқынды дамушы мемлекеттердің біріне айналды. Даму үдерісінде 
стратегиялық жоспарлар, тіпті мерзімінен бұрын орындалып жатты. Сөйтіп, 
ІЖӨ (2000 жылмен салыстырғанда) мерзімінен екі жыл бұрын, 2008 жылы, 
екі есеге артты. Қазақстанның жетістіктері әлемдік рейтингтердегі еліміздің 
жоғары көрсеткіштері арқылы өрнектеліп жатты.
Экономиканың өсуі ауқымды әлеуметтік міндеттерді шешуге мүмкіндік 
берді. Денсаулық сақтау және әлеуметтік саладағы реформалар әрбір қа-
зақстандықтың өмір сапасынан нақты көрініс тапты.
2008–2009 жылдардағы қаржы-экономикалық дағдарыс қазақстандық 
экономика мен қаржы жүйесінің беріктігін сынға салды. Дегенмен, оның 
азиялық дағдарыстан айырмашылығы – Қазақстан экономикасы қарыштап 
өскен, Ұлттық қорда жинақталған айтарлықтай активтері бар ел болатын. 
2007–2008 жылдардағы дағдарысқа қарсы бағдарлама өзінің тиімділі-
гін көрсетті. Қазақстанның дағдарысқа қарсы бағдарламасын сарапшылар 
жаңа тәуелсіз мемлекеттер арасындағы анағұрлым жүйелі және жедел 
бағдарлама деп бағалауы кездейсоқ емес.
2009 жылы дағдарыстан кейінгі даму және үдемелі индустриаландыру 
бағдарламасы алға шықты.
Сыртқы қиындықтар жағдайындағы ең маңызды фактор тағы да қоғам-
дық келісім, ел бірлігі болатын. 2000-шы жылдары Қазақстан этносаралық 
келісімнің дербес үлгісін жасады. Қазақстан халқы Ассамблеясы конститу-
циялық мәртебеге ие болды.
2000-шы жылдарда халықтың әл-ауқаты айтарлықтай артты. Қазақстан-
дықтардың әлеуметтік-психологиялық көңіл-күйі бұрынғыдан әлдеқайда 
айрықша жақсарды. Бала туу көбейді, халықтың жалпы саны артты. Көші-


ТҰЖЫРЫМ. ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЗЕҢДЕРІ 
495
қон бойынша оң нәтиже байқалды. Мемлекет шетелдерде тұратын қан-
дастарымыздың атамекенге оралуына айрықша назар аудара бастады. 
«Нұрлы көш» бағдарламасы бекітілді.
Қазақстан конфессияаралық келісімнің үлгісіне айналды. Біз дінаралық, 
соның ішінде әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының съезі аясында 
өткен диалогқа бастамашы болдық.
2000-шы жылдары білім беру, ғылым, мәдениет, спортта өрлеу бастал-
ды. 2010 жылы білім беру жүйесінің жаңаруына негіз болған Назарбаев 
Университеті мен Зияткерлік мектептері ашылды. Мемлекеттік тіл мен қазақ 
мәдениеті тың қарқынмен алға басты. Үш тілдің үйлесімді дамуы туралы 
бастама көтерілді. Қазақ спортының жеңістеріне бүкіл әлем куә болды.
2000-шы жылдар сыртқы саясат үшін де жылдам өрлеу дәуірі болды. 
Қазақстан жаһандық қоғамдастықта лайықты орнын иемденді, беделді, та-
бысты және бүкіл әлем сыйлайтын мемлекет мәртебесіне қол жеткізді. 2005 
жылы еліміз барлық көршілермен құрлықтағы шекарасын шегендеп біт-
ті. Мемлекеттік шекарамыз Қазақстанның егемендігін біржола бекітті, ұзақ 
мерзімді келешекке бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етті. Айқын, 
заңды ресімделген және бүкіл шекаралас мемлекеттер мен БҰҰ мойындаған 
мемлекеттік шекара – Тәуелсіздік дәуіріндегі ең маңызды саяси жетістік.
Ядролық қауіпсіздік мәселесі сыртқы саясаттағы маңызды бағыт болды. 
Біз жалпыға бірдей ядролық қаруды таратпау жүйесін реформалау қажет-
тігін жүйелі түрде алға тарттық. Қазақстанның сыртқы саясатындағы үлкен 
табысы болып саналатын АӨСШК жобасы іске асты.
«Шанхай бестігі» халықаралық ұйым деңгейіне көтерілді – 2001 жылы 
Шанхай ынтымақтастық ұйымы пайда болды. Қазақстан осы өңірлік 
құрылымның қалыптасуына белсене қатысты. ШЫҰ мерейтойлық саммиті 
(2011) Астанада өтті.
Еуразия аумағында жаңа экономикалық ұйым – ЕурАзЭО пайда бол-
ды. 1990-шы жылдары біз ұсынған еуразиялық экономикалық ықпалдастық 
жобасы бірте-бірте алға басты.
Бауырлас елдермен қарым-қатынас нығайып, Түркітілдес мемлекет-
тердің ынтымақтастық кеңесі құрылды.
Қазақстан Еуразиядағы ірі мемлекет ретінде өзінің дербес көпқырлы 
саясатын жүйелі жүргізіп отырды. Ресей Федерациясымен, Қытай Халық 
Республикасымен, Америка Құрама Штаттарымен стратегиялық серіктес-
тік белсенді түрде дамыды. Еуропа одағы елдерімен ынтымақтастық аясы 
кеңейе түсті. 
Қазақстан Түркия Республикасымен, Орталық Азияның бауырлас мем-
лекеттерімен дәстүрлі ерекше қарым-қатынастарын жалғастыра берді. 


496
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етіп, Астана саммитін өткізуі тама-
ша нәтижелерге жеткізді, ол өз кезегінде Еуразиялық қауіпсіздік қоғамда-
стығына кең жол ашты.
Тұтастай алғанда, Тәуелсіздіктің үшінші кезеңі Қазақстанның, ең басты-
сы – жаһандық дағдарысты еркін еңсеріп, экономикалық өсімді одан әрі 
дамытуға қабілетті екенін көрсетті. Бұған іргелі дайындығы бар, өз күшіне 
сенімді елдердің ғана шамасы жетеді. 
Қазақстанның тұрақты және орнықты экономикалық өсімге қол жет-
кізуі – кезеңнің басты жетістігі. Әлемдік дағдарыс зардаптарын азайту және
алдын алудың шаралары жасалды. Экономикалық жаңғырудың арқасында 
Қазақстан жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингі бойынша үнемі жоға-
рылап отырды. 
Адам капиталына белсенді инвестициялар жасалды. Елдегі өмір сапа-
сы жақсарды. Орта тап қалыптасты, ұлттық кәсіпкерлік қауымдастығы жа-
сақталды. Ұлттық бірегейлікті нығайтуға, мәдени мұраны, салт-дәстүрді, 
тілді дамытуға, сондай-ақ мәдени және рухани көшбасшыларды қолдауға 
нақты қадамдар жасалды.
Жаңа мемлекеттік институттарды құру жемісті жүзеге асты. Адам құқықта-
рын қорғау мен ар-ождан теңдігін қамтамасыз ету институты құрылды, эт-
носаралық және конфессияаралық татулық пен келісім одан әрі нығайды. 
Сол кезеңде жұмылдырған күш-жігердің алтын тәжі жаңа елорда-
мыз Астана болды, өз кезегінде ол басқа қалалар мен елді мекендердің 
қарқынды дамуына үлгі-өнеге көрсетті. «Астананың гүлденуі – өңірлердің 
гүлденуі» ұстанымы белсенді жүзеге асырылды. 
Бұл кезеңде біз кедейшлікке , экономикалық дағдарыс пен тоқырауға, 
құлдырауға жол бермедік. Шеттен келу қаупі бар «түрлі-түсті революция-
лар» мен қоғамды іштен ірітіп, дүрбелең туғызу ниеттерінің жолын кестік.
Қорыта айтқанда, бұл кезеңнің айқын жетістігі – тұрақты экономикалық 
өсім. Қазақстан әлемдік дағдарысты нәтижелі еңсеріп шықты. 2030 стра-
тегиясы мерзімінен бұрын орындалды. Еліміз бәсекеге қабілетті елу елдің 
қатарына кірді, сөйтіп төрткүл дүние бізді әлемдік үдерістердің белсенді қа-
тысушысы ретінде мойындады. Осының бәрі – мемлекетіміздің абыройын 
асқақтататын айшықты жетістіктер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет