НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі



Pdf көрінісі
бет257/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   264
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі
XXI ғасыр – бұл жаңа, бірегей жаңалықтар мен технологиялардың ға-
сыры. Дәл сондықтан да мен 2010-шы жылдары бірінші кезекте индустрия, 
инновация, инвестиция мәселелеріне ерекше назар аударамын. Осыдан 
Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің 
идеясы туған болатын. Мен Астана бүкіл әлемге тек жаңа елорда және сая-
си алаң болып қана танылып қоймай, сонымен бірге технология, қаржы, 
зияткерлік ресурстар, тіпті, соңында туристер ағылып келіп құйылып жата-
тын орталық ретінде де танылса дедім. 
Қазақстанда көрме өткізу құқығын жеңіп алу оңай болған жоқ. Алғаш рет 
Астанада халықаралық көрме өткізу идеясын мен ЭКСПО-2008 көрмесіне, 
Испанияның Сарагоса қаласына барған сапарымда, біздің еліміз қола 
жүлдеге ие болған кезде ұсынғанмын. Қазақстанның ЭКСПО халықаралық 
көрме қозғалысына қатысу тарихы біздің еліміздің 1997 жылы Халықаралық 
көрмелер бюросына мүше болған кезінен басталады. 
Енді, міне, бұл күтпеген жерден Қазақстан үшін, жалпы технология үшін 
сондай күшті шараға айналып шыға келді. Қысқа уақыт ішінде, барлығы үш 
жылда, біз Астана қаласының алып жаңа ауданын салып шықтық. Ерекше 
аудан. Ол астаналықтардың өздері үшін де, бүкіл қазақстандықтар үшін де 
жиі келетін ең сүйікті орындарына айналуда. Туризм әуежайдан, вокзалдан 
басталмақ. Біз жаңа әуе гаванын және жаңа темір жол вокзалын салып, 
пайдалануға бердік. Егер бұрын Астана 3 миллион әуе жолаушыларын 
қабылдаса, енді қазіргі жолаушылар тасқыны 8 миллионға дейін жетеді. 
Астананың логистикалық нысандары ең заманауи технологиямен жаб-
дықталған. Барлық келушілер мұны өз көздерімен көреді және Қазақстан-
ның туристерді қабылдай алатынын түсінеді. Мұнда қонақтарды жақсы 
қарсы алады, түнде жақсы тынығуға болады, көретін жерлер де көп. 
ЭКСПО күндерінде Қазақстанның барлық өңірлерінен, облыста-
рынан, аудандарынан адамдар ағылып келіп жатты, олардың ішінде Аста-
наны алғаш көргендері қаншама десеңізші! Бүкіл әлемнен – 115 мемле-


482
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
кет! Келушілер Қазақстанның басқа аймақтарын да аралап көрді. Бәлкім, 
көпшілігі Бурабайда болған шығар. Қалай десек те бұл – елді насихаттау, 
оның танымалдылығының маңызы өлшеусіз. ЭКСПО әсері ересен.
Біздің прагматикалық есебіміздің мақсаты – «Болашақтың энергиясы» 
дейтін өзекті тақырып арқылы ғылыми үдерістің жүрегіне жол табу еді. Ол 
үмітіміз ақталды.
Үш жылдың ішінде ғаламат жұмыс жүргізілді – Астананың сол жаға-
лауында елорданың жаңа үлкен жүйе құрушы ауданы пайда болды. Бұл 
ретте «Астана ЭКСПО» кешені Назарбаев Университеті кешенімен үй-
лесе кетті.
ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі – 2017 жылы 
9 маусымда ашылды. Салтанатқа 17 мемлекет пен үкімет басшылары, оның 
ішінде Ресей президенті В.В. Путин, ҚХР төрағасы Си Цзиньпинь, Испа-
ния королі Филипп VI, Чехия президенті М. Земан, Өзбекстан президенті 
Ш. Мирзиёев, Қырғызстан президенті А. Атамбаев, Беларусь президенті 
А. Лукашенко, Түрікменстан президенті Г. Бердымұхаммедов, Тәжікстан 
президенті Э. Рахмон, БҰҰ-ның Бас хатшысы А. Гутерриш және басқалар 
қатысты. Мерекенің орталығы «Нұр Әлем» – әлемдегі ең үлкен сфералық 
ғимаратқа айналды. 
Көрменің ашылу салтанатында сөйлеген сөзімде мен Лондондағы 
алғашқы дүниежүзілік көрмеден бері өткен бір жарым ғасыр ішінде адам-
зат ғаламат технологиялық өзгерістерді басынан өткізгенін, қазір біз рево-
люциялық жаңалықтардың табалдырығында тұрғанымызды, көрмеміздің 
осынау жаһандық үдеріске бірегей үлес қосатынына сенімді екенімді айт-
тым. 
Жаһандық трендтерді ескере келе, Қазақстан ұшан-теңіз көміртекті су 
қоры сақталғанына қарамастан, белсенді түрде жаңартылған энергия көзін 
пайдалануға көшетін болады деп атап көрсеттім. Мұндай мақсат біздің 
«Стратегия-2050» және «жасыл экономикаға» өту тұжырымдамамызда 
тұжырымдалған. Қазақстан – 2050 жылға қарай электр қуатының жалпы 
көлемінің жартысын жаңартылған энергия көздерін пайдалану арқылы өн-
діретін болады. Сонымен бір мезгілде экономиканың қуат сыйымдылығы 
қысқаратын болады. 
Көрмеге 115 мемлекет және 22 халықаралық ұйымдар қатысты және өз-
дерінің жетістіктерін ұсынды. ЭКСПО-2017 көрмесіне жүзден астам ел, ірі 
трансұлттық компаниялар және 18 халықаралық ұйымдар қатысты. Бұл – 
оған деген аса зор қызығушылықты және тақырыптың өзектілігін байқата-
ды. Үш айдың ішінде көрмені көруге төрт миллионға жуық адам келді, олар-
дың арасында – 180 елден келген жарты миллион турист бар. Бұдан басқа, 


ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
483
ЭКСПО-ны екіжүзден астам мемлекет, үкімет басшылары және басқа жоға-
ры шенді қонақтар аралап көрді. Олардың көпшілігін өзім бастап жүрдім. 
Көрменің жетістігі менің күткенімнен де, болжағанымнан да асып түсті. 
«Астана ЭКСПО-2017» көрме кешенінің жалпы алаңы 174 гектарды 
алып жатты (көрме аймағының алаңы – 25 гектар, көрмеден тыс аймақ – 
149 гектар), онда Қазақстан Ұлттық павильонын, халықаралық, тақырыптық 
және корпоративтік павильондарды, сауда ойын-сауық орындарын қоса 
алғанда, 38 нысан орналастырылды. Көрмеден тыс аймақтарда конфе-
ренц-орталық, баспасөз орталығы, жабық қала, тұрғын үйлер және қонақ 
үйлер орын алды. Барлығы ЭКСПО-2017-ге 10808 адам (жұмыс орындары), 
оның ішінде 909 шетелдік азаматтар, 433 бірлік техника тартылды. ЭКСПО-
2017-нің құрылыс нысандарындағы жұмыстарға бас мердігерлік ұйымдар 
қатарында 322 отандық тауар өндірушілер қатысты және олармен жалпы 
сомасы 47 миллиард теңгеден асатын келісімшарт жасалды. Халықаралық 
көрменің аясында үш мыңнан аса мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізіл-
ді. Көрме өткізілгеннен кейін ұлттық павильондар офистер мен зертхана-
ларға, ғылыми-технологиялық парктерге айналдырылады, ал тақырыптық 
павильондар және Қазақстан павильоны, ойын-сауық орындары Мәде-
ниет және өнер кешендерін құрайтын болады. 
Көрме нысандарын көрме өткеннен кейін пайдаланудың бес концепту-
алдық бағыттары (кластерлер) белгіленді. Халықаралық және корпоративтік 
павильондар «Астана» халықаралық қаржы орталығының инфрақұрылы-
мына айналады. Көрменің аумағындағы қоғамдық аймақтарда орналасқан 
Қазақстан Ұлттық павильоны, Энергия Холлы, Арт-орталық, тақырыптық 
павильондар, арт-инсталляция қала тұрғындары мен қонақтарының дема-
лыс, мәдени және спорттық тыныстауы үшін тамаша кеңістікке айналары 
сөзсіз. Нысандардың бір бөлігі жалға берілетін коммерциялық алаңдар 
болады. Сонымен, ең соңында ЭКСПО-қалашық өзінің инфрақұрылы-
мын (Конгресс-орталық, Қуат көздерін зерттеу орталығы, ІІБ ғимараты, LRT 
көлік-транспорт жүйесі, инфрақұрылым желілер) айтарлықтай кеңейтеді. 
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі елімізді жаңғыртуға қосымша дем 
берді, Қазақстан экономикасына мультипликативті әсер етті. Ондаған мың 
жұмыс орындары ашылды. Сыртқы және ішкі туризм айтарлықтай жандан-
ды. Жастар жаңа технологияны «тірідей», көздерімен көрді. 
2017 жылы 10 қыркүйекте халықаралық көрменің жабылу салтанатын-
да сөйлеген сөзімде ЭКСПО-2017-ні табысты өткізу – Астананың және 
еліміздің басқа да өңірлердің күш біріктіруінің арқасында мүмкін болғанын 
атап өттім. Қазақстан астанасы күн сайын әлемнің түкпір-түкпірінен жи-
налған мәдени әуендер мен бояулардың шұғыласына бөленді. Қазақстан 


484
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
өзінің Еуразия аймағындағы қауіпсіз және жедел дамып келе жатқан мем-
лекет ретіндегі ажарын аша түсті. 
Көрменің салтанатты жабылуы Ислам әлеміндегі ғылыми-техникалық 
дамудың маңызды мәселелері талқыланған Ислам ынтымақтастығы ұйы-
мының ғылым мен технология бойынша саммитін өткізумен сәйкес келуін-
де де символдық мән жатқан секілді. ЭКСПО-2017 біздің бүкіл планетамыз-
дың зияткерлік және технологиялық әлеуетін танытуға бірегей мүмкіндік 
берді. Мұнда жаңартылған қуат көздері саласындағы 140 ғылыми өнертап-
қыштық жұмыстар көрсетілді. 
Менің арнайы атап өткенімдей, «Нұр Әлем» және көрменің тақырыбын 
ашуға тікелей қатысты бірқатар басқа павильондар «ЭКСПО-ның мұрасы» 
болып сақталады. Бүкіл ЭКСПО-2017 көрме кешені алдағы уақытта да ин-
новациялық және тұрақты даму міндеттеріне қызмет ете беретін болады. 
Барынша принципті мәселе ретінде мен: «Астана ЭКСПО» кешенін жа-
сақтай отырып, бұл біздің қаламыздың барлық тұрғындары мен қонақта-
рына қалай қызмет көрсетеді деген төңіректе көп ойландым. Келешекті 
көздегендіктен, мен бірнеше озық жобаларды – «Астана» халықаралық 
қаржы орталығын, «Жасыл» технология мен инвестицияны дамыту бо-
йынша Халықаралық орталығын, Халықаралық IT-стартаптар технопаркін – 
қоса жүзеге асыруды жоспарладым. Шын мәнінде, Астанада іскер орталық 
дүниеге келді. Ал бұл қаржының шаруақорлықпен, «ақылмен» бөлінгенін 
аңғартады. «Инвестициялар қантамыры» ретінде ЭКСПО еліміздің, өңір-
лер мен барша әлемнің дамуына қызмет ете беретін болады. 
«Болашақ энергиясы» ЭКСПО-2017 Бүкіләлемдік көрмесін өткізу кіші 
және орта бизнестің дамуында, әсіресе, қызмет көрсету саласында, қонақ 
үй бизнесінде және ішкі туризмде нақты табысқа жетуге көмектесті, сон-
дай-ақ республиканың беделін көтерумен бірге, еліміздің бас қаласының, 
көрмеден кейін әлемдік танымал қалалардың қатарына енетін елорданың 
да абыройын асқақтатты. 
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, ЭКСПО-ны сапалы өткізу – елдің есею 
өлшемдерінің бірі. Қазақстан бұл емтиханды өте жақсы тапсырды. ЭКСПО-
ның жетістігі – Қазақстан халқының мерейі. Қалыптасқан мемлекеттің 
мәртебесі.


ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
485


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет