Саяси жүйедегі партиялардың жаңа сипаты.
1999 жылғы Парламент сайлауы
1996 жылдың 2 шілдесіндегі «Саяси партиялар туралы» заң Қазақстан-
дағы партиялық құрылыстың жаңа кезеңіне жол ашты, ал Конституцияға
енгізілген түзетулер – Мәжіліс құрамын ең алдымен партиялық тізім бой-
ынша сайланатын депутаттар есебінен кеңейту – елдің қоғамдық-саяси
өміріндегі партияның рөлін күшейтті. Мен осындай түзетулер енгізу туралы
ұсыныс жасай отырып, саяси партияларды демократия ғимаратын тұрғы-
затын «негізгі «құрылыс материалдарына» теңегенім бар-ды.
1998 жылдың қарашасында Қазақстанның Азаматтық партиясының
(ҚАП) құрылтай съезі өтті. Партия өзінің негізгі мақсаты – мемлекеттікті
нығайту, өндірісті дамыту және халықтың әл-ауқатын жақсарту екенін жа-
риялады. Осылайша өздерінің өндірістік кәсіпорындар қызметкерлерінің
қолдауына сүйенетінін және соларға көбірек мойын бұратынын білдірді.
ҚАП ОК бірінші хатшысы А. Перуашев болды.
Бір айдан соң, 1998 жылдың желтоқсанында, Қазақстанның республи-
калық халық партиясы (ҚРХП) өзінің құрылғанын жариялады. Әлеуметтік
бағыттағы ел экономикасын дамытуды көздейтін демократиялық мемлекет
жолын таңдаған ҚРХП – халықтың реформа барысына көңілдері толмаған,
оппозициялық бөлігіне сүйенетінін білдірді. 1999 жылдың қаңтар айында
құрылып, Ромин Мадинов басқарған Қазақстанның аграрлық партиясы
(ҚАП) ауылдық жерлердегі тауар өндірушілер: фермерлер, кооперативтер
мен серіктестіктердің мүдделерін қорғауды ерекше қолға алды. ҚАП жерге
жекеменшікті енгізуді, ауыл шаруашылығының дамуына ықпал ететін ауыл-
дық инфрақұрылымды жақсартып, басқа да шараларды іске асыруды көз-
деді.
Қаңтардағы президент сайлауынан кейін, көп ұзамай «Отан» респуб-
ликалық саяси партиясы (РСП) құрылды. Жаңа партияның бірінші съезі
1999 жылы 1 наурызда өтіп, оған елдің барлық облыстары, қалалары мен
аудандарынан 400-ге жуық делегат қатысты. Олар мені бірауыздан партия-
ның төрағасы етіп сайлады. Сол күні Халық бірлігі партиясы, Демократия-
лық партия, Либералды қозғалыс және «Қазақстан-2030 үшін» қозғалысы
– «Отан» РСП құрамына кірді. Кейіннен оларды қолдап, «Әділет» партиясы,
Халықтық-кооперативтік партия, Республикалық еңбек саяси партиясы да
«Отанның» құрамына қосылды. Бұл процесс елдегі негізгі саяси күштердің
біріккенін байқатты.
«Отан» партиясы бұқара халыққа барынша жақын болуды ойлап, бюд-
жет саласы қызметкерлерінің, шағын және орта бизнес өкілдерінің, мемле-
130
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
кеттік қызметкерлердің, ауыл тұрғындарының, зиялы қауымның – барлық
орта топтың негізін құрайтын адамдардың мүдделерін қорғайтынын көр-
сетті. Партия қоғамды одан әрі демократияландыруды, халықтың тұрмыс
деңгейін арттыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларға
белсенді ықпал етуді, сонымен қатар ел азаматтарын отаншылдық рухта
тәрбиелеуді негізгі мақсатымыз деп білді.
1999 жылдың наурызында «Азамат» азаматтық қозғалысы, Ғалым Әбіл-
сейітов басқарған Қазақстанның «Азамат» демократиялық партиясы (ҚДП)
болып қайта құрылды. Партия басты мақсатын экономикалық және саяси
реформалар, азаматтық қоғам мен демократиялық құқықтық мемлекетті
қалыптастыру деп жариялап, өзін елдегі негізгі оппозициялық күш ретінде
көрсетті .
Сонымен қатар, Қазақстан әйелдерінің қоғамдық мәртебесін арттыру
жолында Раушан Сәрсембаеваның төрағалығымен Қазақстан әйелдер ұй-
ымдарының Саяси альянсы құрылып, ол 1999 жылдың маусымынан бастап
жұмыс істей бастады.
Осылайша, 1990 жылдың аяғында еліміздің қоғамдық өміріне белсене
араласқан партиялар қоғамның әртүрлі топтарын біріктірді. Алға қойған
мақсат-міндеті әртүрлі партияларға тек бір ғана шектеу қойылды: Консти-
туция және заң жолымен тыйым салынған – сословиелік, діни, рулық, тағы
да басқа осы тәріздес бағыт ұстанған партиялар құруға жол берілмеді.
1999 жылдың қазанында Мәжіліс сайлауы өтті. Бұл сайлау алғаш рет
бұрынғыдай мажоритарлы жолмен емес, аралас жүйе бойынша өткізіл-
ді . Депутаттыққа бір мандатты 67 аймақ бойынша 595 кандидат тіркелді:
қоғамдық бірлестіктерден – 74 кандидат, өзін-өзі ұсыну тәртібімен 394 кан-
дидат дауысқа түсті.
Сайлауалды жарысқа 10 партия қатысып, бірақ белгіленген жеті про-
центтік тосқауылдан тек «Отан» РСП (30,89 процент дауыспен), КПК (17,75
процент), ҚАП (12,63 процент) және АҚП (11,23 процент) партиялары ғана
өтті. 10 депутаттық мандаттың партиялық тізім бойынша сайлауға түскен
кандидаттарға берілуі елде көп партиялы жүйе қалыптастырудағы алғашқы
қадам болды.
Бұл сайлауларда Қазақстан партияларының (сайлауалды жарысқа
10 партия қатысты) саяси өмірге белсенді қатысуға дайындығы сыннан
өтті. Сайлаушылардың берілген дауыстарына пара-пар партия өкілдік-
терін енгізу тепе-тең дауыс беру жүйелерін енгізу жолындағы алғашқы
қадам болды.
ҰЛЫ БЕТБҰРЫС. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫНЫҢ БАСТАЛУЫ
131
Достарыңызбен бөлісу: |