ҰЛЫ БЕТБҰРЫС. ҚАЗАҚСТАННЫҢ
ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫНЫҢ БАСТАЛУЫ
143
қалыпқа түсіп, Қазақстанда ақшаның құнсыздануы төмендеген кезде –
1999 жылы сәуірде теңгенің еркін өзгермелі айырбасына көшу арқылы бұл
мәселені де шештік.
Менің бастамаммен жасалған шешуші шаралар тізбегі бірден жақсы
нәтиже берді. 1999 жылдың екінші жартысынан бастап теңгенің еркін өз-
гермелі айырбас бағамына көшуі Қазақстан экспортының дамуына жаңа
серпін беріп, өндірістің дамуына қозғау салды. Жыл қорытындысы бой-
ынша елдің төлем теңгерімі едәуір жақсарды, алтын-валюта қорлары өсті,
банк жүйесі нығайды. Ең бастысы – өндірістің дамуы қалпына келтірілді.
Экономикалық жүйе шеңберінде жинақталған қаражат ішкі инвестиция-
лардың
маңызды көзі болғандықтан, салымшылардың мүдделерін қорғау
өзекті мәселеге айналды. Бұл мәселені шешу үшін 1999 жылдың қараша ай-
ында Қазақстанның жеке тұлғаларының салымдарына кепілдік беру қоры
құрылды. Оның құрылтайшысы және бірден-бір акционері Ұлттық банк бол-
ды. Жаңа құрылымның негізгі міндеті – халықтың екінші деңгейдегі банктер-
дегі депозиттерін сақтандыру еді. Бұдан былай банкротқа ұшыраған жағдайда
немесе екінші деңгейдегі банктерді мәжбүрлеп тарату кезінде салымшыларға
700 мың теңге көлеміндегі салымдарын өтеуге кепіл дік берілді (одан әрі кеп-
ілдендірілген сома айтарлықтай ұлғайтылды). Бұл шара Ұлттық банк жүйесіне
деген
азаматтардың сенімін нығайтып, коммерциялық банктердегі дербес са-
лымдар көлемінің өсуіне себеп болды. Нәтижесінде нақты сектор жобасына
жеке инвестициялар салуға қолайлы жағдай жасалды.
1998 жылдан бастап, мемлекеттік инвестициялық
саясаттың басым
бағыты ретінде инфрақұрылымға және тіршілік қажетін қамтамасыз ететін
объектілерге айрықша көңіл бөлінді. Бұл салаларға ауқымды мөлшерде
инвестициялық қолдау көрсетіліп, салықтық жеңілдіктер жасалды. Бюджет-
ке берешекті өтеу төлемдерін кейінге қалдыру тәртібі енгізіліп, айыппұлдар
мен өсімпұлдар алынып тасталды.
Дағдарыстың сыртқы қысымына қарсы тұру үшін ұлттық экономикалық
мүдделерді қорғауды қамтамасыз
ету қажеттігін көрсетіп, Үкіметке нұсқау
бердім. Осы міндеттің аясында ішкі нарықты қорғауға бағытталған бірқатар
шара қабылданды. Атап
айтқанда, Қазақстанда 1999 жылдан бастап азық-түлік
тауарларының, сонымен қатар кейбір өндірістік-техникалық мақсаттағы тауар-
лардың импортына шектеулер қойылып, отандық
өндірушіні демпингтік баға-
мен тауарлар әкелушілерден қорғау үшін заңнамалық база құрылды.
Экспорт мәселелерін шеше отырып, мемлекет АҚШ-та демпингке қар-
сы туындаған даулы мәселелерді талқылау кезінде бірнеше рет өз талабын
орындатты. Нәтижесінде америкалық сауда әкімшілігі Солтүстік Америка
нарығына экспортталатын қазақстандық өнімдердің кейбір түрінен баж са-
144
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
лығын алып тастауға мәжбүр болды. Қазақстан осылайша өз тауарларын
саудаға шығаратын аймақты кеңейтті. Сыртқы сауданы дәйекті түрде либе-
ралдандыру арқасында тауарлардың экспорты мен импортына лицензия
беру тәртібі оңайлатылды.
1990-шы жылдардың соңында қабылданған дағдарысқа қарсы шаралар,
атап айтқанда, банктік реформа алдағы онжылдықтардағы экономиканың да-
муы үшін берік негіз қалады. Тәуекелге баруды талап ететін жағдайларда тез
әрі батыл қимылдау қажеттігін мен түбегейлі бетбұрыс басталған 1995 жылы
айтқан едім. Мұндай жағдайда кібіртіктеп, жайбасарлыққа салыну ел үшін де,
қоғам үшін де өте қауіпті. Бұл стратегия өзін ақтады. Мүлде өзгеріп, экономи-
касы жаңа сипатқа ие болған Қазақстан 1997–1998 жылдардағы қаржы дағда-
рысы кезінде жоғалтқандарын түгендеп, дефолттан құтылды және Азиядағы
қаржы дағдарысына төтеп беріп, күрделі кезеңнен абыроймен өтті.
Достарыңызбен бөлісу: