ҰЛЫ БЕТБҰРЫС. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫНЫҢ БАСТАЛУЫ
139
болып, адымын аштырмады. Коммерциялық банктер кепілге қоятын өтімді
мүлкі жоқ шаруа қожалықтарына несие беруден бас тартты.
Қиындықтан шығудың қажетті жолы – жерге жекеменшік енгізу сияқты
болып көрінді. 1995 жылғы Конституцияда жерге мемлекеттік меншік те,
жекеменшік те бола алатыны көрсетілді. Қоғам жерді жекеменшікке беру-
ге толық дайын емес еді. Ірі латифундистердің – алпауыт жер иелерінің
пайда болу қаупі қоғамды қатты мазалады. 1999 жылдың шілдесінде әзір-
леніп, Парламентке ұсынылған ауыл шаруашылығы жерлеріне жекеменшік
құқығын белгілеген «Жер туралы» заң жобасы сынға ұшырап, қайта қарау-
ға жіберілді.
Толыққанды нарықтық экономика жағдайында жерге жекеменшіктің
болуы міндетті нәрсе деп білгендіктен, жер реформасы туралы талас-тар-
тыс басталған кезде-ақ осы пікірімді дәйекті түрде қорғап, табанды түр-
де жақтап сөйледім. Халық мүддесін қорғау – мемлекет басында отырған
адамның ең бірінші парызы. Сондықтан қоғамдық көзқараспен санасу қа-
жет деп біліп, ерте ме, кеш пе мемлекет шешуші қадам жасайтынына сене
отырып, ойланып әрекет жасадық.
Достарыңызбен бөлісу: