ҰЛЫ БЕТБҰРЫС. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫНЫҢ БАСТАЛУЫ
169
Алматыдағы келіссөзге қатысушылар бұрын қол қойылған құжаттардың
тиімді әсерін жоғары бағалады және бес мемлекеттің өзара іс- қимылы ше-
кара мәселелерін шешуге ғана тіреліп қалмай, жаңа сыртқы саяси жағдай-
да қауіпсіздік пен ынтымақтастық мәселелерін шешуге қабілетті құрылым
түзу керектігі туралы айтып, ортақ байламға келді.
Алматыдағы кездесуге қатысушылар өздерінің Бірлескен мәлімдемесін-
де бес елдің арасындағы татулық, достық және ынтымақтастықты бүкіл Еу-
разия кеңістігіндегі тұрақтылық пен қауіпсіздіктің және дамудың факторына
айналдыруға дайын екендерін білдірді. Осы сәттен бастап дипломатиялық
айналымда «Шанхай бестігі» деген әуезді тіркес орнықты. Болашақ Шанхай
ынтымақтастық ұйымының сұлбасы енді айқын көріне бастады.
Достарыңызбен бөлісу: