ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
177
Сондай-ақ таяудағы бес жылда жүзеге
асырылуға тиісті бірнеше
индикативті мақсат белгіледім: ІЖӨ деңгейін 30 процентке,
еңбекақы
көлемінің өсу қарқынын кемінде 25-30 процентке арттыру,
ақшаның
жылдық инфляциясын 4-5 процент көлемінде ұстап тұру, ІЖӨ-ге шаққан-
да салық түсімінің көлемін 25 процентке өсіру көзделді. 1990 жылдар-
дағы қиыншылықтар артта қалып, біз экономикалық өсу кезеңіне қадам
бастық.
2001 жылғы Жолдау 2000 жылғы Жолдаудың заңды жалғасы іспетті еді.
Мен 2001 жылдың 16 қыркүйегінде «Елдегі жағдай және 2002 жылғы ішкі
және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы» атты Жолдауымды: «Біз
таңдап алған ашық нарықтық экономиканың моделі дұрыс екенін өмірдің
өзі дәлелдеп берді деп нық сеніммен айтуға болады»,
деген сөздермен
бастаған болатынмын.
2001 жылғы Жолдаудың негізгі бөлімінде 2010 жылға дейін орындалуға
тиісті басымдықтар белгіленген-ді.
Әлеуметтік-экономикалық салада тұрақты әрі бәсекеге қабілетті эко-
номика құру, ІЖӨ-ні екі есеге өсіру, халықтың жағдайын едәуір жақсарту
міндеттері алға қойылды. Мемлекеттік құрылыста – билік тармақтарының
өзара қарым-қатынасын жетілдіре түсу және жоспарлы түрде орталықсыз-
дандыру, сайлау процесін жетілдіру көзделді. Сыртқы саясатта –
эконо-
микалық ықпалдастыққа бет бұру, Қазақстанның әлемдік қоғамдастықтағы
орнын нығайту, аймақтық қорғаныс жүйесіне белсенді қатысу, шекараны
межелеу шараларын аяқтау, еліміздің ақпараттық және экономикалық қа-
уіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттері белгіленді.
2000 және 2001 жылғы Жолдаулар стратегиямызды жоспарлаудың
бесжылдық және онжылдық кең ауқымын айқын көрсетті. Біз жүйелі мем-
лекеттік тәсіл қолдана отырып, ХХІ ғасырдың есігін жасқанбай ашатын дең-
гейге жеттік.
Достарыңызбен бөлісу: