Алматы «Сардар» баспа үйі


рінші топқа Б.И.Вербицкий, А.Вамбери, Э.В.Севортян т.б. ғалымдар- дың еңбектері. Екінші тобына



Pdf көрінісі
бет14/116
Дата30.11.2022
өлшемі1,52 Mb.
#53997
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   116
рінші топқа Б.И.Вербицкий, А.Вамбери, Э.В.Севортян т.б. ғалымдар-
дың еңбектері. Екінші тобына тіл қауымдастығына бағышталған, бі-
рақ оның бір саласын ғана қамтыған этимологиялық сөздіктерге, атап 
айтқанда, алтай тілдеріне арналған (түркі тілдерінен басқа енбеген 
тілдерге) Г.И.Рамстедттің, С.Старостиннің т.б. еңбектерін атауға бола-
ды. Үшінші топқа жеке тілдер бойынша жасалатын этимологиялық 
сөздіктер жатады. Олардың бəрі алдында аталған сөздіктермен бай-
ланысы сақталады. Бірақ олар өзгелерден басқа өз ерекшеліктерін сақ-
тауға тырысады, алайда жалпы принциптері мен критерийлері ортақ. 
Қазақ этимологиясының ғылыми-тәжірибелік 
сипаты
Тіл өзін дүниеге келтірген халықпен мəңгі-бақи бірге жасап, қаты-
нас құралы қызметімен атқаратын қасиетке ие. Сондықтан да организм 
сияқты тіл де – ескіріп, көнеленіп, жаңғырып, жаңаланып, өсіп, дамып 
отыратын жанды құбылыс.
Осыған орай тіл дамуының өзекті бір мəселесі – оның сөз қорын-
дағы жеке лексикалық бірлік – лексемалардың көнеріп, мағына-мəні 
күңгірттеніп, оларды пайдаланушы қауымның күнделікті қолдануынан 
шығып қалып, сирек кездесетін көнерген сөздерге айналуы болса, енді 
бір ыңғайда тілімізге қажет болған сөздердің біреулері сырттан қа-
11
Абаев В.И. Тюркские элементы в осетинской антропонимии. С. 32.


22
былданып, не өз тіліміздің негізінде жаңадан жасалып, толығып оты-
ратын əдеті де бар.
Демек, тіл дамуының барысында бір-біріне қарама-қарсы екі үдеріс 
жүреді: Тілдің дамуы, көнеруі, құрылыстық мүжілуі жəне жаңаруы. 
Бұл тілдің соншама бай сөздік қорын ғасырлар бойы төкпей-шаш-
пай жадында жаттап, есінде сақтап келе жатқан əрдəйым белгілі бір 
деңгейде, мөлшерде ұстауға тырысатын ішкі заңдылығы. Тілдің сөз бай-
лығының белгілібір деңгейде тұруына, сөйтіп, оның қоғамдағы ком-
муникативтік қызмет атқару міндетін атқаруына екі түрлі себеп болады: 
бір жағынан, ол жаңа пайда болған, сырттан енген ауыс-түйіс сөздер 
арқылы байып, толығып жатса, екінші жағынан қажетті өтеп барып, 
көнерген-ескірген сөздердің есебінен азайып отырады. Тілдің табиғаты-
на тəн осы бір толассыз қимыл-қозғалысты, өзгерісті адам ағзасында-
ғы жасушаларында болып тұратын «өлу-тірілу», «жаңалану» үдерісімен 
салыстыруға болады. Айналып келгенде, бұл да тілдің функционалды-
семантикалық мазмұндық-құрылымдық дамуының кепілі тəрізді үрдіс.
Міне, дамудың осы түріне байланысты сөздік құрамындағы біраз 
сөздердің мағынасы солғындап, бұрынғы айқындығынан арыла бастай-
ды. Осылайша жаңа пайда болған, сырттан қабылданған, не жаңадан 
жасалған сөздерді тіл білімінде «неологизмдер» деп, ал көнерген жəне 
мағынасын жоғалтқан сөздерді «архаизмдер» деп атау дəстүрі бар.
Мəселе, осы архаизмдерді (көнерген сөздерді) түсіну жəне түсінді-
руге байланысты. Өйткені мағынасы күңгірттеніп, тілдегі қолданысы 
сиректеп, тозып, қолданысы шектеліп қалған сөздер сөздік қорымыз-
дан біржола шығып, жоғалып кетпей, көпке дейін басқа сөздің, тұрақты 
(фразеологиялық, мақал-мəтел) сөз тіркесі түріндегі қолданыстардың 
бұғауында (құрамында) өзін сақтап қалатын ерекшелігі бар. Сөйтіп, олар 
тіліміздегі аты бар да заты жоқ, лексикалық топ құрайды. Бұл қазақ ті-
ліне ғана емес, барша тілдердің бəріне тəн ортақ құбылыс. Осы құбы-
лысты арнайы зерттеуге, əр түрлі себептермен мағынасы күңгірттенген 
сөздердің шығу төркінін анықтап, бұрынғы қалпына келтіру арқылы 
оның о бастағы шынайы тұлғасы мен мағынасын айқындау мақсатында, 
тіл білімінде «этимология» деген арнайы сала қалыптасқаны белгілі.
Этимология тіл білімінің теориялық та практикалық шешімі күр-
делі салаларына жатады. Əрбір тілге қажетті осы аталған этимология-
лық зерттеулердің, этимологиялық сөздіктердің өте сирек кездесуі осы-
дан. Мысалы, осы күнге дейін қазақ тілінің білімпаздары бар болғаны 


23
бір-ақ, оның өзінде де «Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігін» 
(1966) шығарды. Ал, жалпы түркі тілдері бойынша қарайтын болсақ, 
1861 жылы венгер ғалымы А.Вамбери түркі тілдерінің этимологиясын 
анықтауға арналған алғашқы сөздігін шығарған болса, сол тəрізді екін-
ші сөздік тек жүз жылдан аса уақыттан кейін ғана (1974) түрколог-ға-
лым проф. Э.В.Севортян тарапынан жарияланғаны мəлім (Э.В.Севор-
тян Этимологический словарь тюркских языков. М., 1974). Көптеген 
түркі тілдерінің ішінен жеке тілдер бойынша этимологиялық сөздікте-
рін шығарып үлгергендер қатарына чуваш, өзбек, қырғыз, татар, саха, 
т.б. тілдерді жатқызуға болады. 
Этимологиялық зерттеулер жүргізу, сөздіктер жариялаудың қиын-
дығы, ең алдымен, бұл құбылыстың күрделілігіне де байланысты. Бұл 
тіл – тілдердің үздіксіз де белгілі фономорфосемантикалық неше алуан 
заңдылықтарын тап басып, дəл анықтауға байланысты. Осыған орай 
этимологиялық ізденістердің өздері де əр түрлі. Сөздің шығу төркінін 
көп жағдайда бірден анықтап, үзілді- кесілді тұжырым айту (шығару) 
оңай емес. Өйткені тарихи-салыстырма тəсілін қолдану арқылы анық-
талған ұқсастық, немесе екі түрлі тіл бұлақтарында кейде кездесе бе-
ретін ұқсастық, сол сөздердің өзара шынайы ортақтығын емес, шартты, 
жасанды, не кездейсоқ ұқсастығы болып шығуы мүмкін.
Міне, осы тəрізді зерттеудің сан алуан тəсілдік ерекшеліктеріне 
байланысты ғалымдар этимологиялық зерттеулердің 2-3 түрін атап 
жүр. Оның біріншісі этимологиялық атрибуттардың баршасын - фоно-
морфо- семантикалық анықтамалардың, тарихи-мəдени, этномəдени, 
географиялық, фондық негіздерін, фонологиялық заңдылықтарын түгел 
ескеріліп, шынайы шындыққа негізделген ғылыми этимология, екінші-
де, мағынасы белгісіздеу, не күңгірттене бастаған сөздердің байырғы 
мағынасы, тұлғасы деп соларға сəйкес тіліміздегі басқа бір сөздердің 
мағынасын ұқсату тəрізді жеңіл тəсілін ғылымда “халықтық, не жалған 
этимология” деп атап жүр. Бұл терминнің “жалғаны” дұрыс болса да, 
“халықтығы” (“қарапайым тұжырым” мағынасында) - жағымсыздау. 
Өйткені “халықтың айтқаны” қазақ логикасында, жалған болмауы тиіс.
“Өлеңге əркімнің-ақ бар таласы” дегендей, бір ғажабы - сөздің 
төркінін анықтап, этимологиясын ашуға, ана тілінің байлығын, табиға-
тын жетік біледі деген қазақ зиялыларының көпшілігі-ақ құмар. Бұлда 
заңды құбылыс. Бірақ қалам ұстағанның барлығы тілдің өзіндік тетігін 
терең білетін этимолог емес қой. Сондықтан да болар, сөз төркінін 


24
анықтауға деген “құмарлығын” тілдің сан алуан заңдылықтарын еске-
ріп барып, пайымдап айтатын болса, айтқаны шындыққа жанасады да,
ал сыртқы ұқсастығына қарап, “Солай шығар” деп, тұспалдап, жора-
малдап айтқандары шындықтан ауылы алыстап кетеді. 
Этимология (сөздің төркінін анықтау) ғылымы - ғалымдардың пікі-
рі бойынша тілтаным ғалымның шарықтау шегі, оның барлық табыста-
рын пайдаланып барып шешім айтатын ең биік меже. Ғылыми эти-
мологияға қойылатын талап осылар.
Ғылыми этимология біз жоғарыда келтірген талаптардың бар-
шасына қатысты. Оның ең сенімді талаптарына фонетикалық заңды-
лықтар жатады. Олар қарапайым фонемалардың, буындардың, сөз тір-
кестеріне қатысты, сөздің үш түрлі (басы, ортасы, аяғы) позициясына 
байланысты өзгерістерін қамтиды. Мəселен, метатеза (сөз құрамында-
ғы дыбыстардың орын тəртібін өзгерту заңдылығын білдіру) деген 
заңдылықтың барын ескерген жағдайда ғана қазақ тіліндегі қақпан де-
ген күрделі сөздің шынайы бір буыннан тұратын түбірі *қақ емес, - қап 
(қабу, қапсыру, қабаған т.б.). Бұлар қап түбірінен тараған. Егер біз *қап 
түбірін қақпан сөзіндегі метатезаға ұшырап,*қақ түрінде айтылып тұр-
ған қалпындағы түбір деп есептеген болсақ, онда жоғарыдағы: қа-
бу>қақбу, қапсыру>қақсыру, қабаған>қақбаған түрінде айтылуға тиісті 
болар еді.
Міне, бір сөздің құрамындағы екі дыбыстың <п-қ>орын тəртібін 
ауыстыруынан тіліміздегі қаншама туынды сөздердің бейнесі өзгеріп,
о бастағы қалпынан басқа сөзге айналып отыр.
“Қақпанның” о баста “қапқан” екендігін дəлелдеу үшін қосымша 
дерек ретінде кезінде түркі тілдерінен ауыс-түйіс түрінде қабылдаған 
орыс тіліндегі тұлғасымен салыстыруға болады. Орыс тілінде бұл сөз 
түп нүсқасында сақталған: капкан<каптцан.
Кейде тілімізде қолданылып жүрген түбірлер мен жеке сөздер 
лексикалық мағынасы айқын бола тұрса да, ол мағына түптеп зерттей 
келгенде о бастағы негізгі мағынасы емес, кейін пайда болған ауыс 
мағыналарының бірі болып шығады. Этимологиялық зерттеу онымен 
ғана қанағаттанып, ізденісті тоқтатуға бомайды.
Мысалы, қазақ тілінде *шал деген түбір сөз бар. Оның тілімізде 
қолданылып жүрген мағынасы да белгілі сияқты. Ол - орысша “старик”, 
“жасы келіп, қартайған адам”. Ал, шын мəнісінде, о бастағы түпкі 
мағынасы біраз түркі тілдерінде, соның бірі - қазақ тілінің өзінде де - 


25
‘ақ’, ‘ақ түс’. Мəселен, қазақ тіліндегі Шалкөде - таулы, далалы жерде 
өсетін ақ түсті өсімдік, шөптесін. Шөбіне қарай қойылған ақын Мұқаға-
ли Мақатаевтың туған аулының атауы. Одан басқа: қүйрығына қара қыл-
мен араласып ақ қыл шыққан жылқыны қазақ ертегілерінде шалқұйрық 
(“ақ құйрық”) деп атайды. Міне, осы екі мысалдың құрамындағы *шал 
“қарт, қартайған” мағынасын емес өсімдік пен жылқы құйрығының “ақ 
түсін” білдіріп, көне мағынасын сақтап қалғандығын көріп отырмыз. 
Демек, этимологиялық түрғыдан алып қарағанда күнде естіп жүрген 
шал деген сөзіміздің шынайы мағынасы “сақал-мұрты, шашы ағарған, 
ақ түске айналған адам” дегенді аңғартып түр. Демек, бұл шал сөзі өзі-
нің ауыс мағынасында қолданылып тұр деген сөз. Бір ғажабы, шал сөзі 
“ақшыл”, “аққұба”, “ағарған” сынды мағынасында орыс тіліне ауысып, 
“чалый” түлғасында жылқының түр-түсін білдіреді.
Дыбыс өзгерістеріне байланысты фонетикалық заңдылықтарға сү-
йеніп айқындалатын сөз төркіндеріне, мысалы, бір буынды түбірден 
тарайтын бір топ сөзді көрсетуге болады. Мысалы, қазақ тілінде айыр -
жол айрығы, адырна - “садақтың оқ салып тартатын кермесі”, “өрмек 
тоқитын құралдың жіптерді ажыратып тұратын қылыш тəрізді жұқа 
тақтай”, ажырау - “екі заттың бір-бірінен бөлініп, арасы қашықтай 
түсуі”; ажырық - “гүлінің жапырағы ажырап біткен шөптесіндердің 
бір түрі”, Атырау - “жағадан теңізге бір бөлшегі еніп тұрған жер 
құрылымы, жер-су атауы”, т.б. осы сияқты сөздерде кездесетін: ай
(айыр) II*аж (ажыра) // *ад (адырна), *аш (<аша) // *ақ (үшақа, төр-
тақа) // *ат (Атырау, атта-) т.б. бір буынды түбірлердің бəрі “бір зат-
тан екінші бір затты ажырату, бөлу, алыстату” деген жалпылама 
мағынаны білдіретін ортақ бір түбірдің бірнеше фонетикалық ва-
рианты болып саналады. Сондықтан да, бұлардың бəрін “этимология-
лық бір түбірден” тарап, логикалық тұрғыдан өзара ұқсас (“ажы-
рау”, “бөліну”, “бір-бірінен алыстау”) мағыналардың шеңберінде топ-
тасып тұрған түбірлес сөздер деп санауға да болады.
Сөз төркінін анықтауда өз тіліміздегі, туыс тілдердегі қарастырып 
отырған деректерге де, сондай-ақ кезінде халқымыз араласқан көрші-
лес, шет тілдердің ұқсас элементтеріне де назар аударып, салыстыра 
қараған жөн. Мысалы, қазақ тілінде бауыздау, одан туындаған “бауыз-
дау құда” (“балаларын үйлендіріп, құда түскен жандардың” мал со-
йып, қанына қолынбатырып мыңжылдық құда болуға серттесу рəсімі 
деген сөздерді алатын болсақ, “бауыздау” сөзінің негізіндегі “бауыз» 


26
компоненті жеке-дара қолданбайтын сияқты. Қазақ тілінде ол, шынын-
да да, солай. Бірақ жан-жағымызға қарасақ көптеген туыс түркі тіл-
дерінде бұл етістіктің негізі - *бауыз екенін көреміз. Мысалы, көпте-
ген түркі тілдерінде малды сойғанда мойнындағы, тамағының астын-
дағы пышақпен орып жіберетін жерін: бауыз//бағуз//бұғз//боос//бо-
гаш т.б. тұлғасындағы сөз арқылы түсіндіретінін көреміз. Сонда бұл 
сөздердің түп-төркіні - бу>буу “мойынның бунақталып, жіңішкерген 
тұсы”.Бу//боғ//боо/бұу ілкі түбір варианттарына сəйкес -ыз//-уз// -из //-
ос // -аш сөзжасам жұрнағының варианттары жалғанып *боғуз сөзін жа-
сап тұр.
Этимологиялық ізденістердің ең бай жəне өте қызықты көздерінің 
бірі –халқымыздың белгілі бір кезеңдерде көршілес отырған, не аралас-
құралас отырған елдердің тілінен ауысқан элементтердің тілімізге ену, 
қалыптасу, икемделу, өзгеру жодарын анықтау. Бұл өте күрделі, кейде 
жақын, кейде географиялық шеңбері өте кең, ауқымды жеке сөздердің
бір кұрылықтан екінші құрылыққа мазар аттап ауыса беретін заң-
дылықтарын айқындауға тура келеді.
Мысалы, қазақ тілінде, əсіресе оның ауызекі əдеби үлгілерінде өте 
жиі кездесетін атаулардың бірі - берен: берен батыр, берен сауыт, бе-
рен мылтық, берен жаулық т.б. Бұл сөз туыстас түркі тілдерінің байыр-
ғы сөздеріне жатпайды. Шығу тегін «індете» тексергенде бұл сөздің 
шегі француздардың өміріне байланысты екен. Ертеректе металдан 
жасалған асыл зат, қымбатты құрал-жабдық, жібек маталар Францияда 
жасалып, керуен жолдары арқылы Азия елдеріне жетіп, “параң//
перең”(“француздардың заты”) түлғасының түркі тілдерінде перең//
берен түрінде қалыптасқандығы байқалады. Осыдан келіп, ол “мақтаулы 
түзу мылтық”, “бағасы қымбат мата”, ауыс мағынасында “батыр тұлға-
лы берік ер-азамат” т.б. мағыналарында қалыптасады. Түркі тілдерінде-
гі деректер осыны дəлелдейді.
Ел арасына тарап жүрген этимологияның тағы бір саласына, жо-
ғарыда көрсетілгендей, жалған немесе халықтық этимология жатады.
Бұл этимология арнайы зерттеу нəтижесінде емес, зиялы қауым-
ның, не тіл жанашыры, тіл стихиясына бейжай қарай алмайтын кез кел-
ген азаматтың өз ойынан шығарып, жобалап, тұспалдап айта салуынан 
туындап жатады.
Мысалы, ‘‘Халық айтпайды, халық айтса, қалп айтпайды” деген 
мақалды кейде бұрмалап, қалп сөзі түсініксіздеу болғандықтан қалт


27
тұлғасына ауыстырып алып, “қалт кету” дегендегі «қалт»пен салыс-
тыратындар да бар. Ал, - шынында қалп- қате, өтірік, жаңылыс” ма-
ғынасындағы дербес сөз. Қазақ тілінде ұмыт болса да, мына отырған 
қырғыз көршілерміздің тілінде аталған мағынада қолданылып жүрген 
дербес сөз.
Бұл тектес «этимлологиялардың» пайда болуының себептері, біз-
дің ойымызша, төмендегідей: 1) Қажетті ғылыми əзірлігі жоқ жəне 
этимологиялық реконструкция жасаудың негізгі қағидалары мен əдісте-
рін игермесе де ана тіліндегі белгілі бір сөздердің шығу төркінін 
анықтағысы келетін адамның табиғи түрдегі тілегі. 2) түсініксіз сөз-
дің сырын ашу үшін оны таныс, бірақ төркіні басқа, сыртқы түрі 
ұқсас сөздермен жақындастыру, т.б. мұның барлығы зерттеушіні жеке 
ізденістерге, эвристикалық нəтижелерге, сөздердің семантикасын жа-
қындастыруға, еркін құрылымдарға жіктеуге жəне бір этимологиялық 
нысанның бойына əртүрлі тілдердің элементтерін біріктіруге əкеліп 
соғады. Мысалы, пельмень сөзіндегі парсы жəне қытай элементтері, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет