18
Этимологияның семантикалық критерийлері:
1. Көпмағыналы лексикалық бірліктердің
құрылымындағы алғаш-
қы жəне туынды мағынаның күрделі қарым-қатынасын анықтау ба-
рысында этимолог ең бірінші сөздің алғашқы мағынасына назар ауда-
рып, соның негізінде ғана сөздің семантикалық мəртебесі анықталуы
тиіс. Бірақ күнделікті тəжірибеде сөздің тура, атауыштық мағынасы ке-
йінге ысырылып, ия
жоғалып, сөздің шеткері мағынасына бағдар ауы-
суының нəтижесінде, этимолог жаңғыртудың қате жолына түсіп кетуі
мүмкін.
2. Этимологтың сөздің семантикалық дамуын анықтауының дұрыс
бағдары: жалпылама мағынадан нақтырақ мағынаға қарай, бүтіннен
жекеге қарай немесе керісінше.
3. Сөздің мағынасы ауысуының тетігін табу.
Ежелден белгілі бұл
мəселенің шешімін табуда талассыз, айқын жақтары да, талапты, айқын
емес жайлар да жеткілікті.
4. Сөздің құрылымындағы фонетикалық өзгерістер кейде оның
семантикасында соған сəйкес өзгерістер туғызып, ия мағыналық жік-
теліске əкелуі мүмкін. Бұл құбылыс өнебойы болмайтындықтан, ол фо-
нетикалық сөзтудыру тəсіліне жата алмайды. Сондықтан қазақ тіліндегі
мынадай құбылыстар ескеріліп жəне сөздің «жасанды», «саналы» түрде
құрылымдық-семантикалық екіге жіктелуі деп бағалануы тиіс: үкімет
«власть» - өкімет «правительство», қағида «правило», «порядок» - кəде
«обычай», сағат «часы» - час «время» - сəт «момент»; ғылым «наука» -
ілім «учение» т.б.
5. Тарихи лексикологияда үлкен мəн берілетін омонимимия эти-
мологияда омонимдердің жəне бір-бірінен алшақтап кеткен омонимдер-
дің бірлігі мен əр тектілігіне байырғы
мағынасы мен кейінгі мағына-
сын анықтайтын семантикалық реконструкциясымен байланысты.
Осымен байланысты омонимдік түбірлер мен негіздердің үлкен
топтарының гомогендігін (тектес) немесе гетерогендігін (əр тектес)
анықтау жүзеге асырылады:
балық «рыба» -
балық «город»; Түбір
морфемасы –
бал/мал «водянистый», «болотистый» топкий; ол түбір-
ден қазақ тілінде балқаш «
болотистая местность», «топь»;
балшық
«жидкая грязь» т.б.;
Жас «возраст» -
жас «молодой»,
жас «свежий, соч-
ный»,
жас «зеленый», «неспелый»,
жас «влажный»,
жас «слезы» т.б.
6. сөздің семантикалық даму барысында кейде көпмағыналылық-
тық шегінен асқан, гомогенді негіздердің бір-біріне қарама-қарсы ма-
19
ғыналары – омоантонимдер тудыратын күшті қозғалыстар болады:
кө-
рім (əдеби) «əдемі», «сүйкімді» жəне
көрім (диал.) «сүйкімсіз», «түрі
жаман» т.б.
7. Тіларалық семантикаға қатысты этимолог, əдетте, салыстырмалы
этимологияға құнарлы негіз беретін мағыналық өзгерістердің заңдылық-
қа сүйенген жəне спонтанды сипаттағы
тұтас шоғырларын бақылай-
ды. Бұл өзгерістердің негізінде лингвистикалық түсіндіруге өнебойы
келе бермейтін сан түрлі себептер жатады. Мысалы, жалпы түркілік тү-
йе // теге // теве // тоо // дəвə «верблюд», ал якут тілінде –
тава марал т.б.
Осы топқа кейбір стильдік тұрғыдан таңбаланған сөздің мағына-
лары жатады (төмендеу, көтерілу, əлсіз жəне күшті).
8. Лексикалық синонимдерді тану негізінде этимология белгілібір
ұғымның айналасындағы синонимдік шоғырды айқындайды. Мысалы,
қазақ тілінде «сібір жарасы» деген ауруды адамның жəне жануарлардың
қасиеттерін жіктеу негізінде 10 түрлі сөзбен атайды:
түйнеме жəне
күйдіргі (адамда),
топалаң (қойда),
жамандат (жылқыда),
қараталақ
(ірі қара малда),
ақшелек жəне
қарабоз (түйеде),
кебенек (ешкіде),
сірес-
пе жəне
қағыну (шошқада). Бұл аурудың халық атауларынан тұратын
топтамасының басын синоним ретінде біріктіріп
тұрған ол аурудың
жануарлар мен адамда өтуінің əр түрлі сипаты.
9. Сыртқы көрініс пен семантиканы салғастыру. Əдетте, біз зат-
тардың ия құбылыстардың атауларының ешқандай тіке байланыс жоқ
деп санаймыз. Бұл – дұрыс. Бірақ біз заттарды немесе бір гомогенді
түбірден жасалған оның бөлшектерін заттың атауымен салыстырғанда,
ол заттардың сыртқа көрінетін жақтарының ұқсастығын жоққа шығара
алмаймыз.
Салыстырыңыз: 1)
сағақ «шея», «подбородок», «нижний сучок де-
рева»; 2)
сақал «борода»; 3)
сағанақ «шея», «подбородок», «короткие
концы решетчатой стены юрты»; 4)
сағалдырық «подшейный ремень»,
«подбородок»; 5)
саға «устье реки», «место поворота», «края подгорья»;
6)
сағана «намогильник конической формы»; 7)
сағалау «двигаться по
краю» (озера, реки); 8)
сағлақ «усач», «рыба».
Көрсетілген заттардың сыртқы сұлбасын салғастырсақ,
олардың
топологиялық ұқсастығы көрінеді. Олардың ортақ түбір морфемасы «бір
нəрсенің шеті», «бөлігі», «бір нəрсенің бір жағы», «жағалау»деген бə-
ріне ортақ мағына беретін –
сақ //
жақ //
йақ.
Түркі тілдеріндегі этимологиялық реконструкцияның семантика-
лық критерийлерге қатысты нысандар мен құбылыстардың тізімін
20
жалғастыруға болады. Бірақ тілдік субстанцияның аталмыш саласы бас-
қа салалармен салытырғанда азырақ зерттелген. Атап айтқанда, олар –
грамматикалық (фонетикалық, морфологиялық жəне синтаксистік) жəне
лексикалық салалар.
Бұл жағдай, біріншіден, нысанның (семантиканың) өзіндік таби-
ғатымен, яғни шексіз көп құрастырушы
элементтер мен бірліктердің
ашық жүйесімен байланысты. Екіншіден, семантиканы асыра бағалаған
«Марр кезеңінен» кейін тіл білімінде семантикаға қатысты тоқырау орын
алды жəне лингвистикалық таңбаның мазмұндық жағының жеткіліксіз
бағалауымен байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: