Алматы «Сардар» баспа үйі



Pdf көрінісі
бет35/116
Дата30.11.2022
өлшемі1,52 Mb.
#53997
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   116
сипатымен түсіндіруге болатын сияқты. Мысалы, ерте кезде -са 
("санау"), -ба ("бай-лау"), -қыд ("қыдыру") т.б. түбір саналу себебі, 
көптеген түркітанушы ғалымдардың пікірінше, олардың сол кез үшін 
толық мəнді сөз болғанында. Олар тіл тарихының ерте кезеңінде 
кұрылымы қарапайым, сан жағынан шектеулі, еш-қандай қосымшасыз 
жеке дыбыстардың дыбысталуынан тұрған (С.Е.Малов, В.М.Насилов, 
Б.М.Юнусалиев, Х.Т.Нигматов, АТ.Кайдаров, В.ИАсланов т.б.). Қа-
зіргі тілімізде бұл қасиеттер түбірлерде жоқ. Бүгінде олардың көбі 
(түбірлер) жалаң түбір ретінде жұмсалмайды, тек белгілі бір тұлғада 
ғана қолданылып, өздерімен түбірлес сөздермен салыстыру арқылы 
анықталады. Осылайша, көптеген түбірлес сөздердің бөлшектеуге кел-
мейтін, мағыналық жағынан бəріне ұйытқы болған ең түпкі бөлшегін 
теориялық тұрғыдан табуға болады. Бірақ олар осы қалпында (қосымша 
морфемасыз) қазіргі тілімізде жеке сөз ретінде қолданылмайды.
Мысалы:
*ан<аң-ғар=, аң-да=, аң-ды=, аң-ыр=, аң-қаут.б.
*ел<ел-ті=, ел-ік=, ел-ір=, елгезек, ел-жіре=, елп ету т.б.
*қор<қор-ға=, қор-ы=, қор-ша=, құр-са=, құрсау, т.б.
*қай<қай-т=, қай-ыр=, қай-ра=, қай=қы, қайсар т.б.
Бұл - түбір морфемасын түбірлес сөздер парадигмасы бойынша 
талдау əдісі. Осылайша анықталған түбірлер көбінесе қосымшалардың 
пассивтенуінен "сүрленіп", қазірде тек салыстырмалы-тарихи əдіс 
негізінде қалпына келтірілетін, не теориялық жорамал ретінде бел-
гіленетін тарихи түбірлерге айналған.
Демек, тарихи түбірлердің пайда болуы сөз жасаудың морфо-
логиялық тəсілінің тууымен, яғни, түркі тілдерінің жалғамалық 
(агглютинациялық) табиғатымен байланысты. Жоғарыда атап көр-
сеткеніміздей, бұл тəсіл тіл дамуының ішкі заңдылығынан келіп туған. 
Егер ең алғашқы түбірлер лексика-грамматикалық категория ретінде 
дамымай, сол күйінде қалған болса, тілдің одан əрі баюы мен жетілуі, 
сөздердің əр алуан топтары, ұғымды білдірудің лексикалық құралдары-
ның қазіргідей байлығы болмаған болар еді. Соның нəтижесінде түркі 
тілдерінің негізгі сөздік қорының семантикалық көлемі мен сөз топта-
рын көбейтуде жəне жаңа сөздер жасауға негіз болған семантикалық 


81
тəсіл арқылы түбір сөздердің сөз тудыру мүмкіндігі кеңейе түсті. Тіл 
дамуының одан əрі лексика-грамматикалық мазмұнының күрделенуі, 
кеңеюі деривациялық жүйе арқылы түрдің де күрделенуін қажет етті. 
Түбір сөздер өздері беретін ұғымның ерекшелігі ашылған сайын жаңа 
мағыналы сөздерге негіз болып, өлі түбірлер ретінде тарихи туынды 
түбір құрамында қалып қоя берген. Бұл – түбір сөздер дамуының қажет-
ті шарты. Сондықтан қазіргі тілімізде жаңа сөздер жасауға ұйтқы бола-
тын көбінесе "өлі" түбірлер.
Түбір сөздердін дамуын тіліміздің дыбыстық жүйесінің тарихи 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет