Алматы «Сардар» баспа үйі



Pdf көрінісі
бет37/116
Дата30.11.2022
өлшемі1,52 Mb.
#53997
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   116
Біріншіден, түбірдің ұзарып, ия морфологиялық элементтерінің 
кіріккенін анықтау үшін, оның жалаң, ежелгі вариантын табу қажет. Оны 
ескі-түркі ескерткіштерінің материалдарынан, ескі-түркілік қасиетін 
көбірек сақтаған алтай, чуваш тілдерінен кездестіреміз. Мысалы, ескі-
түркі сөздігінде -са- (санау), -кыд (қыдыр), -мақ (мақ-та) т.б. деп қол-
данылған. Сол сияқты қазіргі ал-тай тілінде -ит (итер), -тоз (тозан), 
-так, (тақыр) т.б. Чуваш тілінде -қай (қайт), -жал (жалын) т.б. фактілер 
сақталған. Бұл тəсіл тіл білімінде сыртқы қалпына келтіру (реконструк-
ция) тəсілі деп аталады.
Түбір сөздердің морфологиялық, фонетикалық, семантикалық ың-
ғайдағы өзгерістері негізінен Енисей, Орхон, ұйғыр ескерткіштерінің 
жазылу кезеңіне дейін болғанын көрсетеді. Көбінесе, ескерткіштер 
тілінде түбір екі тұлғасында да (еш қосымшасыз, қарапайым ежелгі 
түрі, косымша жалғанған жаңа түрі) берілген: са- сан -"сан", сана, ба-
бан - ө - "ойлау", өг -"ой" т.б. Бұл екі форманың біразға шейін қатар 
қолданылғанын көрсетеді.
Екіншіден, осы орайда "өлі" түбірлерді анықтаудан да оған жалған-
ған қосымшаларды айыру əлдеқайда жеңілірек. Яғни, мұндай түбір-
лерді тек өздеріне ұқсас сөздердің құрылысы бойынша ортақ сөзтуды-
рушы модельдерін салыстырып, теориялык жолмен ғана қалпына кел-


83
тіруге болады. Ол үшін кез келген үлгідегі, сол арқылы жасалған екі 
буынды түбір құрамынан өзара ұқсас, тектес əрі мағыналас грамматика-
лық тұлғалар түбір мен тұлға жалғасқан жігінен бөліп алынады. Бұл 
əдіс тіл білімінде морфемасы бойынша талдау (по-морфемный анализ) 
əдісі деп аталады. Мəселен, -ыр/-ір - моделі бойынша жасалған айыр-, 
ауыр-,сір-, жасыр-, кідір-, құтыр-, асыр-, кашыр-, бітір-, көшір-деген
екі буынды етістіктердің құрамынан осы грамматикалык көрсеткіштің 
өзін бөліп алсақ, ас-, қаш-, біт-, кеш- деген дербес түбірлер-мен 
бірқатарда *ай-, *-ау-, *ес-, *жас, *кід, *құттүбірлерінің де сөз тудыруға 
қатысып отырғанын кіріспе бөлімде атап көрсетеміз. Айырмашылығы – 
бірінші топтағы түбірлер жеке-дара қолданылады да, екінші топтағылар 
ондай дербестігінен айрылған, мағынасы біз үшін бүгінде түсініксіз. 
Бұдан шығатын қорытынды: бір модель бойынша жасалатын туынды 
түбірлердің құрамындағы дербес түбірлер секілді "өлі" түбірлер де бір 
кезде дербес сөз болғандығынан дерек береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет