Алматы «Сардар» баспа үйі



Pdf көрінісі
бет54/116
Дата30.11.2022
өлшемі1,52 Mb.
#53997
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   116
2. Синкретті түбірлер. Түркі-моңғол тілдерінің барлығына тəн 
құбылыстың бірі – бір түбірдің əрі етістік, əрі есімдік қасиетіне ие бол-
ған бір түбір болуы. Бір түбірдің бір тілде екі жарылып, екі түрлі қызмет 
атқаруы бекер емес, этимология тұрғысынан өте маңызды құбылыс. 
Мысалы, көш деген есімнің сол қалпында тұрып-ақ, етістік мағынасын-
да қолданылуы -ешбір заңдылыққа сай келмейтін жағдай, бірақ түркі 
тілдерінде бұл жағдай ертеден-ақ бар, күні бүгінге дейін де сақталған.
Көш есімінің этимологиялық параметрі есімдік, ия етістіктік грам-
матикалық белгілердің (септелуі, жіктелу, сөзжасам аффикс, суф-
фикстерін қабылдауы т.б. ерекшеліктерінің) бəрін түгел қабылдай 
бермейді. Мəселен, кейбір түбірдің табиғатын анықтау үшін, сөзжасам 
моделінің заңдылығына сүйеніп, етістік пен есім сөздердің осы 
заңдылықтарын қолдансақ, олардың екі категория екендігі айқындала 


120
түседі. Демек, этимологиялық талдау жасағанда синкретті түбірлердің 
екі қызмет атқарып тұрғанын бірден байқаймыз. Бұл – этимологияның 
дұрыс шешілуінің бір кепілі.
Синкретті түбірлер көбінесе бір буынды сөздерден жасалады. Сан 
жағынан олар басқа түбірлерге қарағанда онша көп емес. Бірақ бір өзі-
нің екі қызметі тең атқаруы арқылы мағынасын екі еселейді.
Синкретикалық түбірлердің біреуі кейде тілде фонетикалық тұл-
ғасын өзгертіп те қолданылады. Мұны біз “жасырын синкретикалық 
түбірлер” деп атадық. Синкретикалық түбірлерді арнайы зерттеген 
Е.З.Қажыбеков оның əр алуан қасиеттерін ашып көрсетеді. Ең басты 
синкретикалық түбірлердің негізгі қасиеттері – қосфункционалдық. Осы 
тұрғыдан ол этимологиялық талдауда өте қажетті қызмет атақарады. 
Түбірдің есім бе, жоқ əлде, етістік пен екенін айырып беру бұл арадағы 
этимологияда – бірінші міндет. Бұл туралы ғылыми-деректіктік дəйекті 
Е.З.Кажибековтің «Глагольно-именная корреляция гомогенных корней в 
тюркских языках» (Алма-Ата, 1986) атты еңбегінен табасыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет