155
қолданылады да əрі түрлі ұғым береді. Мысалы:
су – «ылғал» (ылғал)‚
«дымқыл»‚ «өзен»‚ «көл»‚ «теңіз»‚ «мұхит»‚ «ішетін нəрсе» (сұйық
зат). Бұл тіркестегі су сөзі ауыспалы мағына беру үшін жұмсалған.
Көне түркі тілдерінде ол басқа сөздермен тіркесіп
ар‚ атақ‚ абырой‚
бедел‚ даңқ‚ ырыс‚ құт‚ бақыт‚ байлық сияқты ұғымдарды білдірген.
Ю.Баласағұнидің “Қүт өкелетін білім” деген кітабында:
оларда бірісі
тілер йүз сувы (яғни: олардың біреуі даңқ тілейді). Мүндағы
беттің
суы (
йуз сувы - жүз суы‚ демек беттің суы) деген тіркес
абырой – «даңқ»
деген мағынада жұмсалып тұр.
Беттің суы деген тіркес парсы тілінен енген
абырой деген сөздің
жасалу ретімен қалыптасқан. Онда
аб-су‚ руй (бізше рой) – «бет» деген
сөз:
абыроймен беттің суы - өзара калыса (мағыналық жағынан теңбе-
тең етіп жаңа сөз тудыру) жолымен жасалған тіркестер‚ бірақ олардың о
баста қай тілде жасалғаны белгісіз. Мағыналық (семантикалық) жағынан
да бұл екі тіркес өзара синоним:
беттің суы деген сөздің беретін мəні
абырой деген сөздің мағынасымен бара-бар.
Осы айтылып отырған
су (беттің суы)
сөзінің басқа тіркестердегі
су сөзімен мағыналық та‚ тұлғалық та байланысы жоқ. Мысалы‚
су
жаңа (судай жаңа) т.б.
БЕТІНЕН ОТЫ ШЫҚТЫ Осындағы
от сөзі ошақта жағылатын
отқа байланысты емес‚ ескі қыпшақ ескерткіштерінде (ХІ-ХVШ ғғ.)
қолданылған
от‚ ут яғни
ұят деген сөзбен тамырлас. Сондықтан оны
ұяты бетіне шықты деген тіркеспен сластырамыз.
Бетінен оты шықты
деген тіркес «адамның беті қызарды»‚ «қатты ұялды»
(қатты қысылды)
деген ұғымда жұмсалады. Ұят пен от сөздерінің бір түбірден тарауы да
мүмкін. Ескі түркі тілдерінде бұл сөз
овут болып айтылады. Ол тілдерде
ов‚ ув‚ (үв‚ өв) тіркестері қазіргі қазақ тілінде
ой‚ уй (ой‚ үй) түрінде
келетінін
еске алсақ, ежелгі
овут сөзінің кейде
ұйат (ұят)‚ кейде
от
болып өзгеруі - белгілі фонетикалық заңдылыққа байланысты құбылыс.
ҚАМШЫ орта ғасыр түркі тілдерінде‚ сондай-ақ туыстас тілдерде
(тува‚ тофалар‚ алтай‚ сары ұйғыр‚ хакас т.б.)
қам “бақсы” дегенді
білдіреді. Мысалы, қарайым тілінде
қамшы сөзі “шаман” мағынасында
жұмсалады. Осылайша екі түрлі тұлғада жарыса қолданылатын сөздер
тіл-тілде аз кездеспейді:
диқан - диқаншы‚ мерген - мергенші. Қамшы
сөзі қазақтарда да “бақсы‚ шаман” мағынасында жұмсала келіп‚
екінші зат атауына көшкен. Оған себеп байырғы кезде
қамдар немесе
қамшылар (бақсылар) көбіне шыбыртқы алып ойнайтын болған. Оны
156
қамның немесе
қамшының шыбыртқысы деп атаған. (Ш.Уəлихановтың
айтуынша‚ бағаналы Қойлыбай бақсы өзі бара алмаған жерге қамшы-
сын беріп жібереді екен). Бірте-бірте
қамшы сөзі əрі “бақсы” əрі
“шыбыртқы” мағынасында қолданыла бастаған. Уақыт оза қамшының
бастапқы (бақсы) мағынасының ұмыт бола бастауын парсы тілінен
енген
бақсы сөзі жеделдете түскен. Бұл туралы толығырақ Н.Уəлиевтің
«Қамшы» сөзі қайдан шыққан? (этнолингвистикалық етюд // Қазақстан
əйелдері. 1985, №7) мақаласынан қараңыз.
ҚҰЙ ~
төбеңнен құй қазды ма? Мүндағы
құй сөзінің мағынасы -
“құдық”. Бұл сөз қазіргі татар тілінде сол күйінде сақталып қалған:
кое
суы (құдық суы)‚
энелəн кое қазу (инемен құдық қазу). Осы
құй сөзі
тарихи тұрғыдан алғанда‚ қазіргі қазақ тіліндегі құдық сөзінің түпкі
түбірі құд нұсқасы тұлғамен тектес. Осы құд бір заманда жоғардыа
айтылған құй сөзі сияқты жеке қолданылып‚ “құдық” мағынасында
айтылған. Мысалы‚ орхон-енисей жəне
Қараханид ескерткіштерінде
бұл
құд жəне
құй сөздері “құдық” деген мағынада қатар қолданылған.
Осы түбірлерден жасалған қазіргі
құдық сөзі XІV ғ. жазылған “Хұсырау
уа Шірін” мен “Нахдж ал-Фарадис” ескерткіштерінде
құйық (құйұқ)
формасында, “Мухаббат-Наме” ескерткішінде
құдық (құдуқ) түрінде
қолданылған. Бұлардың бірінің түбірі -
қуй (қуй-уқ)‚ екіншісінің түбірі
-
құд (құд-уқ дегендегі).
Мағыналық ұштастығына‚ мағыналық іліктестігіне қарай осы қос
мағыналы
құй сөзін
құз сөзімен де тектес деп айтуға болады.
Құз сөзі -
“терең‚ тұңғиық шыңырау” деген мағынаны білдіретін тіктік мəні бар сөз.
Жалпы алғанда‚
құй мен
құз сөздеріне ортақ тірек мағына - “қимылдың
төмен қарай тік бағытталуы”.
Бір сөздің көне ескерткіштер тілінде осылайша түрлі дыбыстық
тұлғада айтылуы (
құй~құз~құд) й (
й~з~д)
заңдылығынан тікелей
сабақтасып жатады.
Мұндағы бір айырмашылық: қой сөзінің
қой‚ қоз‚ қод болып
айтылуындағы –
й‚ з‚ д дыбыстары ескерткіштер тіліндегі диалектілік
ерекшеліктердің көрінісі болса‚ қазақ тіліндегі
қой‚ құз‚ құд (құдық)
құрамындағы
й ~ з ~ д дыбыстары сөз тудырушы аффикстер дəреже-
сінде қызмет етеді. Бұлардың бəріне ортақ түпкі (этимологиялық) түбір
-
қо (құ).
БОРСЫҚ сусар тұқымда аң. Түркі тілдеріне ортақ атау. Бүл
атаудың этимологиясы жайында үш түрлі пікір бар: 1) Бірінші вариант:
157
борсық атауы бұл аңға жүнінің түсіне сай берілген (лингвист-ғалымдар
И.М.Шаинский‚ М.Фасмер).
Тува тілінде - бора‚ хакас тілінде -
пора
(сұр); көне түркі тілдерінде; азербайжан‚ түрік‚ ұйғыр -
боз; өзбек -
буз; алтай -
пос деп атайды. Мүның бəрі «сұр»‚ «боз» дегенді білдіреді;
2) Екінші вариант: түрколог ғалымдар А.М.Щербак‚ Г.Рамстедт
бор –
«семіз»‚ «жуан» сөзінен шыққан дейді.
Қырғыз тілінде - борсоггой –
«домалақ»‚ «жуан»; қарақалпақ тілінде -
порсық – «кішкентай»‚ «жуан»;
ноғай тілінде
борсук – «жайбасар»‚ «семіз» деген мағынаны білдіреді. Бұл
қатарға қазақ тіліндегі
бордақылау етістігі мен
борсиған еліктеуіш сөзін
де қосуға болатын сияқты. 3) зерттеуші С.С.Цельникер
борсық атаулы
бор‚ борсы – «сасу»‚ «иістену» етістігінен пайда болған дегенді айтады.
Бұл шындыққа онша жанаспайтын сияқты. Біздіңше‚ белгілі түрколог-
ғалымдар А.М.Щербак пен Г.Рамстедтің пікірі ғылыми негізделген‚
ақылға қонымды пікір.
АЯКӨЗ Аякөз атауы екі сөздің бірігуінен пайда болған. Олар
ая
əлде “ай” жəне “окуз”.
Ая - София ғибадатханасы – «сұлу София» (əлде
əулие София). Ал “окуз” сөзі «өзен»‚ «су» мағынасындағы өте көнеден
келе жатқан су аты. Мəселен‚ Амударияның ертедегі аты -
Окс (окуз‚ өкіз)
‚ оның: үлкен бір саласының аты
Вахш - окс‚ өкіз‚ окуз. Қола дəуірінде
өмір сүрген алакөл мəдениетіне жататын адамдар
Аякөзді осылайша
Аяокуз (сұлу өзен) деп атаған.
Достарыңызбен бөлісу: