154
жəне “ағ” сөздерінің бірігуі (
тум-ағ)‚ яки
тум жəне
іг сөздерінің бірігуі
(
тум-іг) арқылы дүниеге келіп‚ бұл тұлғадағы сөздер (
тумағ немесе
туміг) суықтан пайда болған дерттің атауына айналған.
Сөз соңында-
ғы
ғ‚ г дауыссыз дыбыстарының - “у-ға”-ға айналуы заңды құбылыс.
САУЫСҚАН Қашқари сөздігінде: “Қуш йаувзы
сағызған ...”‚ –
деген мəтел келтірген [33, 52]. Құс атауы оның сақтығына байланысты
берілген. “Сауысқан” - біріккен сөз. Алғашқы бөлігі көне түркілі
сағ
тұлғасы болса‚ келесі бөлігі
қузғун екені аңғарылады. М.Қашқари
сөздігінде
сағ сөзінің “тапқырлық”‚ “сезімталдық” секілді ұғымдарды
білдіретіні де көрсетілген.
Қузғун сөзі көне түрк тілінде “құс”
деген
жалпылама мағынада қолданылған тəрізді: “
Бəрініг ортақ‚ қузғунның
йығач башында” (жоғарыда аталған еңбектің 53‚ 166- беттерін қараңыз).
Сондай-ақ
құзғын сөзінің түбірінде де
құс (қуш) нұсқасы жатқаны
байқалады. Бүл атаудағы
ғын (ғун) көне түрк
тіліндегі хун болуы да
ықтимал. М.Қашқари сөздігінде
хун сөзі “ұнамсыз”‚ “жағымсыз” деген
мағынада айтылады [33, 174].
Көне түрк тілінде у//ғ‚ у//ы//а дыбыстарының сөйкестігі болатын-
дығы белгілі. Сол сияқты “х” дыбысының “ғ”-ға айналуы да күмөн
тудырмайды. Демек‚
сақ+қузғун (
қуш+хун= қузғун = құзғын)
сөзінің
“сауысқан” тұлғасына дейін өзгеруі осы заңдылықтардан сыртқары емес.
ЕНШІ Хакастарда
инчі, ал туваша -
өнчу дыбыстық құрамда
айтылып‚ “ұзатылған қызға берілетін мүлік” ұғымын береді. Бұл ХІІ-
ХІІІ ғасырдағы жазба ескерткіштердің бірінде -
енч қалпында айтылған
сөз - тек “игілік‚ мүлік‚ меншік” іспеттес үш мағынаны иеленген.
Басқа бір жазба ескерткіштің дерегі бойынша
инчү сөзінің мағынасы
“мұрагерлік” дегенге ұқсайды. Түбір құрылымын анықтау
енші сөзін
ен,
ен салу тіркестерімен морфосемантикалық сабақтастықта қарауға негіз
береді. Қараңыз: Қазақ тіліндегі
енші (этнографизм),
енші («бір нəрсе-
ден үлес», «бөлшек» ия «сыбаға»),
ен:
ен салу (
ен – «меншікті, иелікті ия
белгілі бр үлесті таңбалау»).
СҮБЕ БИ “Сүбе би” деген төбе би төңірегіндегі “кеңесші би”
болмақ. Демек‚ монғол‚ якут тілдерінде осы күні де жеке қолданылатын
«үлкен» мағыналы “тойв”‚ “сүбе” сөздері
бір кездерде қазақ тілінде
белсене жұмсалып‚ (қараңыз:
сүбе қабырға, сүбелі т.б.) соңғы дəуір де өз
мағынасынан айрылып‚ жеке айтылудан қалып‚ ұмытылған.
Достарыңызбен бөлісу: