Алматы «Сардар» баспа үйі



Pdf көрінісі
бет78/116
Дата30.11.2022
өлшемі1,52 Mb.
#53997
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   116
БОДАН//БОДАМ бодан сөзін ертедегі “халық‚ ел‚ жұрт” ұғымын 
беретін будун сөзімен байланыстырудың қисыны жоқ. Оны орыстың 
подданный сөзімен тектес қарауға да болар. Дегенмен “Ежелгі түрк 
сөздігінде” мынадай деректер бар:боду–«бекіту»‚ «тіркеу»‚ «қыстыру»; 
бодул–«бекітілу»‚ «байлану»‚ «шырмалу»; бодумалық–«байланып қалу-


151
шылық»‚ «қосылған» [ДТС, 108]. Осы мағына негізінде «бодандық», 
«бодан болу» тіркестерінің де төркінін түсіндіруге болатын сияқты.
КƏРЗЕҢКЕ Орыс тіліндегі корзина сөзі өткен жүзжылдықта бүгін-
гі “себет” мағынасында қолданылмаған тəрізді. Бұған А.С.Пушкиннің 
“Сығандар” (Цыганы) дастанынан мысал келтірейік: 
Ослы в перекидных корзинах
Детей играющих несут” (А.С.Пушкин) 
Жырдағы есекке теңдеп алған корзин-нің кəдімгі қоржын екенін 
көреміз. Демек‚ кəрзеңке - корзинка (корзин-ка - корзинка) сөзінің өзі 
түрк тілдерінен бастау алады екен.
Л.Рүстемов бұл сөздің төркіні араб тілі екенін көрсеткен: ар. 
хордж-ун: «вещевой мешок»: (п. хурджин) –«двойная сумка для бага-
жа‚ перекидываемая через спину вьючного животного‚ переметная 
сумка»‚ - деп жазады [53, 166]. Яғни‚ арабтың хурджун сөзі тілімізге 
парсы тілі (“хурджин”) арқылы қоржын тұлғасында еніп‚ ол орыс тілінің 
“өңдеуінен” өткен соң екінші мүліктің атауы ретінде “кəрзеңке” болып 
қайта оралған. Мұндай мысалдарды “тостаған - стакан - ыстақан”‚ “тауар 
- товар - тауар” т.с.с. сөздердің тарихынан көруге болады. 
ҚҰМЫРА Л.З.Рүстемов бұл сөздің түп-төркіні араб тілінің 
еншісінде жатқанын көрсетеді. “ар хумрө: «большой глиняный сосуд». 
Бірақ түркілер ортағасырларда араб үстемдігіне мойынсұнбай тұрып-
ақ, қолданбалы өнер бұйымдары мен ыдыс-аяқтың алуан түрін дүниеге 
əкелгені мəлім. Соның бірі - құмыра. Бұл ыдысқа олар (əдетте‚ түрк түбір 
сөздері бір буынды болып келеді) өздерінше куб деп ат қойған екен [54, 
158]. Бабалардың ұшқыр қиялынан туған бұл сөз қазір басқа бір ыдыс 
атауына “айналған” сияқты. Бұл түбірді біз күбі (май айыратын ыдыс) 
сөзінен көріп отырмыз. -ше‚ -шек‚ -шін сияқты кішірейткіш жұрнақта-
ры арқылы күб(і)ше‚ күб(і)шек‚ куб(і)шін аталған. Мұндай тұлғалар орыс 
тілінен табылады. Мысалы, орыс тілінде құмыра атауын кувшин сөзі 
ұғындырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет