Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар


Интерфейсті құрудың негізгі принциптері



Pdf көрінісі
бет32/40
Дата01.12.2022
өлшемі1,95 Mb.
#54142
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   40
Байланысты:
А паратты -коммуникациялы технологиялар

 
4.5. Интерфейсті құрудың негізгі принциптері
 
1. Табиғилық (интуитивтілік).
Жүйемен жұмыс істеу, пайдаланушы қойылған тапсыр-
маны шешу үрдістерін басқару үшін қажетті нұсқауды іздеуде қиындық болмауы керек.
2. Қайшылықсыздық.
Егер жүйемен жұмыс жасау үрдісі кезінде пайдаланушы жүйенің
қандай да бір бөлімінің жұмыс жасау тәсілдерін пайдаланса, онда жүйенің басқа бөлімінің
жұмыс жасау тәсілі бірдей болуы қажет.
3. Артық еместік.
Бұл пайдаланушы жұмыс жасау немесе жүйені басқару үшін тек
минималды ақпарат енгізуі керек дегенді білдіреді. Мысалы, пайдаланушы елеусіз цифрларды
енгізбеуі керек (10 орнына 00010). Осыған ұқсас, пайдаланушыдан алдын ала енгізілген немесе
жүйеден автоматты түрде алынатын ақпаратты енгізуді талап етуге болмайды.
4. Көмек жүйесіне тікелей қатынау.
Жұмыс үрдісі кезінде жүйе пайдаланушыны
қажетті нұсқаулықтармен қамтамасыз етуі керек. Көмек жүйесі үш негізгі аспектіге жауап
береді: қамтамасыздандыратын командаларының сапасы мен саны; қателер мен жүйенің не
істеп жатырғаны туралы хабарламалардың сипаты. Қателер туралы хабарламалар пайдалану-
шыға түсінікті және пайдалы болуы керек. Қателер туралы мінсіз хабарлама мына үш сұраққа
жауап беруі керек:
– проблема неден тұрады?
– бұл проблеманы қазір қалай түзету керек?
– проблема қайталанбауы үшін не істеу керек?
Осы сұрақтарға жауапты пайдаланушыларға түсінікті тілде және сыпайы түрде беру
керек.
5.
Икемділік. Жүйе интерфейсі әртүрлі деңгей дайындығындағы пайдаланушыларға
қызмет етуі тиіс. Тәжірибесі аз пайдаланушыларға интерфейс иерархиялық құрылымдалған
мәзірді, ал тәжірибелі пайдаланушыларға командалар, пернелерді басу комбинациялары мен
параметрлер сияқты мүмкіндіктерді ұсынуы керек.
Графикалық пайдаланушы интерфейсінің элементтері.
Графикалық пайдаланушы интерфейсінің негізгі элементтеріне: терезелер, мәзір, таң-
дау барысында іс-әрекет жасайтын, пиктограммалар жиынтығын беретін құрал-сайман тақ-
тасы (tool bar), саймандар жолағы (tool bar), айналдыру жолағы (scroll bar), басқару элементтері
(controls), батырмалар (buttons), соның ішінде командалар батырмасы (command buttons), бап-
тау батырмасы (options buttons), ауыстырып-қосқыштар (радио батырма, radio buttons), мәндер
жиыны (value sets), ажыратқыштар (check box), тізімдер (list box), мәтін зоналары (text box),
спиннерлер немесе крутилка (spinners, little arrow), комбобокс (combo box) енгізу өрісі (edit
text fields), слайдерлер (sliders) және т.б. жатады.
Батырма
деп опцияны таңдауға және оқиғаны шақыруға (мысалы, ішкі программаны
жіберу) мүмкіндік беретін басқару элементін айтамыз. Пайдаланушы мен батырма арасындағы
барлық өзара әрекеттесу батырманы басумен шектеледі.
Командалық батырмалар
– осындай батырма басу кезінде қандай да бір айқын іс-әрекет
орындалады (тура іс-әрекет батырмасы). Батырманы басу барысында қандай іс-әрекет орын-
дайтынын білдіретін, ортасында қысқаша сөзден тұратын тіктөртбұрыш түрінде бейнеленеді.
Командалық батырма үш күйде болады: қалыпты (пайдаланушы іске қоспаған, бірақ қол-
жетімді), басылған (іске қосылған) және қолжетімсіз (іске қосылмаған, батырмаға бекітілген
функцияға қатынау мүмкін болмаса немесе батырма фондық терезеде орналастырылса).
Чекбокстар
және ауыстырып-қосқыштар – кейінге қалдырылған іс-əрекет батырма-
лары, яғни басу кезінде жылдам түрде іс-әрекет орындауды көздемейді. Олардың көмегімен
пайдаланушылар қандай да бір параметрлерді енгізу арқылы өзінің іс-әрекетін басқа басқару
элементтері арқылы қосылған іс-әрекеттен кейін орындай алады. Басты айырмашылықтары


. Коллектив авторов. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»
49
ауыстырып-қосқышта тек бір ғана таңдау жасауға болады, ал чекбокста бірнеше таңдау жаса-
уға болады. Ауыстырып-қосқыш тобында кем дегенде бір батырма үнсіздік бойынша қойылуы
тиіс. Ауыстырып-қосқыш тек күй жинағын бейнелейді және олар ешқашан іс-әрекет орында-
уды көздемейді. Күй жиындары тұрақты болуы тиіс (яғни контекске тәуелсіз). Әрқашан топ-
тарға бірігеді (екіден жетіге дейін батырмалар болғаны дұрыс).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет