Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар



Pdf көрінісі
бет31/40
Дата01.12.2022
өлшемі1,95 Mb.
#54142
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   40
Байланысты:
А паратты -коммуникациялы технологиялар

GUI артықшылықтары.
Командалық тілдер үйренуге көп уақыт жұмсауды және көп күшті талап етеді. Үйрену
кезінде интеллектуалды күшті ғана талап етіп қоймай, сонымен қатар эмоциялық күшті де
керек ететінін айта кету керек. Алғашқы жағымсыз әсер компьютер алдында тиімді пайда-
лану мен үйренуді қиындатып, тұрақты қорқыныш тудыруы мүмкін. Керісінше, графикалық
интерфейс жаңа пайдаланушыға тез арада қолжетімді мүмкіндіктерді байқауға және қалаға-
нын таңдауға септігін тигізеді. Көп жағдайларда нұсқалардың көрнекілігі мүмкіндіктер көп-
тігінен маңызды болып саналады.
Дегенмен кейбір жағдайларда нұсқалардың тым көптігі пайдаланушыны шатастыруы
мүмкін. Адам бір уақытта шекті сан-дағы объектілермен және параметрлермен әрекет жасай
алатынын ұмытпаған жөн, қазіргі кездегі деректер бойынша адам және жылықанды жануар-
лардың бұл саны 6-7 объектілермен шектелген.
Жүйенің базалық мүмкіндіктерін игергеннен кейін де адам қандай да бір операцияларды
орындау командаларын ұмытып қалуы мүмкін, бұл мағынада барлық мүмкіндіктері көз алды-
мызда тұрған графикалық интерфейстер артықшылыққа ие.
GUI интерфейсі шындыққа жанаспайтын, алдын ала анықталған жағдайларда пайдала-
нушы мүмкіндігін шектейді. Жақсы ойластырылған интерфейстер командалық тілдер сияқты
комбинациялық операцияларға икемділік мүмкіндігімен қамтамасыз етеді. Жазу мүмкіндігі
мен тізбектелген әрекеттерді орындау (мысалы, макростар) көптеген жағдайларда командалық
файлдардың орнын алмастыруы мүмкін.
Салыстырмалы жоғары үстемелі шығындар графикалық интерфейспен тығыз байланысы
үлкен зиян емес. Аппараттардың қазіргі кездегі бағасы төмен, себебі ол графикалық жүйені
пайдалану және үйрену қаражатымен орнын толтырады. Сонымен қатар өз алдына жоғары
сапалы графика мен үлкен есептеу қуаты бар: автоматты жобалау жүйесі, полиграфиялық
жұмыстар, синтез және видеодеректерді және т.б. қосымшаларға арналған көптеген заманауи
үстелдік жүйелер пайдаланылады.
Тағы бір маңызды жайт: дұрыс таңдалған түс, әдемі салынған басқару элементтері,
т.с.с ерекшеліктері бар жақсы ойластырылған графикалық интерфейс көзбен қарағандада тар-
тымды болып келеді.
Әртүрлі категориялы пайдаланушы интерфейстері әртүрлі ойлау қабілетіндегі адамдар
үшін дайындалуы мүмкін. Мысалы, командалық интерфейстер логикалық ойлау қабілетіне
ие адамдарға қолайлы болса, ал графикалық интерфейс бейнені ойлау қабілетіне ие адамдар
үшін тиімді. GUI-ге бағытталған Macintosh компьютерлерін негізінен суретшілер, дизайнер-
лер және басқа да «бейнені ойланатын» шығармашылық мамандықтағы адамдардың көптеп
қолданатыны түсінікті.


. Коллектив авторов. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»
47
Командалық интерфейс пайдаланушының мақсаты анық болғанда өте жақсы, әсіресе
тұрақты орындалатын жоспарлы міндеттерді атқару үшін өте маңызды. Графикалық интер-
фейс нақты анықталмаған немесе алгоритмі дұрыс құрылмайтын проблемаларға қолайлы.
Сондықтан жақсы жүйе екі интерфейсті де ұсына білуі керек. Мысалы, Apple фирма-
сының дайындаушылары ұзақ уақыт бойына жүйеге командалық интерпретаторды енгізбеуге
тырысты, бірақ соңында техникалық қолдаушы мамандардың қысымымен AppleScript коман-
далық тілін іске қосуға мәжбүр болды.
WIMP-интерфейстерінің кемшіліктері.
WIMP-интерфейстерінің көрсетілген артықшылықтарымен қатар, олар көптеген пробле-
маларды ала келді.
Біріншіден
, қосымша күрделі болған сайын, оны игеру де соншалықты қиындай түседі
және бұл қиындықтар сызықты емес түрде арта береді. Бөлек алынған интерфейс ерекшелік-
тері мен құралдары қарапайымдау болуы мүмкін, бірақ үлкен көлемде бір қосымшаға
біріктірілсе, олар күрделіліктің жаңа деңгейін қалыптастырады. Көптеген заманауи үстелдік
қосымшалардың көлемділігі сондай, пайдаланушылар олардың функционалдылығына бір рет
үйреніп алса, жаңа нұсқаларынан бас тартып, өздері үйреніп алған ескі нұсқаларды қолдануды
қалайды.
Екіншіден
, пайдаланушылар көптеген уақыттарын қосымшамен жұмыс жасауға емес,
қайта сол интерфейсті үйренуге жұмсайды. Білікті пайдаланушылар өзіндік жұмыстарын
жасау кезінде қабаттардың және шектен тыс интерфейстік элементтердің көптігіне наразылық
білдіріп жатады.
Үшіншіден
, WIMP – GUI интерфейстерінде мәтіндерді өңдеу, құжаттар мен электрон-
дық кестелерді жинақтау сияқты екі өлшемді қосымшалармен жұмыс істеу үшін олардың 2D
интерфейсті элементтерімен бірге жобаланады. Егер де қосымша өзінің мағынасы бойынша
үш өлшемді болса, онда онымен 2D элементтерінің көмегімен басқару табиғи болып санал-
майды. Қазіргі кездегі 3D қосымшалар үшін WIMP-интерфейстері 3D-курсорды басқару үшін,
бақылаушы тұрғысынан манипуляциялау үшін және объектілерді редакциялау үшін пайдала-
нылатын 3D әлемді қоршап тұратын, 2D-батырмалар мен слайдерлері бар басқару панельдері-
нен тұрады. 3D қосымшаның екі өлшемдіге қарағанда көптеген үлкен визуалды күрделілік-
тері болады, ал ол өз алдына WIMP интерфейсімен байланысты проблемаларды одан сайын
күшейтетіні түсінікті.
Төртіншіден
, барлық пайдаланушылар пернетақта мен тінтуірді тиімді пайдалану
қабілетіне ие бола бермейді, себебі бұл құрылғылар пайдаланушы мәселелерінің аясында
күнделікті пайдаланылмайды немесе осы құрылғыларды пайдаланудан туындайтын, яғни
зер сала қарау арқылы үнемі пернетақтаны басуға байланысты пайда болатын физиология-
лық қолайсыздықтар себебінен пайдаланушылар жалыға бастайды. Олар сөйлеу, есту және
жанасу сияқты өзара әрекеттесу каналдарын пайдаланбауы WIMP-интерфейстерінің негізгі
кемшілігі болып табылады. Біз-дің көп санды нейрондарымыз көру мүмкіндігі ең жоғары
өткізу қабілетіне ие ақпараттық канал болуға мүмкіндік беретіндей миымыздың визуальды
қыртысында орналасса да, сөйлеу, есту және жанасусыз физикалық әлеммен қатынау толы-
ққанды болмайды. Aliias/Wavefront фирмасының сарапшысы Билл Бакстон (Bill Buxton) мырза
пернетақта мен тінтуірді қолдануға негізделген WIMP-интерфейстері жалғыз көзі, жалғыз сау-
сағы ғана бар басқа мүшелерінен айырылған жаратылыс жандар үшін жасалған кемелденген
құрал деп айтқан болатын.
WIMP-интерфейстерінің тағы бір шектеулілігі – ол жалғыз басты пайдаланушыларға
арналғандығында.


. Коллектив авторов. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»
48


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет