Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар



Pdf көрінісі
бет33/40
Дата01.12.2022
өлшемі1,95 Mb.
#54142
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   40
Байланысты:
А паратты -коммуникациялы технологиялар

Тізімдер
ауыстырып-қосқыш және чекбоксты жүзеге асырудың нұсқасы болып табы-
лады, ол – ашылатын мәндер тізбегін бейнелейтін (көбінесе тізім бойынша жоғары-төмен
жылжуға арналған слайдерлермен біріктіріледі) және пайдаланушыға тізімнен мән таңдауға
немесе біріктірілген мәтін өрісіне басқа мәнді енгізуге мүмкіндік беретін арнайыландыры-
лған басқару құралдары. Тізімдер – экранда минималды орын алатын, сонымен қатар бойында
үлкен ақпараттық жүктеме орналасқан ыңғайлы және шағын болатын интерфейстің элементі.
Тізімдер парақталатын және ашылатын болып бөлінеді. Парақталатын бір таңдау
жасауды (ауыстырып-қосқышқа ұқсас) және бірнеше таңдау жасауды (чекбокс) қамтамасыз
етеді. Ал ашылатын тек таза ауыстырып-қосқыш түрінде жұмыс істейді. Тізімнің жеке эле-
менттеріне қатынау жылдамдығы мен көрнекілігі ықшамды болуымен (яғни элементтер саны
үлкен болса, экран кеңістігін үнемдейді) және кеңейгіштік болуымен (пайдаланушыға жұмыс
істемейтін элементтерді көрсетпейтіндіктен интерфейсті құрастыру барысында динамикалық
өзгеріп отыратын элементтер тізіміне жүктеулер жасау) ерекшеленеді.
Ашылатын тізім тізімнің ең қарапайым түрі болып табылады. Тізімдердің жалпы құн-
дылықтарынан бөлек, ашылатын тізімнің жалғыз құндылығы бар. Ол тізімнің аз ғана биік-
тігі арқасында құраушылардан жинақталған командаларды қиындықсыз визуалды түрде көр-
сетеді.
Парақталатын тізімі тізімдердің қиындау нұсқасы болып табылады. Парақталатын тізім-
дер пайдаланушыға бір немесе бірнеше таңдау жасауға мүмкіндік береді.
Жалғыз таңдау тізімдері.
Жалғыз ғана таңдау тізімі ауыстырып-қосқыш тобы мен ашы-
латын тізім арасындағы аралық нұсқа болып табылады. Элементтер саны ауыстырып-қосқыш
тобынан кіші, ал ашылатын тізімнен үлкен болып келеді. Сәйкесінше, оны тек экран кеңісті-
гінің «жалқау үнемдеу» жағдайында ғана пайдалану керек.
Бірнеше таңдау тізімдері.
Көптеген программалардың интерфейсінде іске асырылған,
жеткілікті түрде ыңғайлы, ұсынылған жинақтардың ішінен бірнеше нұсқа таңдауға мүмкіндік
береді.
Комбобокстар
. Комбобокс деп енгізу өрісімен тізімнің гидридтарын айтады: пайдала-
нушы бұрын бар элементті таңдай алады немесе өзінің элементін енгізеді. Комбобокстың екі
түрі бар: ашылатын және кеңейтілген.
Енгізу өрісі
. Командалы батырмалармен, чекбокстармен және және ауыстырып-қосқы-
шпен бірге қоса енгізу өрісі кез келген интерфейстің негізі болып табылады.
Слайдерлер
немесе жылжытқыш – ағымдағы күйді көрсететін индикатордан (жылжы-
тқыш) және өзгерілетін параметрдің мүмкін болатын мәндерін көрсететін (мысалы, бейненің
жарықтығы мен кереғарлығы), айналдыру жолағынан тұратын (slider bar) басқару элементі.
Слайдерлер горизонтальды немесе вертикальды болуы мүмкін, ал индикатордың жылжуы
квантталған немесе квантталған емес болуы мүмкін. Егер пайдаланушыға жақсы реттелген
қатардан мән таңдауға мүмкіндік берсек, қатарда мәндер көп болса немесе пайдаланушыға
мәндер қатарын жіберу керек болса, онда жылжытқыштар ауыстырылмайды.
Спиннер
(spinner, little arrow) – пайдаланушыға қандай да бір шамалардың мәндерін
үлкейтуге немесе кішірейтуге мүмкіндік беретін басқару элементі. Спиннер сондай-ақ аса
әмбебап емес, мәтіндік дерек енгіздірілмейтін, бірақ екі пайдалы мүмкіндікке ие енгізу өрісін
қамтуы мүмкін.
Біріншіден
, спиннерге мән енгізу үшін пайдаланушыға міндетті түрде тінтуірді тастап,
қолдарын пернетақтаға бағыттаудың (қарапайым енгізу өрісіне қарағанда) қажеті жоқ. Өйткені


. Коллектив авторов. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»
50
қолды бір орыннан екінші орынға алмастыру салыстырмалы түрде көп уақыт алады. Мәнді
спиннерге пернетақта арқылы енгізу сирек кездеседі, яғни пайдаланушылар спиннерді толы-
қтай дұрыс қабылдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет