Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша



Pdf көрінісі
бет71/161
Дата01.12.2022
өлшемі2,1 Mb.
#54173
түріБағдарламасы
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   161
Байланысты:
Ббк 83. 3 (5 аз) с 94 аза стан Республикасы

оқ ату, қалмақты қуып қашыру т.т. тәрізді бейнелі тіркестер 
– ауыз әдебиеті арқылы қалыптасқандар. Буырқану, бұрсану, 
мұздай темір құрсану немесе қорамсаққа қол салу, қозы жау-
рын оқ алу тәрізді штамптар ауыз әдебиеті нұсқалары мен ав-
торлы әдебиет тілінде астарласа, қабаттаса келіп, бір жағынан, 
XVIII-ХIX ғасырларға дейінгі қазақ әдеби тілінің ғасырлар 
бойғы ауыз әдебиеті дәстүрлерімен ұштасып жататындығын 
көрсетсе, екінші жағынан, біз талдап отырған дәуірдегі қазақ 
әдеби тілінің де нормасын танытады. Дегенмен қосын, байтақ, 
алаш, аламан, бүлу сияқты байырғы сөздердің қолданылу 
жиілігі XVIII ғасырда азайып, олар пассивтене бастағаны 
байқалады. Мысалы, Бұхарда ару, бүлу, байтақ, қосын, дулыға 
сөздері бірер реттен-ақ қолданылған. Оның есесіне кейбір 
сөздер мен тіркестер жиірек жұмсалып, заман шындығын 
көрсетеді. Мысалы, қазақ халқы, үш жүз, Орта жүз, Кіші 
жүз, Тәшкен базар, алғын-шығын, ұлық, егін егу, орақ ору, дін 
мұсылман (Бұхарда), дін пұсырман (Үмбетейде), әкім /кәкім 
сөздерін кездестіре бастаймыз.
Бұрын жиірек қолданылып, көбінесе образ жасауға қаты- 
сатын бірқатар сөздер де пассивтеніп, олардың орнына өзге 
сөздер немесе синонимдері пайданыла бастайды. Мысалы, 
бұрынғы жыраулар «сұлу әйел» дегенді көбінесе ару сөзімен 
білдірсе, енді ақын-жыраулар сұлу сөзін жұмсайды: «Бұлттан 
шыққан ай бетті Айттырса бермес сұлуын» (Ақтамберді), «Төсі 
аршынды сұлуың Сілкіп төсек сала алмас малдан соң» (Бұхар).
Сонымен қатар XVIII ғасырдағы жаугершілік тақырыпты 
жырлаған өлең-толғауларда жалпылықтан нақтылыққа қарай 
ауысу, яғни жорыққа аттану, ел қорғаудың жалпы идеясын 
ғана сөз ету емес, нақтылы жорықтарды (көбінесе Абы-
лай жорықтарын), нақтылы батырларды жырлау басымырақ 
болғандықтан, бұл кездегі поэзия тілінде белгілі жер-су, 
халық, адам аттарын келтіру көзге түсе бастайды. Мысалы, 
Тәтіғараның бір жорықта алдарынан өзен кездесіп, ұйлығып 


160
қалған қолды рухтандыру үшін айтқан өлеңі негізінен суреттеп 
берген бірнеше батырдың аттарынан тұрады:
Қамыстың басы – майда, түбі – сайда,
Жәнібек Шақшақұлы – болат найза.
Алдынан су, артынан жау қысқанда,
Ер жігіттің ерлігі осындайда.
Бөкейді айт Сабыр менен дулаттағы, 
Дербісті, Маңдайды айт қыпшақтағы.
Өзге батыр қайтса да, бір қайтпаған 
Сары менен Баянды айт уақтағы.
Ағашта биікті айтсаң, қарағайды айт,
Жігіттік, ерлікті айтсаң, Бөгембайды айт.
Найзасының ұшына жау мінгізген 
Еменалы керейде, Ер Жабайды айт.
Сол сияқты Үмбетей жырау Бөгембай батырды жоқтаған 
өлеңіңде Баянаула, Қызылтау, Абралы, Шыңғыстау, Қозы- 
маңырақ, Қоймаңырақ, Қара Ертіс, Алтай, Ақшәулі тәрізді 
жер-су аттарын шоғырымен келтіреді. Демек, бұл – қазақ әдеби 
тілінің сөздік құрамының аумағы кеңейе түскенін танытады.
XVIII ғасырдағы қазақ әдеби тілінің лексикасын сөз еткен-
де, ең бір көзге түсетін жайт – бұл кезеңде қазақ әдебиетінде 
жаугершілік тақырыппен қатар, әлеуметтік-қоғамдық және 
күнделікті тұрмыстық тақырыптардың сөз бола бастауына 
қарай, осы салаларға қатысты лексикалық топтардың актив 
қолданылуы. Қазірде көнерген хан, құл, ақ сүйек, бек, қара, 
қарашы, күң, ханым тәрізді сөздер – ХVІІІ ғасыр үшін тура өз 
мағынасында қолданылатын актив элементтер болып келеді. 
Бұлар осы кездегі лексикалық норманы танытады.
Бұхардың шығармашылығы тақырып жағынан едәуір 
кеңейгенімен, күнделікті өмірдің ұсақ, тұрмыстық жақтарына 
бара бермейтін жырау поэзиясы болғандықтан, онда тұрмысқа 
қатысты қарапайым сөздер онша көп емес (бұл жерде біз 
Қ.Өмірәлиевтің «едәуір» деген бағасына қосыла алмаймыз: 
Бұхар толғауларының 1982 жылғы басылымында 1200-дей 
тармақтан тұратын бөлігінде шамамен алғанда 4200 сөз бар 
екен, соның 20 шақтысы ғана тұрмыстық сөздер мен тіркестер 
болса, олар «едәуір» деген мөлшерді көрсетпесе керек).
Тіпті әңгіме бұл жерде тұрмыстық сөздердің санында 


161
да болмас. Гәп – сол сөздер мен тіркестердің жыраулар по-
эзиясында қандай қызметте қолданылғандығында. Олардың 
көпшілігі толғауларда теңеу, метафора сияқты образ үшін 
пайдаланылады. Егер Бұхар жырау көйлек, тон, жең сөздерін 
қолданса, әңгіме олардың өздері туралы емес: бірінде өлім 
туралы («Үшінші тілек тілеңіз Үшкілсіз көйлек кимеске»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет