дейін жетті. Кейде екі үй дәліздер-мен қосылып, біртұтас тұрғылықты кешен
құрылды. Қыста малды асырау үшін төмен шаруашылық құрылыстары
тұрғызылды.
Андроновшылардың әлеуметтік-саяси ұйымы: патша – ел басы; әскери
аристократия - үйдің, рудың, тайпаның басы; абыздар – табыну әдет-ғұрып-
тарын реттеушілер, салт-дәстүрлер мен білімді сақтаушылар; қолөнершілер;
және еркін қауымдастар - бақташылар мен жер жыртушылар. «Патша»
титулы мемлекет басшысы, патшалық билік иесі дегенді білдіреді.
«Патша» титулы Ұлық Ұлыс (Алтын Орда) хандарына тиесілі болған.
Олардан мәскеулік ұлы князьдарға ауысты. «Патша» және «хан» титулдары
тең мағыналы болып табылған, және көбінесе орта ғасырлық
жылнамашылар сол және бір патшалық билік иесін патша деп те, хан деп те
атаған. Қазақ хандарына қатысты «патша», «патшалық» терминдері тіпті
ХҮІІ ғасырдың аяғына дейін орта азия және орыс тарихи құжаттарында
кездеседі. Сонан соң, қазақ мемлекетінің әлсіреуіне және орыс мемлекетінің
протекторатына кіруіне байланысты, қазақ билеушілерінің мәртебесі тек
хандар деп ғана аталды.
Сөйтіп, андронов мәдениетінің тайпалары мәдени біркелкілікті
көрсетеді. Қазақстанның жер қойнауларының полиметалға байлығы осы
территорияда металлургияның әлемдік ошағының пайда болуының басты
себебі болып табылды. Мұнда ол туралы әлеуметтік даму деңгейі, халықтың
артық азық-түлікпен қамтамасыз етілгендігі, құрылымның бар болуы
куәландыратын, дәуірдің барлық әлеуеті мемлекет проекциясының
құрылуына бағытталды. Бұл дәуірде адамның санасы, оның жердегі ұлы
миссиясы нақты анықталады. Сөйтіп, андронов тайпалары алғашқы мәдени
қабатты құрады, оның негізінде кейінгі көшпенділердің мәдениеттері
құрылды.
Достарыңызбен бөлісу: