ІV-бөлім. Мемлекеттер нысандарының эволюциясы
Әр түрлі халықтарда мемлекеттер нысандарының эволюциясы
процесінің өз ерекшеліктері болды, бұл қазақ ұлысына да тән. Еуразия
кеңістігінде, атап айтқанда Қазақстан территориясында да ежелгі
нысандардан бастап, адамзат қоғамы дамуының барлық сатыларын
қадағалауға болады. «Саяси құрылу» процестерінің тамырлары қола дәуіріне
кетеді. Эволюцияның үдемелі сипаты, қазақстандық үшін де, сондай-ақ
Еуразияның бірқатар басқа аймақтары үшін де басты – түркі тілді халықтың
бір типтілігі туралы куәландырады.
Осы
проблематиканың
маңыздыландырылуынан,
қазіргі
тарих
сипаттама-сында «көшпелі мемлекет» термині аса анықталған болды.
Осы себептерге байланысты, тарихнамада бірнеше бағыт пайда болды.
Есептейді: а) басқа мемлекеттерді жаулап алу нәтижесінде құрылған
мемлекет; ә) шығу тегі көшпелі әулеттері бар мемлекет; б) жаулап
алынбаған, бірақ көшпенділер биік дәрежедегі орынды алатын мемлекет.
Ұлы Дала көшпенділерінің мемлекеттік құрылымдарының сипаты көп
жағдайда әлеуметтік-саяси және экономикалық қатынастармен анықталады.
Бұл қатынастарды талдауда экологиялық аспектіні де ескеру керек.
Көшпенді-лердің әлеуметтік-саяси ұйымдасуы төмендегілерді бейнелейді:
ру, арыс, ел. Мұндай белгілеу мазмұнына туыстық және шығу тегі
ортақтығының мәні салынады. Яғни, сараланбаған терминология ашып
түсіндірілуін қажет етеді. Дәстүрлі түрде таксономикалық деңгейлер
қазақтарда (және жалпы номадтарда) келесі түсініктермен белгіленеді:
«аталас-ата баласы», «жеті ата» - «ру», «арыс», «ел». Олардың
айырмашылықтарын анықтау үшін бірінің семантикасын талдайық – «арыс».
Бастапқысында бұл түсінік әйел мен еркек арасындағы одақты, неке одағын
бейнелейтін. Кейіннен ол ерекше, кеңейтілген түсіндірмеге ие болады.
Мемлекет және көшпенділер өркениетінің шегіндегі мемлекеттер ішінде
рулар және т.б. арасында қатынастар байланысқан неке-туыстық байланысқа
ерекше назар аударылады. Көшпенділер қоғамында социумды білдіретін –
«ру», «ел» түсініктеріне де дәл осы ерекшеліктер тән. Деректемелерде
көрсетілгендей, «арыс» түсінігі кеңейтілген түсіндірілуінде бірлік және шығу
тегінің ортақтастығы ретінде қолданылған, мысалы: сақтар Тарғытай
ұрпақтары болып саналған, бірақ түрлі бөлімшелерінің шығу тектері
қаһарман-бірінші ата-бабаның әр түрлі ұлдарымен – Липоксай, Арпоксай
және Қолақсаймен байланыстырылады. Осындай мәліметтер барлық
номадтарға, олардың ішінде қазақтарға да тән. Шығу тегінің ортақтығы
туралы түсінік қоғамдық бірігудің идеологиялық негізделуі болып қызмет
етеді. Туыстық жеке адамның қоғамдағы тұрыларын әлеуметтендіреді, шығу
тегі оларды заңдан-дырады. Шығу тегінің принципі туыстық қатынастардың
құрылым түзеуші ролін тұжырымдайды, яғни аймақтық байланыстарды
анықтау ретінде, туыстық, әлеуметтік қатынастарды бейнелеу баламасы
болып қызмет етеді. Генеалогиялық принциптің сондай-ақ жартылай
функционалдық тағайындалуы, оның құрылым түзеуші принциптерін сақтап,
қайта құрылуға икемділік механизмін иелену қабілеті болады. Сонымен
қатар, генеалогиялар өзге топтардың өздерінің меншікті генеалогиялық
топтарына бірігуін, яғни сіңіп кетун қамтамасыз етеді. Сонымен, көшпенді
социумның құрылымдық принциптері, оның қаңқасы – қозғалмалы, және
нақты болмыс ерекшелігіне сәйкес олардың ауысуы мен өзгеруіне де
бейімделген.
Әлеуметтік ұйымдасудың құрылымдық жоспарларының қызметтері тек
туыстық түсініктерімен және шығу тегінің ортақтығымен ғана емес, сондай-
ақ түрлі процедуралармен шығарылады: экономикалық, саяси, сыртқы орта
және т.б. Меншік туралы мәселені шешуде ғылыми орталарда әлі күнге
дейін бірыңғай пікір шығарылған жоқ. Жалпы жағдайда, көшпелі қоғамда
жерге деген жоғарғы меншік мемлекетке тиесілі болады, бірақ олар иелену
немесе пайдалану құқығымен оның әр түрлі бөлімшелері арасында бөлінеді.
Ұжымдық меншік түрі олардың бөлінуі және пайдаланылуының реттелуімен
және бақылануымен байланысқан. Бұл қызметтердің іске асырылуы
басқарушы тапқа ұсынылатын. Көшпенділердің малға деген жеке меншігі
шартсыз болып табылады, бірақ ол түрлі процедуралармен толықтырылады.
Негізгі қорларға деген әр түрлі ұжымдық меншік түрлерінің бар болуы
көптеген факторлардың бірігіп әрекет етуімен, сонымен қатар бір-бірімен
және сыртқы ортамен әрекет етуімен түсіндіріледі.
Көшпелі қоғамдағы әлеуметтік-саяси жоспар өндірістік процестермен
туындатылмайды, өйткені өндірістік цикл әлеуметтік ұйымның ең төменгі
таптарында қамтамасыз етіледі. Әлеуметтік саяси ұйымның жоғарғы
буындары түрлі факторлардан туындайды немесе олармен байланысты
болады: көшпелі құрылымның өзінің ішінде әрекет ететін; түрлі көшпелі
құрылымдар арасында әрекет ететін; сыртқы әлеммен біріктірілген. Аталған
факторлар саяси біріктірілу деңгейін, биліктің институционалдандырылған
және орталықтан-дырылған дәрежесін анықтайды. Сонымен қатар, шығу
тегінің генеалогиялық принципі құрылым түзеуші ретінде және олардың
ұйымдарының жоғарғы буындарында әрекет етеді.
Көшпелі қоғамдағы әлеуметтік саралау сондай-ақ қоғамдық ұйымдағы
малға деген меншік қатынастармен және басқарушы ұстанымдармен анықта-
лады. Әлеуметтік саралауды күшейтетін келесі көз егіншілік өндірісті
бақылау және меншікке алу болып табылады. Тұрақтандырғыш ретінде әр
қашан сыртқы фактор қызмет ететін. Сыртқы әлеммен экономикалық, саяси
және тіпті әлеуметтік себептер бойынша байланыстар орнатуға ұмытылу
әлеуметтік саралаудың өсуіне және бекітілуіне мүмкіндік туғызатын. Ол,
қажетті жағдайлар жасалғанда, мәртебелік айырмашылықтарды рангтық,
сословиелік және тіпті таптық етіп өзгертетін.
Ұлы Дала номадтығы катализатор ролін атқаратын. Бұл құбылыстар
этникалық айырмашылықтарды әлеуметтікке түрлендіретін суперстраттар
пайда болуына, басқа жағынан – жоғары жоспарлы мемлекет туындауына
мүмкіндік туғызатын. Дәл осы әрекеттестік, оның барысында этникалық
нығаю жүзеге асырылатын процесс болып табылатын. Осындай тәсілмен
түркі тілді этностың қалыптасуына негіз дайындалды. Бүкіл ежелгі және орта
ғасырлық тарих бойында түркі халықтарының ортасында, тек түркі тілді
халықтарға тән маңызды ерекшеліктерді бірте-бірте қалыптастыратын
этникалық мәдени дәстүрлер пайда болып, сабақтасып бекітілді. Қоғамдық
құрылыс, этникалық мәдени туыстық бірлігі және бір әулеттің билігіне
шоғырлану, сонымен қатар саяси ұйымның ұқсастығы жиі жағдайда Ұлы
Далада империялық конфедера-циялар туындатты. Елдің негізін салушылар
және олардың мирасқорлары өздерінің басты мақсаттары «барлық жебе
тартушы халықтарға» (көшпенді-лерге) үстем болу және «жер үйде тұратын
елдерден» (егіншілерден) басым болу деп есептеген. Мұндай мемлекет тек
әскери-әкімшілік принциптерде ұйымдастырылған, орталықтандырылған
империя ретінде өмір сүре алатын еді. Күштердің мұндай теңдестігі алым-
салықтық тәуелділікті немесе саяси бағыну-дың басқа бір түрлерін талап
ететін. Номадтармен құрылған мемлекеттер дәл осы кезеңде империялар
болып қайта құрылатын. Аристократия позициялары барған сайын
бағындырылғандарға қатысты үстем тапқа және өздеріне ұқсас-тарға
қатысты артықшылық сословиеге айналды. Осының нәтижесінде евразия-
лық кеңістік (көшпенділер, егіншілер, қала тұрғындары) біртұтас әлеуметтік-
саяси және экономикалық жүйеге біріктірілді, яғни симбиоз, синтез орын
алады.
Жоғарыда айтылғандардан көрініп тұрғандай, көшпелі қоғамның, оның
мемлекеттік құрылымдарының эволюциясы байқалады. Еуразия даласы
көшпенділерінің төртмыңжылдық тарихы біртұтас үдемелі даму процесі
ретінде қарастырылады. Бұл процесс жан-жақты эволюцияның белгілі
кезеңі, қызмет етудің және дамудың ішкі заңдылықтары орын алатын жүйе
болып табылған. Номадтықтың экономикалық негізін құрайтын көшпелі мал
шаруашылығы өндіріс тәсілдерінің бірі болып табылған (өнеркәсіптік дамуға
дейін), көшудің әр түрлі тәсілдері тек өндіріс формасы ғана болып табылған.
Сонымен, номадтық феноменінің мәні неде? Шаруашылық даму
деңгейінің және шаруашылық түрінің өзінің өзгеше болғандығында. Мұнда
құрылған тип, өндіруші экономиканың аса мамандандырылған түрлерінің
бірі ретінде (симбиоз түрі ретінде: мал шаруашылығы, егін шаруашылығы
және қала шаруашылығы) алдыңғы дәуірлер дәстүрлерінен толық ажырауды
білмеген. Номадтықтың мәнін анықтайтын маңызды ерекшеліктерінің
қатарына төмендегілер жатады:
Номадтық адам тарихының маңызды және ажыратылмас факторы
ретінде неолитикалық революция кезінен (еуразия аймағында) біздің дәуірдің
ХХ ғасырына дейін (атап айтқанда қазіргі Қазақстан аймағында) орын алған;
Бір Құдайға сену (Зороастрашылдық Тәңіршілдікке тепе-тең немесе
Тәңіршілдік Исламға өзгертілген, Зороастрашылдыққа тепе-тең),
үйлесімді діни тұжырымдама номадтар мәдениетіндегі орасан зор
өзгерістермен сипатталады. Адам онда біртұтас Универсумның қозғаушы
күші болады, мұнда ол құдайдың қуатының көмегімен Универсумды
жетілдіру керек;
«Бұзылмайтын бірлік» дүниетанымда анықтаушы роль атқарды;
Этикалық категориялар сапа, өлшем, кеңістік және уақыт ұғымдары
ретінде қолданылды;
Күрделі қоғамдық-саяси ұйымдасу жүйесі ру-тайпалық және әскери-
мемлекеттік қатынастар симбиозының әрекет етуінің нәтижесі болып
табылды. Ерекше сословиелік ұйым – «аристократияның» бөлініп шығуы
осыдан;
Балама болып саналған және көршілес елдердің идеологиялық жүйелеріне
қарсы қойыла алған, дүниетанымның меншікті-пайдаланылған жүйесінің
бар болуы;
Алфавиттік жазудың бар болуы;
Шежіренің алатын орны ерекше, өйткені ол тек көшпелі елдерге ғана тән.
Ол дүниетанымдық, идеологиялық және әлеуметтік-психологиялық
феноменнің маңызды элементі болып табылады;
Жырау поэзиясы – ұтымды құбылыс, дала зиялылығы, бұл өзіндік
көшпелі театр.
Кез келген елдегі сияқты, мәдениет тарихының негізі дәстүр және оның
Достарыңызбен бөлісу: |